Электронды ресурстар: 1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7. Бақылау (тесттер, есептер.) Жағдайлық есептер: Жұқпалы аурулар жататын бөлiмге 30 жастағы М. атты науқас түстi, мынадай шағыммен дене температурасы 38-39ºС ке дейiн көтерiлген, басы ауырып, бұлшық еттерi ауырсынған, тамағы ауырған. Ауру 3 күнге созылады. Бiр апта бұрын көлге шомылып, су жұтып, тұншығып қалған. Объективтi түрде: бетi, көздiң шырышты қабаттары қызарған, брадикардия, гипотания. Бауыр және көк бауыр шамалы ұлғайған. Оң жағында катарлы тонзиллит. Оң жақтағы асты лимфа түйiндерi 5см-ге дейiн ұлғайған, шамалы ауырсынады.
Денсаулық сақтау мекемелерiнiң нәтижесi бойынша осы аумақта жыртқыштар арасында туляремияның эпизонасын бақылауда.
Алдын-ала қойылған диагноз: Туляремияның ангионозды бубонды түрi? Лабораториялық диагностикада қандай тәсiлдердi қолдану керек? Бактериялогиялық әдiс арқылы қоздырғыштың таза дақылын табуға мүмкiндiк болмады. Осыны қалай түсiндiруге болады? 0,1мл. Туляриндi терi астына жiберiп 48 сағаттан соң иньекция салған жерде 10 мм дейiнгi инфильтраттың пайда болғанын байқадық.
Терi аллергиялық сынаманың нәтижесiн қалай бағалауға болады? Қантамшы реакциясында агглютинацияға туляремия диагностикумын қосқанда тез арада оң болып шықты. Ол ненi бiлдiредi? Серодиагностикада тағы басқа қандай реакция жүргiзуге болады? Олардың диагностикасының титрi қандай?
Басы ауырып, 39ºС-пен инфекциялық ауруханаға науқас ауырып түстi. Объективтi түрде: лимфа түйiндерi қатты ұлғайған, ауырсынады.Бұл науқас ауылдық обаға байланысты эпидемиялық зонасынан келген. Алдын-ала клиникалық диагнозы обаның бубонды формасы деп қойылды. Микроскоппен көргенде бубонның құрамынан биполярлы боялған сопақша келген таяқшаларды көрдiк. Уақытында эффективтi түрде эпидемияға қарсы шараларды қолдану үшiн бактериялогиялық келiсiм қажет. Зерттелетiн материал арнайы ыдысқа. Мартеннiң қоректiк агарына егiлдi. Егiлген қоректiк ортаны 25-28ºС бiр тәулiкке қойылды. Микроскоппен агарға қарағанда торлап тоқылған орамалға ұқсаған колониялар, ол сорпада мақта тәрiздi тұнбаның өскенiн байқадық. Идентификациялау үшiн қандай зерттеулер қажет, зерттеу кезiнде қандай тактикалық қате жiберiлген? Лабораториялық /диагностикада серологиялық реакциялар және экспресс-лабораториялық әдiстер қолданылады ма? Обаға қарсы емдеу және профилактика үшiн қандай препараттар қолданылады.
3. Дәрiгерге ауру адам басының ауырғанына, буын мен бұлшық еттерiнiң күнiне бiрнеше рет дiрiлдегiштiкке байланысты шағым жасады. Бауыры-ұлғайған. Ауру ет комбинатында жұмыс iстейдi. қойылған диагноз-Бруцеллез? Клиникалық диагнозда аурудан сарысуымен бiрге Райттың агглютинация реакциясы қойылған, оң нәтиже берген. Серологиялық реакцияның нәтижесiне қарап дұрыс жауап беруге болады ма? Неге бактериологиялық зерттеу барысында бруцеллез аз шығады? Бруцеллез ауруына қандай диагностикалық шаралар қолдануға болады. Емдеу үшiн қандай препараттар қолданылады.