Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Бақылау (тесттер, есептер және т.б)



бет116/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б)
Жағдайлық есептер:
Сізге топырақтың бактериологиялық зерттеу нәтижесінің қортындысын алып келді, микробтың жалпы саны 1 мл – 120, коли-индексі – 4. осы көрсеткіштер бойынша қорытынды жасаңыз, қандай шаралар жүргізу керек?
Оқу бөлмесінде 60 минутқа бетін ашып, агар құйылған екі Петри табақшасы қойылды. Термостатта 37°С инкубирленді. Келесі күні екі табақшада өскен колониялардың саны 200 ден асты. Бұл әдісті қалай атайды? Берілген нәтиже бізге қандай мәлімет береді?
Тесттер:
1. Топырақтың перфрингенс-титрін анықтау үшін қолданатын қоректік ортасы:

  1. Эйкман

  2. Вильсон-Блер

  3. Ет пептонды агар

  4. Сабуро

  5. Эндо

2. Адамға топырақ арқылы жұғатын ауру:

  1. тұмау

  2. гепатит

  3. туберкулез

  4. газды гангрена

  5. дифтерия

3. Топырақта тіпті қысқа мерзімге де сақталмайтын микроорганизмдер:

  1. спора түзбейтін анаэробтар

  2. плазмидалар

  3. вирустар

  4. клеткалық қабырғасы жоқ микрорганизмдер

  5. сәулелі саңырауқұлақтар

4. Тотықтырғыш дезинфекциялық зат:

    1. формалин

    2. ароматты қосылыстар

    3. натрий метаксилаты

    4. ауыр металл тұздары

    5. хлорлы қосылыстар

5. Топырақтың коли-титрін анықтау үшін оның 1 грамын … ортасына тікелей себу жасайды.

  1. Кесслер

  2. Левенштейн-Иенсен

  3. Плоскирев

  4. Борде-Жангу

  5. Леффлер

6. Топырақтың нәжіспен ертеректе ластануын анықтайтын санитарлы-гигиеналық көрсеткіші ретіндегі бактериялар:

  1. цитобактериялар, ішек таякшалары

  2. клостридиум перфрингенс

  3. гемолитикалық стрептококк, алтын түстес стафилококк

  4. ішек таякшасы, энтерококк

  5. цитобактериялар, энтеробактериялар

7. 1 г. топырақтағы немесе 1л. судағы ішек таяқшасының санының аталуы:

  1. жалпы микробтық сан

  2. колифаг

  3. коли-титр

  4. перфрингенс-титр

  5. коли-индекс

8. Топырақтың санитарлық- бактериологиялық жағдайын … бағалайды.

  1. гемолитикалык стрептококпен, алтын түстес стафилококпен

  2. коли-титрмен, алтын түстес стафилококпен

  3. жалпы микроб санымен, коли-титр, коли-индекспен

  4. жалпы микроб санымен, перфрингенс-титрмен

  5. термофильді бактериялармен, коли-индекспен, перфрингенс-титрмен

9. Топырақтың нәжіспен жаңадан ластануын анықтайтын санитарлы-гигиеналық көрсеткіші ретіндегі бактериялар:

    1. клостридиум перфрингенс, энтеробактериялар

    2. клостридиум перфрингенс

    3. клостридиум перфрингенс, цитобактериялар, энтерококтар

    4. ішек таякшалары, энтерококтар

    5. цитобактериялар, ішек таякшалары

10.Топырақтың санитарлы көрсеткіш бактериясын анықтауда қолданылатын қоректік орта:

  1. Леффлер

  2. Эндо

  3. Вильсон-Блер

  4. Плоскирев

  5. Ет пептонды агар

11. Ауаның бактериологиялық зерттеуінде қолданатын қоректік орта:

  1. ЕПС

  2. Қантты сорпа

  3. Эндо ортасы

  4. Мюллер ортасы

  5. Сарыуызды тұзды агар

12. Аспирациялық әдіспен … микробтармен залалдануын тексеруге болады.

  1. бөлме ауасының

  2. топырақтың

  3. ағынды судың

  4. ауыз суының

балалар ойыншықтарының
13. Ауаның микробтық санын анықтауда қолданылатын аппарат:

  1. термостат

  2. кварц лампасы

  3. центрифуга

  4. Кротов аппараты

  5. микроанаэростат

14. Ауадағы микроағзаларды тексеру үшін қолданамыз:

  1. аспирациялық әдіс

  2. кварц лампасы

  3. центрифуга

  4. серологиялық әдіс

  5. микроанаэростат

15. Ауадағы микроағзаларды тексеру үшін қолданамыз:

  1. седимитациялық әдіс

  2. кварц лампасы

  3. центрифуга

  4. серологиялық әдіс

  5. микроанаэростат

16. Ауаның санитарлық-бактериологиялық ластану көрсеткіші:

  1. клостридиум перфрингенс,

  2. энтеробактериялар

  3. Алтын түсті стафилококтар

  4. цитобактериялар,

  5. ішек таякшалары, энтерококтар

17. Шартты- патогенді микроағзаларға жатады:

  1. псевдомонадалар

  2. бордотеллалар

  3. гонококтар

  4. туберкулез микобактериялары

  5. вибриондар

18. Аурухана инфекцияларына жатады:

  1. оба

  2. туляремия

  3. бруцеллез

  4. құтыру

  5. сепсис

19. Ауруханадғы қолданатын бұйымдардың санитарлық-бактериологиялақ ластану көрсеткіші:

  1. клостридиум перфрингенс,

  2. энтеробактериялар

  3. цитобактериялар,

  4. ішек таякшалары,

  5. энтерококтар

20. Микрофлорасы микроорганизмдердің ауада таралуында үлкен маңызы бар адам организмінің мүшесі:

  1. тері қабаты мен бөлінділері

  2. зәр-жыныс жолдарының кілегейлі қабаты

  3. ауыз қуысының кілегейлі қабаты

  4. асқорыту трактісінің кілегейлі қабаты

  5. жоғары тыныс жолының кілегейлі қабаты

29




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет