Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет2/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде экожүйедегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.
2.3 Міндеттері:

  • патогенді және шартты- патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы- генетикалық);

  • табиғатта (макроэкология) микроорганизмдердің таралуы және олардың жұқпалы аурулар тудыруындағы маңызды ролі туралы білім қалыптастыру;

  • жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен. Нормафлора (микроэкология) және оның дисбактериоз дамуына маңызы;

  • заманауи микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістерін емдеу-профилактикалық мекемелер тәжірибесінде қолдануы туралы білім қалыптастыру;

  • кең таралған микробты табиғаты бар аурулардың типті зертханалық диагностика әдістерін, қоршаған орта обьектілерінен микробты анықтау әдістерін үйрету;

  • қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін үйрету;

  • биопрепараттар дайындау үшін микроорганизмдерді қолдану туралы білім беру;

  • аурудың даму механизмдері (ауру патогенезі) және олардың алдын алу жолдары мен емдеу туралы қазіргі заманғы білім қалыптастыру.



2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент
білуі тиісті:

  • пәннің мақсатын, міндеттерін және келешек мамандыққа олардың алатын ролін;

  • микробиология және иммунологияға қарасты экожүйенің қызметін атқару заңдылықтарын: микроб-адам-қоршаған орта;

  • микробты табиғаты бар микроорганизмдердің ролін және олардың микробиологиялық диагностикасын;

  • қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық тестілеу әдістерін және олардың микробиологиялық қауіпсіздік тұрғыдан бағалау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет