Қайырлы күн, құрметті білім алушы!
12.09.20 ж. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері пәнінен өтілетін лекция тақырыбы «Ғылыми методологияның маңызы».
Мамандық: 0111000 – «Негізгі орта білім беру»
Топ: ИИ-17
Пән: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері
Сабақтың тақырыбы: «Ғылыми методологияның маңызы»
Сабақ жоспары:
1.Ғылыми методологияның маңызы
2.Әдіснамалық білімнің деңгейлері
Педагогикалық әдіснама – жалпы әдіснама негізінде құрастырылған педагогикалық білім туралы, білім алу үдерісі мен оны іс-тәжірибеде қолдану туралы ілім.
Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейді. Педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды жүйеге келтіреді.
Педагогикалық әдіснама (В.И.Журавлев) «Педагогикалық шындықты, ақиқатты тану мен қайта құрудың принциптерін, әдістері, нысандары мен рәсімдері туралы ілім». Әдіснаманы бұдан да кең мағынада нақты ғылымдағы танымның ғылыми әдістерінің жиынтығы немесе жалпы алғанда ғылыми әдіс туралы деп түсінеді.
«Әдіснаманың» осындай анықталған қызметтері бойынша, педагогиканың әдіснамасы – зерттеу әдіснамасының, мазмұнының, мақсатының концептуалды баяндалуы. Мұндай баяндамалар арқылы педагогикалық процестер мен құбылыстар туралы обьективті, дәл, жүйелік ақпарат алуға болады.
Әдіснама термині гректің «әдіс жөніндегі ілім» немесе «әдістер теориясы» деген мағынаны білдіреді. Әдіснама –кең мағынасында алдымен дүниетанымдық ұстанымдар, тар мағынасында ғылыми зерттеулердің әдістері жөніндегі ілім.
Әдіснаманың мәнін түсінуде ғалымдар оның негізгі қызметтеріне тоқталады:
Әдіснама – үнемі өзгеріс үстіндегі педагогикалық шынайылықты көрсететін ғылыми білімді алу тәсілдерін, нақты ғылыми-зерттеу мақсатына жету жолдарын анықтайды (Новиков А.М.), құбылысты немесе үрдісті оқу жөніндегі ақпараттарды алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (Данилов М. А., Скат- кин М.Н.). Әдіснама – (әдіс және логос) қызметтің логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, құрылымы жөніндегі ілім (Кеңестік энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама – теориялық және практикалық қызметі ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдары жүйесі жөніндегі ілім (филосифиялық энциклопедия сөздігі).
Әдіснама – қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы; 2) теориялық (танымдық) және тәжірибелік-өзгертушілік әрекетті ұйымдастыру мен құру тәсілдері принциптерінің жүйесі. Әдіснаманың жалпы танымдық іс-әрекет процесін зерттейтін таным теориясынан ерекшелігі – ол шынайы және тәжірибелік тұрғыдан тиімді білімге жету әдістерімен жолдарына баса назар аударады. Егер теория таным процесінің нәтижесі болса, әдіснама осы білімге қол жеткізу мен оны құру тәсілі болып табылады.
Берілген анықтамалар педагогика әдіснамасы бұл зерттеудің әдістерін, мазмұнын, мақсатын мазмұндау тұжырымдамасы де -ген қорытындыға әкеледі (Құдайбергенова К.С.).
Әдіснама нақты ұйымдастыру, тәсілдер жиынтығын құрай -тын әдіс емес, әдіснама зерттелетін нысананың, пәннің нақты анықтамасы арқылы қойылған мәселеге қай қырынан, қай бұрышынан келу керектігін қарастырады.
Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылымилық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В. В. Краевски, В. А. Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.
Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылымынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез – келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайылықты көрсете - тін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралыбілім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмыстарының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі (зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оның бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Чехтың педагог – зерттеушісі Яна Скалкова былай деп тұжырымдайды: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негізі мен құрылымы туралы білім беру жүйесін ұсынады». Мұндай педагогика әдіснамасының ұсынысы толық бола алмайды. Мәнін ашып түсіндіру үшін педагогика әдіснамасының қандай қызмет атқаратынына көп көңіл бөлуіміз керек.
М. А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы мынадай: «Педагогика әдіснамасы дамып келе жатқан қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп отыратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, оның негіздемесі мен құрылымы туралы, білім алудың тәсілдері мен әдістерінің принциптері туралы білімдер жүйесі». В.И. Загвязинский берген анықтама әдіснаманың қазіргі анықтамасына көбірек жуықтайды: «Педагогикалық әдіснама – ғылыми – техникалық зерттеудің бастапқы (басты) ережелер құрылымы, функциялары және әдістері туралы ілім».
Әдіснаманы түсіндірудің әр түрлі нұсқаларын талдай келіп А. М. Новиков былай деп жазды: «Әдіснама дегеніміз іс – әрекетті ұйымдастыру туралы ілім». Мұндай анықтама әдіснаманың пәнін іс – әрекетті ұйымдастыруды заңдастырады.
Іс – әрекетті ұйымдастыру дегеніміз оны логикалық құрылымының нақты белгіленген сипаттамаларымен және оны жүзеге асыру үдерісімен бірге тұтас жүйеге келтіру деген сөз.
Айтылғандарды жинақтай келе, классикаға айналған В. В. Краевскийдің әдіснамаға берген анықтамасымен «әдіснама – педагогикалық теория құрылымы амалдар ұстанымдары және педагогикалық шынайылықты бейнелейтін білімді іздеу тәсілдері, сол секілді қызмет жүйелері бойынша білім алу, бағдарламаларды,логиканы зерттеу жұмыстарының сапасын негіздеу жөніндегі білім жүйесі» қорытындылаймыз.
В.В. Краевский анықтамасында, педагогикалық теория жөніндегі білім жүйесімен қоса, зерттеушінің қызметтер жүйесін айқындайды. Демек, әдіснама ғылыми таным саласы ретінде білімдер жүйесі, ғылыми зерттеу қызметтер жүйесі деген екі бағытта қарастырылады. Яғыни, әдіснамалық зерттеу, әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
2.5 Әдіснамалық білім беру студенттердің оқу үдерісіндегі белсенді өзіндік іс-әрекет етуі үшін қажет құрал және шарт әрі алдағы кәсіби қызметінде жүзеге асыратын әрекеттің мақсаты мен нәтижесі.
Суденттердің оқу мен зерттеу үдерісіндегі саналы оқу әрекетінің шешуші әдістемесі ретінді қарастырылады. Оны игерген студент:
Өз іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін біледі;
Мақсаттарға, шарттарға және пәнгеи бара-бар әдісті таңдауды, модификациялауды, құрылымдауды және құрастыруды біледі;
Оны өзінің зерттеу ісіндегі белгілі мақсаттарға пайдалануға даяарлығы.
Әдіснамалық білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1.Әдіснамалық білім беру элементерін меңгеріп оларды тәжірибеде қолдану қажет.
2.Әдіснамалық білім беру үдерісін студенттердің ғылымды жұмыс құралы ретінде меңгеруімен, дамуымен және қолдануымен тығыз байланыстыру қажет.
3.Студенттерге оқу үдерісіндегі жүйелі әдіснамалық білім беру үшін ғылыми қызметтің негізгі түрлеріне және кәсіби іс-әрекетін одан әрі жетілдіруге бағытталған үнемі артып отыратын талаптар жүйесін дайындау қажет.
Әдіснамалық білім беру мәселелерін шешу үшін:
Студенттердің тарихи-диалектикалық әдістерді меңгеруге қызығушылығын ояату;
Студенттерді әр ғылымға тән жалпы және ерекше әдістерді меңгеруге және өзіндік ғылыми қызметінде оларды сабақтастыра қолдануға үйрету;
Әдіснамалық білім беруді жалпы тәрбие және білім беру үрдісіне бөлмей, шығармашыл тұрғыдан қалыптастырудың кең үдерісіне қосып қарастыру қажет.
Студенттердің белсенділігі мен дербестігін, сол сияақты ғылымға белсенді шығармашылық қатынасын арттыруға қажет басты жағдайлар:
Студенттердің ғылыми-әдіснамалық білімі;
Оқытушы мен студенттердің оқу мен ғылымда сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлесекен қызмет стилін қалыптастыру;
Студенттердің өзіндік оқуы мен ғылыми әрекетіне деген оң ынтасын (мотивациясын) арттыру.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білім құрылымын философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық деңгейлерге жіктейді.
Философиялық деңгей мазмұны әдіснаманың жалпы категориялық құрылысын және танымдық ұстанымдарын құрайды.
Философиялық білім жүйесінің барлығы әдіснамалық қызмет атқарады.
Жалпы ғылыми деңгей барлық ғылыми пәндерге тән теориялық тұжырымдарды біріктіреді.
Нақты ғылыми деңгей арнайы ғылыми пәндерге қатысты пайдалынылатын зерттеу ұстанымдарының, рәсімдерінің, әдістерінің жиынтығы.
Технологиялық деңгейді зерттеу техникасы мен әдістемесі құрайды.
Барлық деңгейлер өзара байланысты белгілі бір жүйеге бағындырылған.
Педагогикалық әдіснаманың жүзеге асыру аймығы:
1. Ғылыми-педагогикалық білімдер жүйесі
педагогиканың пәні, функциясы және міндеттері;
педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі орны;
педагогика пәндерінің жалпы және өзіне тән міндеттері;
педагогиканың терминологиялық жүйесі.
2.Педагогикалық құбылыстың ғылыми үрдісі
зерттеу әдістерін таңдау мәселелері;
зерттеу әдістерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстылығы;
сандық және сапалық сипатының мазмұндық және формалық әдістерінің арақатынасы;
зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейі;
болжаудың әдіснамалық мәселелері.
3.Педагогикалық тәжірибе білімнің жүзеге асыру аймағы ретінде
Тәрбие үрдісінің мәнін, заңдылық, заңдарынзерттеу;
тәрбиенің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын анықтау;
жеке тұлғаны қалыптастыру шарттары (факторлар) зерттеу және салыстыру;
тәрбие үрдісінің қағидаларын, формасын, әдістерін, ұйымдастыру құралдарын жүзеге асыру әдістемесі.
Кез-келген педагогикалық зерттеулерден мынадай әдіснаманың негізгі белгілерін бөліп көрсетуге болады:
- біріншіден, ғылымның даму деңгейін ескеріп, тәжірибе қажеттілігі, ғалымның және ғылыми ұжымның өзекті және шын әлеуметтік мүмкіндіктерін зерттеу мақсатын анықтау;
- екіншіден, зерттеудегі барлық ішкі және сыртқы, даму және өзіндік даму үдерісін зерттеу.
Мысалға, тәрбие – ол қоғам, мектеп, жанұя және бала психологиясы мен бірге дамитын құбылыс; бала – ол өзіндік таным мен дамытуға сай өзгере алатын дамушы жүйе, педагог әрқашанда өзгеретін, дамитын маман, ол өзінің шығармашылыққа қойған мақсаттары арқылы өзгереді;
Достарыңызбен бөлісу: |