Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет206/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

R. burnetti- ұсақ, қозғалыссыз, шар жұмыртқа, таяқша және жіпше тәрізді полиморфты, Романовский және Здородовский тәсілдерімен жақсы боялатын микроорганизмдер.
Жасанды қоректік ортада өспейді. Тауық эмбрионының сары уызында, лабораториялық жануарлар организмінде, тірі тіндерде өсіріледі.
Микробиологиялық диагностикасы. Негізгі зерттеу әдістері серологиялық, яғни арнамалы қарсы денелерді анықтау. Серологиялық әдістің сезімталдығына қарай денелер аурудың 2-3 апталарынан бастап анықталады.Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші, өңдеуші орындарда жұмысшылар вакциналанады. Емдеу үшін этиотропты тетрациклин, левомицетин қолданады.
Хламидилер-Грам теріс қозғалмайтың, ұсақ патогенді бактериялар. Олар эукариоттық жасушалалардың тек цитоплазмасында көбейеді, себебі олар өзіндік энергетикалық қосылыстарда синтездемейді. (АТФ). Хламидилердің антигендік құрылымы күрделі. Оларда туысқа тән термостабильді антиген және термолабильді түрі, арнайы және типоарнайы, табиғаты белоктық антиген бар. Хламидилер адамдардың көзі, зәр шығару және жыныс, тыныс алу жүйелерін зақымдайтың ауру тудырады.
Хламидоздың лабораториялық диагностикасы, емдеу.
Аурудың формасына қарай, зерттелетін материал да әр түрлі: көз коньюктивасынан, бубондардан экссудат, жұтқыншақ мұрнынан жуынды, макрота, қан алады. Лабораториялық диагностикалау алдын-ала микроскоппен көріп, қоздырғышты бөліп алуға және оны идентификациялауға негізделген. Түрдің хламидиге жататындығын КБР көмегімен анықтайды. Сондай-ақ биологиялық әдісі, серодиагностикасы және аллергиялық сынама қолданады. Түрлі хламидмоздарды емдеу үшін антибиотиктер және сульфаниламидтік препараттар қолданады. Жалпы профилактика ветеринарлық- санитарлық шаралар жүргізумен байлаысты.
Микоплазманың биологиялық ерекшеліктері.
Микоплазмалар кең таралған, полиморфты, ұсақ Грам теріс микроорганизмдер , басқа бактериялардан жасуша қабығының болмауымен және жұқа үш қабатты мембранамен қапталуына қарай ерекшеленеді. Олардың мөлшері өте ұқсас (100-450). Морфологиялық тұрғыдан әр түрлі, әдетте қозғалмайды, спора түзбейді.Сұйық (лайланады) және тығыз (қоректік орталарда өседі). Олар галлактозаны, маннозаны, гликоген, крахмалды газсыз қышқыл түзе ферменттейді, протеолитикалық қасиеті жоққа тән. Микоплазмалар адамдардың тыныс алу, зәр шығару мүшелерінде және буындарында түрлі клиникалық көрініс беретін аурулар туғызады.
Микоплазмалар тудыратын уретриттің микробиологиялық диагностикасы, алдын алу және емдеу. Микоплазмалар тудыратын уретритті микробиологиялық диагностикалау бактерологиялық әдіс қолданады. Қоректік ортаның құрамына өгіз жүрегінен (гриптическии) қайнатпасы, пептон, натрий хлориді қосады. Микоплазманың колониялары қуырылған жұмыртқа глазуриніне ұқсас колония түзеді. Микоплазманың дақылын идентификациялауда көмірсуларды ферментациялау, бөліп алған артининді ыдырату және дақылдың өсуін арнайы сарысумен тежеу реакциясын және артининнің метоболизмін осы сарысумен нейтрализациялау реакцияларына қояды. Арнайы профилактика жасалынбаған, емдеу үшін түрлі антибиотиктерді пайдалынады.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет