|
Байланысты: Микробиология-ҚДС-2-курс-казТесттер:
1. Дифтерия қоздырғышының таза дақылын алуда қолданатын орта;
Борде-Жангу ортасы
Клауберг ортасы
Левенштейн-Иенсен ортасы
Эндо ортасы
Сабуро ортасы
2. Ауыр интоксикациямен және көмейдің, трахеяның фибринозды кабынуымен сипатталатын инфекциялык ауру:
микоплазмоз
скарлатина
коклюш
дифтерия
туберкулез
3. Жасушасында валютин дәндері шашырап орналасқан бактериялар:
бордотеллалар
бортонеллелар
коринебактериялар
микобактериялар
микоплазмалар
4. Туберкулез қоздырғышының таза дақылын алуда қолданатын орта;
Плоскирев ортасы
Борде-Жангу ортасы
Левенштейн-Иенсен ортасы
Клауберг ортасы
Сабуро ортасы
5. Сарысулы және калии телуриті бар Клауберг ортасында өсетін грам оң иілген таякшалар туғызатын ауру:
скарлатина
дифтерия
коклюш
туберкулез
микоплазмоз
6.Жүрек бұлшык етіне, бүйрек үсті безіне, бүйрекке, нерв ганглияларына патогенді әсер ететін экзотоксин синтездейтін бактериялар туғызатын ауру;
дифтерия
микоплазмоз
скарлатина
коклюш
туберкулез
8. Қоректік орталарда борпылдақ әжім тәрізді колония түзетін коздырғыштар:
коринебактериялар
бордотеллалар
стрептококтар
микобоктериялар
микоплазмалар
9. Борде-Жангу ортасында өсетін бактериялар:
стрептококтар
бордотеллалар
коринебактериялар
микобоктериялар
микоплазмалар
10. Манту реакциясы аркылы айқындалатын ауру:
туберкулез
дифтерия
актиномикоз
лепра
коклюш
№21
1.Тақырыбы: Сіреспе, ботулизм, алапес қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы. Микроорганизмдердің патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою принциптері.
2. Мақсаты: Газды гангрена, сіреспе, ботулизм аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру.
3. Оқыту мақсаты: Газды гангрена, сіреспе, ботулизм аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Клостридиялардың жалпы сипаттамасы.
Сiреспе қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
Сiреспе қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.
Сiреспе қоздырғыштарының резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.
Сiреспе қоздырғышының патогендiлiк факторлары.
Сiреспенiң патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.
Сiреспенiң микробиологиялық диагностикасы.
Сiреспені емдеу, арнайы алдын алу.
Газды гангренаны тудыратын клостридиялалардың морфологиясы мен дақылдық қасиеттерi.
Газды гангренаны қоздырғыштарының биохимиялық қасиетi мен антигендiк құрылымы.
Газды гангрена қоздырғыштарының патогендiлiк факторлары.
Газды гангренаның патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.
Газды гангренаның лабораториялық диагностикасы.
Газды гангренаны емдеу және алдын- алу.
Ботулизм қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
Ботулизм қоздырғышының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.
Ботулизмнiң резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.
Ботулизм қоздырғышының патогендiк факторлары.
Ботулизмнiң патогенезi, клиникасы және иммунитетi.
Ботулизмнiң микробиологиялық диагностикасы.
Ботулизмдi емдеу және алдын- алу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|