1.Тақырыбы: «Медициналық генетика» тақырыбы бойынша аралық бақылау
2.Мақсаты: «Жалпы және медициналық генетика» тақырыбы бойынша студенттердің білім деңгейін анықтау
3.Тапсырма:
1. Генетика. Пәннің мақсаты мен зерттеу мәселелері.
2. Тұқымқуалаушылық және бегілердің тұқым қуалауы. Белгілердің тұқым қуалау типтері.
3. Тұқым қуалау заңдылықтары: а) Г. Мендель заңдары, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы, б) тіркес тұқым қуалау. Т.Морган заңы, тұқым қуалау материалының рекомбинациясы. Кроссинговер, в) жыныспен тіркес тұқым қуалау
4. Жыныс генетикасы.
5. Хромосома туралы түсінік. Хромосома ұйымдасуының деңгейлері. Кариотип туралы түсінік. Кариотиптің жіктелуі.
6. Генотип және фенотип. Кариотип түзілісіне орта мен тұқым қуалаудың әсері: а) гендердің өзара әрекеттесуі, б) фенотип түзілісіне ортаның әсері. Реакция нормасы, в) генетикалық гомеостаз және денсаулық.
7. тұқым қуалайтын аурулар: жалпы медициналық патологияда пайда болу механизмдерінің орны: а) гендік, б) хромосомалық, в) мультифакторлы.
8. Өзгергіштік. Өзгергіштік түрлері: а) фенотиптік модифифкация және кездейсоқ өзгергіштік, б) генотиптік комбинативтік және мутациялық, в) генеративтік және соматикалық.
9. Жеке даму генетикасы.
10. Онкогенетика.
11. Экогенетика.
12. Популяциялық генетика: а) популяция ұғымының анықтамасы. Адам популяциясының типтері, б) популяцияның экологиялық құрылымы, в) популяцияның генетикалық құрылымы. Генофонд. Панмиксия, г) эволюциялық фактор элементтері: мутациялық процесс, популяциялық толқын, оқшаулану, гендер миграциясы, табиғи сұрыптау. Гендер дрейфі, популяцияның генетикалық тұрақтылығы. Харди-Вайнберг заңы, д) популяцияның генетикалық өзгергіштігі. Популяцияның генетикалық полиморфизмі және генетикалық жүк.
13. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
14. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен зертханалық диагностикалау әдістері.
4. Орындау түрі: семинар, тесттер, карточкалар, ауызша сұрақтар, тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |