Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері:
Ағымдық бақылау тәжірибелік сабақ және оқытушылардың басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) үлгерімі бойынша сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Аралық бақылау 8-15 аптада сабақ кестесі бойынша өткізіліп үлгерімі анықталынады.
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
1
|
Ауызша сұрау, тесттер, карточкалар
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Егер студент тақырыпты үздік біліп, басқа да тақырыптар мен, тараулармен, ұтымды байланыстырып, ешбір қателіксіз жауап берсе қойылады
|
|
|
Өте жақсы
А; (3,77:90-94%)
|
Егер студент тақырыпты үздік біліп, басқа да тақырыптар мен тараулар мен ұтымды байланыстыра білсе, бірақ азды көпті қателікке бой алдырса қойылады
|
|
|
Жақсы
В; (3,33:85-89%)
|
Егер студент тақырыпты жақсы игеріп, айтарлықтай қате жібермей, ал қателіктерін дер кезінде түзетіп, тапсырмаларды дұрыс орындаса қойылады
|
|
|
Жақсы
В; (3,0:80-84% )
|
Егер студент тақырыпты жақсы игеріп, болар болмас қателіктерге бой алдырса, бірақ оқытушы көмегімен түзете алса, тапсырмаларды қиындықпен орындаса қойылады
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+; (2,33:70-74%)
|
Егер студент тақырыпты толық игере алмай, айтарлықтай қателіктерге бой алдырса, бірақ оқытушы көмегімен оларды түзете алса қойылады. Тапсырмалардың тең жартысын ғана дұрыс орындайды.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С; (2,0:65-69%)
|
Егер студент тақырыпты толық игермей, айтарлықтай қателіктерге бой алдырып, оларды түзете алмаса, тапсырмалардың 1/3 бөлігін ғана дұрыс орындаса қойылады
|
|
|
Қанағаттанарлық
С-; (1,67:60-64%)
|
Егер студент тақырыпты шала игеріп, өз бетінше дұрыс жауап бере алмай қиналып, тек оқытушының көмегімен ғана жауап берсе; тапсырмалардың тек 1/3 бөлігін орындаса қойылады
|
|
|
Қанағаттанарлық
сыз
Ғ; (0-1,0;0-50%)
|
Егер студент сабаққа келмесе, не сабаққа мүлдем дайын болмаса, тақырыпты дұрыс игере алмаса, тапсырмаларды орындамаса қойылады
|
Әрбір сабақта білімін бағалау үшін мынадай түрлері қолданылады: тесттер, жағдайлық есептер, кеспе сұрақтары және ауызша сұрау.
Оқу журналына орташа бағасы қойылады.
СӨЖ формалары және олардың орындалу сапасына қойылатын талаптар
Тақырыпты таныстыру (презентация)- жаңадан, енді ғана пайда болған, қалыптасқан, ғылым жетістіктерді, мыс. кітаптарда, оқулықтарда, журналдарда т.б., қоғамдық таныстыру болып табылады. Сол сияқты, техникалық ІТ-құралдарды қолданып, белгілі –бір тақырыпты таныстыру.
Таныстыру (презентация) – компьютерлік анимацияларды, график, видео, ән және дыбыс қатарларын бір жүйеге топтастыратын ерекше оқыту технологиясының бірі болып саналады.
Таныстырудың ерекшеліктерінің бірі-оның интерактивтілігі, яғни компьютерлік құралдардың көмегімен бейнекөріністер мен түрліше араласу мүмкіншіліктерін туғызуы болып табылады.
Таныстыру - әдетте, бірегей стильге сәйкестірілген мәтіннен және оған арналған суреттер, графиктер, кестелер сияқты көріністерден (иллюстрация) тұрады.
Глоссарий –басқа бір тілге аударылған, кеңірек түсініктеме берілген, белгілі бір білім саласының арнайы терминдер сөздігі болып табылады.
Глосс – грек не латын тілдерінен келіп шыққан, белгісіз не ерекше сөздерді түсіндіруді көздейтін термин болып саналады, ал глоссарий – глосс тізбесі.
Глоссарийде -1) терминнің биологиялық мағынасы; 2)терминді пайдалану аясы туралы түсіндірме; 3)терминдерді алфавит бойынша орналастырып жазу; 4) терминнің этимологиясы – шығу тегі туралы деректер, болуы қажет.
Буклет – белгілі бір формада болмайтын, бірақ жалпы сипаттамалы болып келетін, мысалы - көпжолақты (4-рет бүктелетін және тиесілі ақпаратқа ие лифлет) жазба өнімі болып табылады. Буклеттер – 1) А4 не А3 форматтардағы парақтарда жасалынады; 2) суреттер-түрлі-түсті не түссіз болуы мүмкін; 3) фотошоп арқылы салынған; 4) суреттер сауатты және толық бейнеленіп жазылулары қажет.
Реферат – белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердегі ақпараттарды қорытындылап, жазба не ауызша күйінде баяндау болып табылады. Рефераттарда – ғылыми жұмыстардың мазмұны баяндалуы мүмкін.
Доклад – тақырыптың өзекті мәселелерін 3-5 минут аралығында қысқаша баяндау.
Рефераттың өздеріне тән композициясы болады және олар төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1) Кіріспе. Кіріспеде тақырыпты таңдау қажеттілігі, автор туралы деректер, тақырыптың өзектілігі, маңызы көрсетіледі.
2) Рефераттың негізгі бөлігі. Рефераттың мәтіні көрсетіледі.
3) Қорытынды.
4)Алфавит бойынша орналастырылған, қолданылған әдебиеттер тізбесі.
Студент рефератты өз тілімен, түсінікті етіп компьютерде теріп жазуы қажет. Оның көлемі 10 беттен кем емес, ал қолданылған әдебиеттер тізбесі 10-нан аз болмауы тиіс. Студент рефератты өз тілімен, түсінікті етіп компьютерде теріп жазуы қажет. Реферат әдетте «маңызды мағынаға ие», «аса назар аударылады», «келесідегідей қорытынды жасауға болады», «көтеріліп отырған мәселе», «қаралып отырған мәселе» және сол типтегі тіл мақамдарын қолдана отырып стандартты түрде жазылады.
Студент төменде келтірілген СӨЖ формаларының жиынтығының бір нұсқасын пайдаланып, СӨЖ тапсырмаларын орындауы қажет.
№1) реферат + глоссарий.
№2) доклад + глоссарий.
№3) презентация+ глоссарий.
№4) буклет + глоссарий.
СӨЖ тапсырмаларын бағалау – оның әрбір формаларының бағасының қосындысының орташа бағасы болып табылады. Мысалы: нұсқалар 1: орташа балл 3,15, реферат (3,3) + глоссарий (3,0). Жалпы баға 3,3+3,0= 3,15.
СӨЖ-дің бірінші бетінің формасы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
СӨЖ формасы______________________________________________________
СӨЖ тақырыбы_____________________________________________________
Орындаған студент________________________________________________________
Қабылдаған _______________________________________________________________
Шымкент - 201__ ж.
СӨЖ формаларын бағалау критериялары
Р е ф е р а т
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
1
|
Рефератты дайындау және қорғау
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Реферат - 10 әдебиетті пайдаланып өз бетінше, түсінікті етіп жазылған, көлемі-10 беттен кем емес. Суреттер, сызбанұсқалар және кестелермен толықтырылған. Рефератты баяндағанда, студент оқымай, еркін баяндайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
Реферат 10 әдебиетті пайдаланып өз бетінше жазылған, көлемі 10 беттен аз. Суреттер, сызбанұсқалар, кестелер келтірілген. Рефераттың мазмұнын еркін баяндайды, бірақ сұрақтарға дұрыс және толық жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
Реферат 5 әдебиеттерді пайдаланып жазылған, көлемі 5-10 беттей. Суреттері, кестелері толық емес. Реферат мазмұнын еркін баяндай алмайды, көбінесе оның мәтінін оқиды. Сұрақтарға дұрыс және толық жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
Реферат қалай болса солай дайындалған, көлемі 5 беттен аз. Қолданылған әдебиеттер саны аз. Суреттер, кестелер келтірілмеген. Реферат мазмұнын, студент тек мәтінді оқып қана жеткізеді. Сұрақтарға жауап жоқ.
|
Доклад реферат критерилеріне сәйкес бағаланады.
Т а қ ы р ы п т ы т а н ы с т ы р у
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
1
|
Тақырып
ты таныстыру
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Анимацияларды пайдаланып, 30-ға жуық слайдыларды қолданып орындалған. әдебиеттер тізімі оншақты. Өз бетінше еркін баяндап түсіндіреді. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
20 слайдтарды қолданып өз бетінше орындаған. Таныстыру кезінде еркін сөйлеп, дұрыс жауап қайтарады.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
15-20 слайдты пайдаланып орындаған. әдебиеттер тізбесі 5, баяндау кезінде қателіктерге бой алдырады. Сұрақтарға толық дұрыс жауап бере алмайды.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
5-10 слайдтарды пайдаланып, уақтынан кеш орындаған. Слайдтар тақырып мазмұнын толық ашып көрсете алмайды. Таныстыру кесінде өрескел қателіктерге бой алдырады. Сұрақтарға жауап жоқ.
|
Т е с т т а п с ы р м а л а р ы н д а й ы н д а у
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
3.
|
Тест тапсырмаларын дайындау
|
Өте жақсы
А (4,0;95-100%)
А-(3,67;90-94%)
|
Тест тапсырмаларының саны 10-нан астам. Тапсырмалар - нақтылы, мағыналы, ал жауаптар біртектес, дұрыс және қысқа. Дұрыс жауап көрсетілген.
|
|
|
Жақсы
В+ (3,33;85-89%)
В (3,0;80-84%)
В-(2,67;75-79%)
|
Тест тапсырмаларының саны-10. құрастырылуы дұрыс, жауап нұсқалары әртүрлі. Кейбір дұрыс жауаптар көрсетілмеген.
|
|
|
Қанағаттанарлық
С+ (2,33;70-74%)
С (2,0;65-69%)
С- (1,67;60-64%)
Д+(60;50-60%)
|
Тест тапсырмалары саны оннан аз. Құрастырылуы нақтылы емес, жауаптары әртүрлі. Кейбір дұрыс жауаптар көрсетілмеген.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0;0-49%)
|
Тест тапсырмалары саны 5-6, құрастырылуы дұрыс емес, жауаптары әртүрлі берілген. Жалпы тапсырмалар түсініксіз.
|
Г л о с с а р и й
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
4.
|
Глоссарияны дайындау
|
Өте жақсы
Бағаға сәйкес
А (4,0; 95-100%);
А- (3,67; 90-94%)
|
Глоссарий 20 терминнен көп, тақырыпқа сай келеді, сауатты құрастырылған. Терминдер тізбесі алфавит бойынша орналастырылған.
|
|
|
Жақсы
Бағаға сәйкес
В+ (3,33; 85-89%);
В (3,0; 80-84%);
В- (2,67; 75-79%).
|
Глоссарий 15-20 терминді қамтиды, сауатты құрастырылған, тақырыпқа сай келеді, биологиялық мағынасы түсінікті. Терминдер қалай болса солай орналастырылған.
|
|
|
Қанағаттанарлық
Бағаға сәйкес:
С+ (2,33; 70-74%);
С (2,0; 65-69%);
С- (1,67; 60-64%);
D+ (1,0; 50-59%)
|
Глоссарий 15 терминнен аз, тақырыпқа сай келеді, мағынасы дұрыс, бірақ толық емес, қалай болса солай орналасқан.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағаға сәйкес
F ( 0; 0-49%)
|
Глоссарий 10 терминнен кем, тақырыпқа сай емес, мағынасы дұрыс ашылмаған, қалай болса солай орналастырылған.
|
Б у к л е т
№
|
Бақылау формасы
|
Баға
|
Бағалау критериялары
|
5.
|
Буклетті дайындау
|
Өте жақсы
Бағаға сәйкес:
А (4,0; 95-100%);
А- (3,67; 90-94%)
|
Буклет тақырыпқа сәйкес келеді, түрлі түсті суреттер, сызбанұсқа, кестелермен толық қамтылған. Суреттер, кестелер толық және нақтылы бейнеленген.
|
|
|
Жақсы
Бағаға сәйкес:
В+ (3,33; 85-89%);
В (3,0; 80-84%);
В- (2,67; 75-79%).
|
Буклет тақырыпқа сәйкес келеді. Суреттер, кестелер түрлі түсті емес. Суреттер, кестелер толық және нақтылы сипатталмаған.
|
|
|
Қанағаттанарлық
Бағаға сәйкес:
С+ (2,33; 70-74%);
С (2,0; 65-69%);
С- (1,67; 60-64%);
D+ (1,0; 50-54%)
|
Буклет тақырыпқа сай келеді. Суреттер, сызбанұсқалар кестелер түрлі түсті емес және тақырып мазмұнын толық ашпайды. Суреттер, кестелер сипаттауда қателіктер кездеседі.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағаға сәйкес
F ( 0; 0-49%)
|
Буклетте суреттер, кестелер жоқ, тақырып мазмұнын толық ашпайды. Суреттерді, кестелерді сипаттауда қателіктер көптеп кездеседі.
|
СӨЖ тапсырмаларын бағалағанда оның өз мерзімінде орындалып өткізілуі маңызды. Егер көрсетілген кешіктіріліп өткізілсе, қорытынды бағадан 1 балл көлемінде штраф балл алынады. Жоғары 4 деген баллды алу үшін студент тапсырманы толық әрі орындалу талаптарына сәйкес жасап, уақытында тапсыруы тиіс. Егер көрсетілген кешіктіріліп өткізілсе, қорытынды баға 1 баллға кемітіледі.
Әрбір студент 1 кредитке 1 СӨЖ орындауы қажет.
Қорытынды бағалау
Қорытынды бағалау: емтихан (тестілеу).
Емтиханға пән бағдарламасын толық игерген және қорытынды рейтингісін жинаған студенттер жіберіледі (ҚР).
Бағалау саясаты:
Студенттің қорытынды бағасы қорытынды рейтингісімен (ҚР) қорытынды бақылау бағасымен (ҚББ) балдық –рейтинг әріптік жүйе арқылы қойылады.
СҚБ = ҚР + ҚББ
Қорытынды рейтингісі (ҚР) ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың 60% құрайды.
Ағымдық бақылау бағасы (АББ) тәжірибелік сабақ пен СӨЖ+ сабақтарының орташа бағасы алынады.
Аралық бақылау бағасы (АББ) 2 коллоквиумның орташа бағасына тең.
Айып іс – шаралар: себепсіз жіберілген дәріс сабақтарын студенттің қорытынды бағасынан бір лекция үшін 0,66 % алынады
Егер қорытынды рейтингісі (ҚР) 30 балдан төмен болған жағдайда емтиханға жіберілмейді.
Қорытынды бақылау (ҚБ) тестілеу арқылы 40% немесе 40 бал, жалпы бағасы арқылы қойылады.
Студенттерді тестілеу кезінде 50 тест тапсырмалары беріліп, жалпы 40 балдың әрбір дұрыс жауабы үшін 0,8 балын ала алады.
Қорытынды баға 30 балл немесе 30 % не одан жоғары болып, қорытынды бақылау бойынша 20 және одан жоғары % болғанда есептеледі.
Жіберілудің пайыздық рейтингі (ЖПР) келесі жолмен анықталады:
СҚБ х 60 % = ЖПР (максимум 60%, минимум 15%)
4
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің дәріс кешені
Мамандығы: 051103 «Фармация»
Курс: І , семестр 1
Шымкент - 2013 ж.
№1
1.Тақырыбы: Молекулалық биология және медициналық биологияға кіріспе. Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Генетикалық ақпараттың берілу механизмдері және реттелу жолдары
2.Мақсаты: Молекулалық биология және медициналық генетика пәнінің міндеті мен мақсаты, қысқаша даму тарихы,ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру.
3.Дәрістер тезистері: Молекулалық биология-тіршілікті молекулалық деңгейде зертейтін кешенді биология ғылымының маңызды салаcының бірі.
Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері жасушаның ақпараттық макромолекулалары-ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді.
Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және қолданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атақарады. ХХІ ғасырды молекулалық биология ғасыры деп атауда.
Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика-тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері-ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрылыстарын, қызметттерін зерттейді; протеомика-жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім.
Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және басқа да тірі ағзалардың геномдарының құрылысын, қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жақсартуға пайдалану болып табылады.
Ақуыздар - жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі. Оның элементтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин» (protein-бірінші) деп атауды ұсынған Голландия химигі және дәрігері Г.Я.Мульдер (1802-1880) болатын. Ақуыздар маңызды қызметтерді атқарады: құрылымдық (биомембраналар құрамына кіреді); энергетикалық (қуат көзі болып табылады); катализдеуші (ферменттер); сигналдық (гормондар, нейропептидтер); қозғаушы (миозин); өткізгіштік (арналар, сорғыштар); реттеуші (репликация, транскрипция, трансляция факторлары); ДНҚ учаскелерімен байланысып гендердің экспрессиялануын реттейді; ақуыздардың фолдингін қадағалайды.
4. Иллюстрациялы материалдар:
Триофосфатизомераза ферменті мысалында ақуыздың үшінші реттік құрылымының көрінісі
Ақуыздардың құрылымдық деңгейі: 1 - біріншілік, 2 – екіншілік, 3 - үшіншілік, 4 төртіншілік
Достарыңызбен бөлісу: |