VII. Бақылау: сұрақтар Фармацевтикалық өнеркәсіп мекемелеріндегі және дәріхана ғимараттарындағы табиғи және жасанды жарықтану параметрлерін сақтаудың гигиеналық маңызы қандай?
Табиғи жарықтанудың параметрлеріне гигиеналық сипаттама беріңіз.
Табиғи жарықтанудың аса объективті көрсеткішін көрсетіңіз.
Люксметр қалай орналасқан және онымен жұмыс істеу тәртібін көрсетіңіз.
Дәріханалардың табиғи және жасанды жарықтануының гигиеналық нормативтерін атаңыз.
Табиғи және жасанды жарықтанудың есептік әдісін бағалаудың гигиеналық негізі неде?
№6 І. Тақырыбы: Ауада химиялық улы заттардың (газдар, булар) болуын зерттеу әдістерін меңгеру.
ІІ. Мақсаты:
Студенттерге жұмыс аймағындағы ауаны ластайтын зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясының (ШРЕК) негізгі қағидалары туралы білім беру;
Атмосфералық ауа гигиенасы зертханасының зертханалық-техникалық жабдықталуы;
Жұмыс аймағындағы ауаны ластайтын зиянды заттардың бағытталған қауіпсіз деңгейінің әсерін есептеу;
Есептелген мағыналарды салыстыру және олардан жеке заттар үшін аса жақсы дәлелденген бағытталған қауіпсіз деңгейінің әсерін таңдау;
III. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
жұмыс аймағындағы ауаны ластайтын зиянды заттардың болу қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптар;
ШРЕК және БҚӘД түсініктері туралы жалпы түсінік;
Токсикометрия көрсеткіштері бойынша есептеу әдісі;
Заттардың улылық көрсеткіштері;
Фармацевтикалық өнеркәсіптердегі ауа ортасын аса маңызды ластаушылар.
Студент істей білуі тиіс:
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК –ын негіздеу;
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың БҚӘД есептерін жүргізу;
Есептелген мағыналарды салыстыру және олардан жеке заттар үшін аса жақсы дәлелденген бағытталған қауіпсіз деңгейінің әсерін таңдау;
Кезеңді медициналық тексерулердің нәтижесі негізінде денсаулық жағдайына баға беру.