Жұмыс бағдарламасы Пән: Зертханалық диагноcтика Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»


Токсикалық энзимопатия себептеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді



бет45/148
Дата21.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#163596
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Токсикалық энзимопатия себептеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
а) фермент активтілігінің төмендеуіне байланысты;
б) белок биосинтезінің фермент әсерін спецификалық төмендетуіне байланысты;
в) белок биосинтезінің фермент әсерінің бейспецификалық тө­мен­де­туіне байланысты.
Алиментарлы — бұл белгілі бір уақытта берілетін тағамдық ра­ционның құрамдық катынасының бұзылуынан пайда болады. Алиментарлы энзимопатия келесі себептерге тығыз байланысты:
а) тағамдағы витаминдердің тапшылығына (авитаминоз);
б) микроэлементтердің тапшылығына;
в) тағамдағы белоктың тапшылығына (белоктық аштық).
Нейрогуморальдық реттелудің бұзылуынан болатын энзимопатия не­гізінен жасушадағы процесстердің өзгеруіне тікелей жүйке қызметі мен гор­мональдық қызметтің сәйкестігінің бұзылуы және кейбір гормон бөлуші тіндердің қызметінің бұзылуына тікелей байланысты болады.
Токсикалық энзимопатия экология әсерлерінен, кейбір дәрілік пре­параттардың әсерлерінен туындайды. Бұл улы заттардың әсерінен фер­менттің белоктық бөлігінің конформациясын өзгертуі арқылы жүретін процесс. Мысалы, антихолинэстеразалық әсер көрсететін ингибитор мен субстратқа ұқсас құрылысты диизопропилфторфосфатты жатқы­зуға болады.
Сонымен бірге, кейбір антибиотиктер де (актиномицин Д, пуромицин, хлорамфеникол және т.б.) белок синтезінің белгілі бір стадияларын тежейді. Афлотоксиндер де канцерогендік әсер беретін улы зат­тарға жатқызылады.
Энзимологияның қазіргі кезендегі ғылыми жетістіктері көптеген аурулардың дамуы механизмдерін түсінуге ықпал жасайды және прак­тикалық медициналық энзимодиагностика, энзимо-, коэнзимотерапия бөлімдерінің кең қолданылуына жағдай жасады.
Энзимодиагностика. Қазіргі заманғы клиникалық биохимия тіндердің, жасушалардың, биосұйықтықтардың ферменттерінің белсенділігін анықтаудың әртүрлі тәсілдерін кең қолданады. Бұл ағзаның диагностикасы үшін аса маңызды және көптеген аурулардың дамуының механизмі мен дифференциалды диагностикасы үшін ыңғайлы әдіс­терді береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет