Жұмыс бағдарламасы Пән: Зертханалық диагноcтика Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»


Тақырыбы: Белоктар алмасуының бұзылуының клиникалық- зертханалық диагностикасы. Мақсаты



бет28/148
Дата21.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#163596
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Тақырыбы: Белоктар алмасуының бұзылуының клиникалық- зертханалық диагностикасы.
Мақсаты:
Белоктар алмасуының бұзылуының клиникалық-зертханалық диагностикасын үйрену және оны талдау
Жедел фазалық белоктар
Зақымданған орынға қабынулық жауап ретінде қатысушы «Жедел фазалық белоктар» туралы түсінікке 30-ға жуық белоктарды біріктіруге болады. Бұл белоктар әртүрлі қызметтерді атқарады, бірақ бүтін ағзаны және гомеостазды қалыптсатыруға бағытталған. Бұл белоктардың концентрациясы қан сарысуында жедел қабыну немесе зақымдану кезеңінде жоғарылайды. Оның жоғарылауы қабыну медиаторларының әсеріне байланысты болады (кининдердің, биогендік аминдердің, простагландиндердің және пептидтердің).
Бұл белоктардың концентрациясының өзгеру көлемі аурудың ағымына, стадиясына және зақымдану ауқымына байланысты болады. Жедел фазалық белоктарды анықтау спецификалы емес, бірақ оларды анықтау аурудың мониторингісі және емдеудің тиімділігі үшін қажет.
Жедел фазалық белоктар 5 топқа бөлінеді:

Топ

Белок

Қалыпты жағдайдағы қансарысуындағы концентрациясы (г/л)

Басты реактанттар, 6-12 сағат аралығындағы 20-1000 ретке артуы

С-реактивті белок

Қансарысуындағы А амилоидтық белогы (SAA)



< 0.005 (ересек). Кіндік тамыр қансарысуында – 4 мг/л, 1-5 күн аралығында – < 10 мг/л, 5 күннен кейін - < 5 мг/л
0.001-0.03

24 сағат аралығындағы концентрацияның әлсіз 2-5 ретке артуы

α1 – антитрипсин

α1 – антихимотрипсин

α1 – қышқыл гликопротеин (орозомукоид)

гаптоглобин

фибриноген


1.4-3.2

0.3-0.6


0.4-1.3

0.5-3.2


1.8 -3.5

48 сағат аралығындағы концентрацияның аздап (20-60%) артуы

С3 – комплимент компоненті

С4 – комплимент компоненті

Церулоплазмин


0.5-0.9

0.1-0.4

0.2-0.5


Жедел фазаның нейтральді реактанттары, олардың деңгейі қалыпты мәннің шамасында болады

Ig G

IgA


Ig M

Α2 – макроглобулин


8-20


0.9-4.5

0.6-2.5


1.2-3.2

Жедел фазаның негативті реактанттары, 12-48 сағат аралығында деңгейі төмендейді

Альбумин

Преальбумин

Трансферрин

Фибронектин

апоА-липопротеин

ретинолбайланыстырушы белок



37-53

0.25-0.45

2.3-4.3

<0.3

1-2.2


0.03-0.06

Аурудың өткір қабынуы, сепсис кезінде анағұрлым жылдам және сезімтал маркері СРБ болып саналады. Созылмалы қабыну процесстерінің мониторингі үшін анағұрлым жай жауап қайтаратын белоктардың концентрациясының өзгерістерін бақылаған жөн (α1 – қышқыл гликопротеин және α1 – антитрипсин). Бір маркерді пайдалану тәуекелді іс, өйткені әртүрлі ауруларда дисгармониялық жедел фазалық жауап туындауы мүмкін. Бірақта, антипротеаздық белсенділікке ие белоктар үшін (α1 – антитрипсин, α1 – антихимотрипсин, α2 макроглобулин) жедел қабынудың бакстапқы фазасында жылдам жұмсалуына байланысты деңгейінің төмендеуі тән. Сонан соң бұл белоктардың синтезінің артуына байланысты концентрация жоғарылайды. Сепсистік шок немесе жедел панкреатит кезінде протеиназ ингибиторларының деңгейінің төмендеуі болжамның жаман белгісі болып саналады. Гаптоглобиннің, С3 –комплемент компонентінің, фибриногеннің жұмсалуының артуы қабынудан басқа, қосарланған патологиялық процесстің болуын көрсетеді. Жедел фазалық негативтік белоктарды зерттеу, мысалы альбумин, трансферрин сияқты, белоктардың жалпы катаболизмі туралы қосымша хабарламаны алуға көмектеседі.


СРБ молекуласы 5 біркелкі субъбірліктен тұрады. СРБ негізгі қызметі – опсонизация, комплементтің белсенденуіне қатысу, коагуляцияны күшейту.
Қалыпты жағдайда СРБ деңгейін ауыз арқылы контрацептивті қабылдау, темекі шегу арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет