Жұмыс бағдарламасы Пән: Зертханалық диагноcтика Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»


Зәрдегі альбумин құрамының жоғарылауы байқалады



бет38/148
Дата21.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#163596
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Зәрдегі альбумин құрамының жоғарылауы байқалады:
гломерулонефритте (артериальдық қысымы жоғарылауымен жүретін);
нефротикалық синдромда;
пиелонефритте;
бүйрек тамырларының немесе төменгі қуыс тамыры тромбоздары;
диабеттік нефропатияда (қант диабетінің ерте фазасы қалыптасқан кезде);
жүйелік ауруларда (саркоидоз, амилоидоз, коллагеноздар).
Ликворды зерттеу. Ликворда альбумин құрамының қалыпты көрсеткіші -110-350 мг/л.
Жұлын-ми сұйықтығында альбумин құрамының жоғарылауы байқалады:
бактериальдық менингитте;
вирустық менингитте;
туберкулездік менингитте;
энцефалитте;
компрессиондық синдромда;
полирадикулитте.
Қан плазмасында альбуминді анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңыздылығы
Қалыпты жағдайда: 37-53 г/л
Гиперальбуминемия: жедел сусыздану, анаболикалық стероидтарды қабылдау.
Гипоальбуминемия: синтездің төмендеуі (бауыр циррозы, тойып тамақтанбау, мальабсорбция синдромы, анальбуминемия), катаболизмнің артуы (жарақат, инфекция, сепсис, безгек, ісіктер, гипоксия, Кушинг синдромы, гипертиреоз, гиперкортицизм), аномальдық жоғалтулар (шок, қан кету, энтероколиттер, нефротикалық синдром), патологиялық таралулар (операциялық араласулардан кейін, күйік кезінде, токсикозда, асцитте, плевритте).
ГАПТОГЛОБИН
Гаптоглобин – гемоглобинмен байланысатын және оның зәрмен бірге шығып кетпеуінен қорғайтын арнайы белок (өткірфазалық протеин, транспротеин, гликопротеин). Қан эритроциттерінің гемолизінің күшеюі қанда гаптоглобин деңгейінің төмендеуімен бірге жүреді, ал стресстік, қабынулық және некробиотикалық жағдайлар, керісінше, гаптоглобулин құрамының артуына әкеледі (жедел фазалық белоктар сияқты).
Ересек адамдарда қан плазмасында (қансарысуында) жалпы гаптоглобин құрамының қалыпты көрсеткіші 0,3-2,0 г/л құрайды. Жаңатуылғандарда гаптоглобиннің концентрациясы өмірінің алғашқы 5 күнінде артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет