ЖҰмыс бағдарламасы пәнің аталуы: «Әртүрлі аурулар кезінде тағаммен емдеу»



бет1/6
Дата23.08.2017
өлшемі3,92 Mb.
#25710
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

НУТРИЦИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




051101 - «Жалпы медицина» мамандығы үшін

«ӘРТҮРЛІ АУРУЛАР КЕЗІНДЕ ТАҒАММЕН ЕМДЕУ»

элективтік циклы бойынша


оқу-әдістемелік кешені
Курс - 5

Алматы, 2012

Мазмұны
Жұмыс бағдарламасы………………………………………………………………..
Силлабус……………………………………………………………………………..
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар……………………………
Студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының

әдістемелік ұсыныстары…………………………………………………………….


Пән бойынша білім мен дағдыларды бағалау үшін

бақылау-өлшеу құралдары …………………………



«Бекітемін»

Оқу-тәрбиелік жұмыс бойынша проректор,

профессор К.А. Тулебаев

________________________

«____» ___________ 2012 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пәнің аталуы: «Әртүрлі аурулар кезінде тағаммен емдеу»
Курс - 5

Семестр – IX -X
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар 45 сағат
Оқытушымен студенттердің өзіндік жұмысы __45__ сағат
Студенттердің өзбетінше жұмысы (СӨЖ) 45 сағат
Бақылау формасы: Емтихан
Барлығы 135 сағат

Алматы, 2012

1. Жалпы мәліметтер:

Университеттің аталуы: С.Д.Асфендияров атындағы

Қазақ Ұлттық медицина университеті



Кафедра: нутрициология кафедрасы

Пән: «Әртүрлі аурулар кезінде тағаммен емдеу»

Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»

1.4 Оқу сағатының көлемі: 135 сағат (3 кредит)

1.5 Курсы және оқу семестрі: курс- 5, семестр - IX, X
2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Организмнің қажетілігіне сәйкес толық құнды тағамтану, денсаулықты сақтауға және аурулар пайда болу қауіпін төмендетуге қажетті шарт. Семіздік, қант диабеті, жүрек қан-тамыр аурулары, асқазан -ішек жолдарының ауруларының саны халықтың арасында жылдан жылға көбейіп келеді. Сол аурулар кезінде дұрыс ұйымдастырылған емдәммен емдеу, тұрақты компенсация жағдайына жетудің ең маңызды факторы болып табылады.

Жұмыс бағдарламасы тағамтану ғылымының қазіргі кездегі мәліметтермен, ауруларды алдын алу және емдеу саласындағы жетістіктермен толықтырылған.
2.2. Электив циклының мақсаты: нутрициология мәселелері бойынша тағаммен емдеудің әдістерін игерген және әртүрлі аурулар кезінде сараланған емдәммен емдеуді жүргізе алатын жалпы тәжірибеде жүмыс істейтін мамандарды дайындау.
2.3 Пәнді оқыту міндеттері:


  1. Тиімді тамақтандыру және тағаммен емдеу негіздері жөнінде теориялық
    білімдерді игеру;

  2. Ерте жастағы балалардың ауқатқа тәуелді ауруларын тағаммен емдеу негіздері жөнінде теориялық білімдерді игеру;

  3. Жалпы кардиологиялық, пулмонологиялық, гастроэнтсрологиялық, нефрологиялық, эндокринологиялық, кейбір хирургиялық ауруларды және тағамдық аллергияны емдәммен емдеуде берілетін арнайы рациондар жөнінде білім беру;

  4. Мальабсорбция синромында, тағам аллергиясында, зат алмасудың тұқым қуалаушы зат алмасу бұзылыстарында, микронутриеннтер тапшылығында емдәммен емдеудің негіздеу;

  5. Энтералық және парентералдық тағамтанудың принциптерін зерттеу.

  6. Балалар мекемелерінде емдік тағамтану ұйымдастыруды бақылау және мәзір құрастырудың негізгі принциптерін игеру.


2.4 Оқытудың ақырғы нәтижелері:

Әр түрлі ауруларда емдәммен емдеуді жүргізу бойынша білімдерді игеру және пациентке динамикалық бақылауды жүргізу. Әр түрлі инфекциялық емес аурулар кезінде арнайы емдәмдерді құрастыруға қатысты білімдерді игеру.



Білімдерді қалыптастыру:

  1. Тиімді тамақтандыру және тағаммен емдеу негіздері жөнінде теориялық
    білімдерді;

  2. Ерте жастағы балалардың ауқатқа тәуелді ауруларын тағаммен емдеу негіздері жөнінде теориялық білімдерді;

  3. Жалпы кардиологиялық, пулмонологиялық, гастроэнтсрологиялық, нефрологиялық, эндокринологиялық, кейбір хирургиялық ауруларды және тағамдық аллергияны емдәммен емдеуде берілетін арнайы рациондарды;

  4. Мальабсорбция синромында, тағам аллергиясында, зат алмасудың тұқым қуалаушы зат алмасу бұзылыстарында, микронутриеннтер тапшылығында емдәммен емдеуді;

  5. Энтералық және парентералдық тағамтанудың принциптерін.

  6. Балалар мекемелерінде емдік тағамтану ұйымдастыруды бақылау және мәзір құрастырудың негізгі принциптері бойынша.


Дағдыларды игеруге қалыптастыру:

  • Оңеш, асқазан, ұлтабар, ішек ауруларын тағаммен емдеуді. Бауырдың, өт жолдарының, ұйқыбездің ауруларында диететикалық ұсыныстарды беруді;

  • Жүрек-қантамыр ауруларында диететикалық ұсыныстарды беруді;

  • Бүйректің және зәр шығару жолдарының ауруларында диететикалық ұсыныстарды беруді;

  • Заттек алмасу бұзылуында (қантты диабет, семіздік, подагра) диететикалық ұсыныстарды беруді;

  • Тыныс ағзаларының ауруларында диететикалық ұсыныстарды беруді;

  • Хирургиялық ауруларда диететикалық ұсыныстарды беруді;

  • Мальабсорбция синромында, тағам аллергиясында, зат алмасудың тұқым қуалаушы зат алмасу бұзылыстарында, микронутриенттер тапшылығында диететикалық ұсыныстарды беруді;

  • Энтералық және парентералдық тағамтануда диететикалық ұсыныстарды беруді.


Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:

  • Оңеш, асқазан, ұлтабар, ішек ауруларында коммуникативтік компетенцияларды дамыту. Бауырдың, өт жолдарының, ұйқыбездің ауруларында коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Жүрек-қантамыр ауруларында коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Бүйректің және зәр шығару жолдарының ауруларында коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Заттек алмасу бұзылуында (қантты диабет, семіздік, подагра) коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Тыныс ағзаларының ауруларында коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Тағамдық аллергия және тамақ жақпауда коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Хирургиялық ауруларда коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Мальабсорбция синромында, тағам аллергиясында, бұзылыстарында, микронутриенттер тапшылығында коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Энтералық және парентералдық тағамтануда коммуникативтік компетенцияларды дамыту.

  • Ерте жастағы балалардың ауқатқа тәуелді ауруларында коммуникативтік компетенцияларды дамыту.


Денсаулық адвокаты: Ересектер және балалар емдік –профилактикалық мекемелерінде тамақтануды ұйымдастырудың негіздерін және нутрициологиялық қызметтің заңгерлік аспектілерін.

Өз бетінше білімді жетілдіру: СӨЖ тапсырмаларын орындауға, өз бетінше білімді жетілдіру ынталандыру.

2.5 Пререквизиттер:

Патологиялық физиология, жалпы гигиена және экология.


2.6. Постреквизиттер:

Интернатура



2.7 Тақырыптық жоспары:


Барлық сағаты

Тәжірибелік

сабақтар


ОСӨЖ

СӨЖ

Бақылау формасы

135

45

45

45

емтихан





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет