Жұмыс бағдарламасы «Радиациялық экология»


Адам мүшелеріне сәулеленудің физиологиялық әсері. Шекті рұқсат етілген дозалар



бет2/13
Дата20.05.2020
өлшемі226 Kb.
#70032
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
d7eb6701-39fa-11e3-9713-f6d299da70eeУММ ХМ К

Адам мүшелеріне сәулеленудің физиологиялық әсері. Шекті рұқсат етілген дозалар.

Сәулеленудің әсерінен тоғысудың өткізгіштік қызметі бұзылады. Жасуша

жарғақшасының өткізгіштік қасиеті нашарлайды. Сәулеленудің энергиясы жасуша құрамына сіңіріледі немесе жұтылады (физикалық құбылыс). Одан соң физика-химиялық құбылысқа өту нәтижесінде алғашқы құрамдар (заттар) пайда болады. Жасушаның ішкі бөлшектері реакцияға қатысады. Бұл жүйелік және гуморальді реттеу қозғалыстарының басталғанын көрсетеді. Жануарлар, өсімдіктер, шыбын-шіркей, микроағзалар сәулеленгенде нуклеиннің алмасуы бұзылады. Әсіресе радиосезімталдық ұлпалар мен мүшелерде (ішектің сілемейлі қабаты, жілік майы, көкбауыр т.б.) иондықсәулелену ДНК түзуін тежейді. Хромосома жіпшелері үзіледі, жасушаның тіршілігі жойылады және с.с. реттелу қозғалысының бағыты сәулелену әсерінен жарақаттанудың белгілі бірдеңгейіне дейін дамығанын анықтайды. Сәулелену әсері ең алдымен ағзаның жасушасында көптеген реакциялар өтуімен басталады. Жасушаның бөлінуі, ДНК-ң түзілуі шектеледі (жарғақшасы, мембрана). Бұл реакцияның айқын көріністі болуы жасушаның қай сатысына сәулеленудің әсері кез келгеніне байланысты. ДНК-ң түзілуі жасушаның интерфазасына белгілі уақыт ішінде өтеді. Активті түрде жаңарып тұратын ішек түтіктерінің эпитеминінде, жілік майында, теріде циклі 10-48 сағатқа дейін созылады.

Сәулеленудің дозасы алғашқы кезде рентген өлшем бірлігімен, сосын рад.-мен

анықталған, қазір Грей-мен өлшейді. Бірінші дәрежелі сәуле ауруында – 1-2Грей (100-200 рентген). Аурудың білінуі 4 аптадан кейін байқалады. Екінші дәрежелі сәуле ауруында – 2-4Грей (200-400 рентген), ауру 1-2 тәулікте байқалады. Үшінші дәрежелі сәулелену – 4-6Грей (400-600 рентген), ауру 7-10 күнде байқалады. Төртінші дәрежелі сәулелену 6 Грейден жоғары (смертельная доза).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет