3. Анықтама. А мен В дизъюнкциясы деп мәні А мен В тұжырымының екеуі де жалған болғанда мәні жалған, ал қалған жағдайларда ақиқат болатын тұжырымды айтамыз. Дизъюнкция белгісімен белгіленеді. А В; А немесе В – болып оқылады. Сонымен «және», «немесе» логикалық байланыстырушылар арқылы байланысқан тұжырымдар құрама тұжырым дар болады. «Және», «немесе» логикалық байланыстырушылар арқылы жаңа құрама тұжырымдар алуды логикалық операция дейміз. Арифметикалық операцияларда операция және оның нәтижелері әртүрлі аталады: қосылғыш, қосынды,көбейтінді. А логикалық операцияларда операнд пен нәтиже бірдей аталады.Сонымен конъюнкция мен дизъюнкция анықтамасын құрама тұжырымның қайсысына болса да қолдануға болады.
N тұжырымның конъюнкциясы деп түріндегі сөйлем құрамындағы барлық тұжырымдар ақиқат болғанда ғана ақиқат болатын сөйлемді айтамыз.
N тұжырымның дизъюнкциясы деп түріндегі сөйлем құрамындағы барлық тұжырымдар жалған болған сөйлемді айтамыз.
Импликация және эквиваленция
4. Анықтама. Импликация (логика). Екі А мен В тұжырымдарының импликациясы деп А–ақиқат, В жалған болғанда мәні жалған, ал қалған жағдайда ақиқат болатын тұжырымды айтамыз.Операция (Егер… онда) белгімен белгіленеді. А В, А В ( егер А болса, онда В) (А дан В) болып оқылады.Мұнда А–тұжырымының алғы шарты депал В қорытындысы деп аталады.