vi V(G) сыбайлас төбелердің жиыны арқылы да өрнектеуге болады. Ол жиынтықты vi. Төбесінің аймағы деп атайды және О(vi) деп белгілейді. Сонымен
О(vi) = { vj | [vi, vj ] V(G)}.
G диграфын оның әр төбесіне vi V(G) шығунемесе кіру аймақтарын көрсету арқылы да өрнектеуге болады: O-(vi)={vj| (vi, vj)E(G)},
O+(vi)={vj|(vj,vi)E(G)} .
1. Қабырғаларының тізімі бойынша инцидентті матрица құру.
Тізімнің әр жолы сол нөмірмен алынған матрица жолына сәйкес. Н-граф үшін тізім жолында инцидентті матрица жолындағы 1-ге тең элементтердің (төбелердің) нөмірлері көрсетілген.
Орграф үшін бұл жолда бірінші болып матрицаның -1-ге тең элементінің нөмірі, екіншісі болып матрицаның 1-ге тең элементінің нөмірі көрсетіледі. Тізім жолындағы нөмірлер бірдей болған жағдайда, инцидентті матрицаның жолындағы аталған элементке 2 қойылады.
2. Іргелес матрица бойынша, қабырғалар тізімін құру.
i-жол мен j-баған қиылысуында орналасқан матрица элементіне әр қайсысында i,j нөмірлері жазылған қабырғалар тізімінің жолы сәйкес келеді.(=0 болсa бір де бір жол жоқ). н-граф үшін бұл жолдар іргелес матрицаның тек жоғарғы оң жақ үшбұрышындағы элементтерге сәйкес болады,яғни j>і орындалатын элементтер үшін, ал орграф үшін барлық элементтерді қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |