Пән:Инклюзивті білім беру Мамандық: Барлық мамандықтар үшін
Көкшетау
Оқу түрі
Кредит саны
Сағатпен берілгендегі дәріс
Сағ.берілген практ., семин. сабақ
Сағ.берілген ОБСӨЖ/ҚОТ
Сағ.берілген СӨЖ
Барлығы сағ.
Қорытынды бақылау
күндізгі
2
15
15
30
30
90
емтихан
Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология», «Білім берудегі менеджмент» , «Оқушылардың даму физиологиясы», «Арнайы педагогика».
Постреквизиттер: «Кәсіби бағдарланған шетел тілі» және т.б
Түсінік хат Гуманизацияның қоғамдағы қажетті шарты-инклюзивті білім беру болып табылады.
Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағыттылған әдіснаманы дамытуға ұмтылады.Білім беруде түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыратын үйрету мен сабақ беру тәсілінің ұтымдысын өңдеп шығаруға инклюзивті білім беру бар күшін салуда.Егер оқыту тиімдірек болса,онда ол бүкіл балаларға оңтайлы жағдайлар туындар еді.
Қазақстанда инклюзивті білім берудің алғашқы қадамдарын жасалып жатыр. Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту 2011-2020 жылдардағы ҚР Мемлекеттік білім беру бағдарламасының басым бағытының бірі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген.
Олай болса,инклюзия –кез келген тұлғалардың білім беру ұйымдарында білім алуын қамтамасыз ететін,бүкіл оқушылардың баламалы мақсаттары қойылған оқу үрдісін қалыптастыратын,әр оқушыны қолдауға,мейлінше әлеуетін ашуға арналған түрлі кедергілерді жоюға бағытталған үрдіс.