ЖҰмыс бағдарламасы (силлабус) Семей 2015



Дата08.09.2017
өлшемі232,33 Kb.
#31192
түріЖұмыс бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18.21.1.72/01.2015



ПОӘК

«Биометрия» пәнінен студентке арналған жұмыс жоспары



Басылым № ___



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В080700 «Орман ресурстары және орманшылық»

мамандығына арналған

«БИОМЕТРИЯ» ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

(силлабус)


Семей

2015

Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы _____ «___» 20__ж Мухаметжанова Орынгул Токтабековна,
аға оқытушы, кафедра «Агротехнология және орман ресурстары»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Кафедрасының мәжілісінде «Агротехнология және орман ресурстары»
Хаттама № « » 2015ж

күні

Кафедра меңгерушісі ______ Джаманова Г.И

2.2 Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама № « » 2015ж



күні

Төраға Джаманова Г.И



күні аты-жөні
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № « » 2015ж

күні
Төраға Искакова Г.К.

күні аты-жөні

4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН



Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


  1. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

  2. Пәннің форматы

  3. Пәннің саясаты

  4. Баға қою саясаты

  5. Әдебиет



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер



Мухаметжанова Орынгул Токтабековна, аға оқытушы

Оқытушының аты–жөні: ғылыми дәрежесі, атағы
Кафедра: «Агротехнология және орман ресурстары»

Байланыс ақпараты: 53-19-70 (институт, жұмыс),

Сабақ өткізу орыны: № 5 корпус, аудитория № 120

Пәннің аты «Орман ресурстарын күзету әдістемесі»

Кредит саны: 3(үш)
1.2 Пән қысқаша мазмұны:

«Биометрия» пәні 3 семестрде оқытылады, пәннің оқытылатын мерзімі 15 жұма, жалпы көлемі – 135 сағат. Курс емтиханмен аяқталады.

1.3 Пәнді оқу мақсаты:

«Биометрия» пәнінің мақсаты мен міндеті студенттерді ғылыми тәжірибелік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу әдістеріне, негізгі статистикалық көрсеткіштерді анықтау және оларды талдауға оқу болып табылады. Қазіргі уақытта биометрия тәсілдерінің оқу, ғылыми –зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік істерде маңызы артуда. Жыл сайын ғылыми зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік істерде маңызы артуда. Жыл сайын ғылыми зерттеу қызметтерінен алынған сандық көрсеткіштер дұрыстығын яғни шешімдер мен практикалық ұсыныстарда бағалау ғылыми жұмыс әдістерімен тығыз байланыста болуда.

Бұл бағдарламаны дайындау барысында басқа алдын ала өтетін орыны шаруашылық профилдік пәндермен:


  • Жоғары математика;

  • Информатикамен тығыз байланысы ескерілген. Шектес пәндер ретінде «Биометрия» үшін келесі пәндер болып есептеледі: орман питомниктері, орман екпелері, орман мелиорациясы, орман таксациясы, орман селекциясы, орманшылық, сонымен қатар дипломдық жұмысы барысында.

«Биометрия» курсын оқып игеру барысында студент:

Білуі керек:

-орман обьектілері биометриялық сипаттамасының негізгі класы ретінде кездейсоқ бірліктерді зерттеудің негізгі әдістемелік бағыттарымен танысу:

- орман тәжірибе және орманшылық жұмысын бақылау, тәжірибелер жоспарлау мен орындау, ұйымының басты тәсілдерін меңгеру;

- тарату анализі мен кездейсоқ бірлік қарым –қатынасын қоса есептегенде жүйе негізінде статистикалық моделдердің қарапайым тәсілдерін оқу;

- тәжірибелер өткізуді үйрену, сандық ақпараттар алу немесе өңдеу.

Істей алу керек:


  • Арнаулы пәндердің нақты бір есептерін шешуде статистикалық тәсілдерді қолдануды:

  • Қарапайым статистикалық модельдерді талдауды, олардың бара-барлығымен дәлдігін бағалауды;

  • Алынған нәтижелерді өндіріс және ғылыми зерттеу жағдайларын қолдануды білуі тиіс.

Қазіргі оқу бағдарламасы сандық мәліметтерді электорнды есеп машинасында статистикалық талдау жүргізуді қарастырады.

Студенттер қажетті сандық мәліметтерді зерттеу жұмыстары өткізілген кейін алады, содан соң тапсырманы орындайды.


2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

Кесте 1




Тақырып атауы

Сағат саны

Д

ТС

БОӨЖ

БӨЖ

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

6

7

1 – модуль Статистикалық өңдеу

1

Кіріспе. Биометрия ғылымы. Статистикалық жиынтықты бақылау. Статистикалық талдау мәліметтерін бақылау және жинап өңдеу. Биометрияның теориялық дамуы және оның басқа пәндермен қатынасы. Биометрияның орман шаруашылығында қолданылуы.
Сандық мәліметтерді жинау, бақылау журналы, алғашқы мәліметтер алу, өлшеу дәлдігі, бақылау саны, көпшілік мақұлдаған шартты белгі үлкен және кіші талғау.

1

1








7.1.1. – 4 – 34 беттер;

7.1.2. –5 – 43 беттер;

7.1.3 –9 – 49 беттер.


2

Варияциялық қатарлар. Варияция типтері. Статистикалық бақылау материалдарының топталуы. Варияциялық қатар. Варияциялық қатардың қалыптасуы. Варияциялық қатардың графикалық бейнеленуі-гистограмма, полигон жилігі, медиана.
Варияциялық қатарлар құру. Вариация ауқымы. Сынып аралық шамасы. Шартты ауытқуы, варианттардың үлестіру жилігі.варианттарды тасымалдау.

2

1


5




7.1.1. –43– 64 беттер;

7.1.2. –45 – 53 беттер;

7.2.1 –49 – 69 беттер.


3
Сандардың орналасуы. Орташа арифметикалық, моменттерді есептеу. Статистикалық материалдарды есептеу, моменттер негізінде сандардың бөлінуі. Варияциялық спаттамалар; жалпы тербелу құлашы, арфиметикалық орташа дисперсия, варияциялық коэффициент. Сандардың қисық сипаттамасы; ассиметрия мен эксцесса көрсеткіштері.

Варияциялық кестелер құру. Варианттардың жалпы қосындылар вариантттар квадраттты қосындысы. «Жаңа» варияциялық кестелер құру Шарлье формуласы.



2

1


1,5




7.1.1. –64–70 беттер;

7.1.2. –55 – 63 беттер;

7.2.3 –9 – 49 беттер.


4

Таңдау бақылаулар биометриясын талдау. Таңдау бақылау талдаудың мақсаттары. Бөліну заңдылығы. Кездейсоқ варианттар. Мүмкіндік. Биноминалды және нормаларды бөліну. Таңдау статистикалық сипаттамалары-параметрлерді бағалау. Талдау шамалардың қателігі.
Бастапқы моменттің бірінші және екінші дәрежелерін есептеу. Шарттты арифметикалық орташа. Арифметикалық орташаны шығару.

2

1





22,5

7.1.1. –71–80 беттер;

7.1.2. –63 –86 беттер;

7.2.3 –49 –59 беттер.


5

Корреляциялық талдау. Корреляция туралы түсінік. Корелляциялық талдаудың негізгі мәселелері. Корреляциялық статистикалық сипаттамалары: корреляциялық қатынас, қисық сызықты өлшем. Есептелген сипаттамалардың үлкен және кіші талғаулары. Корреляция талдауының биометриясы. Талдау сипаттамалары қателіктері және параметрлік бағалар- Фишер ұсынған қателіктер.
Арифметикалық орташаның ауытқуы. Арифметикалық орташа қателігі. Варияция коэффициенті. Вариациялық коэффиценті бойынша құбылмалылығы. Өзгеоіс шкаласы /С.А. Мамаев/

2

1





22,5

7.1.1. –98-101 беттер;

7.1.2. –105 –115 беттер;

7.1.3 –120 –140 беттер.


6

Регрессиялық талдау. Регрессиялық талдау мәні. Регрессия коэффицентін анықтау. Теңдеулер қателіктерін анықтау. Регрессиялық теңдеулерді жалпы талдаудың принциптері.

Тәжірибе дәлдігі. Арифметикалық орташаның талдау дұрыстығы критериясы. Дұрыстық критериясының кестелік мағынасы. Критери «норма» /Г.Ф. Лакин/



2

1

15




7.1.1. –102-108 беттер;

7.1.2. –165 –180 беттер;

7.2.5 –120 –140 беттер.


7
Дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдауының негізгі көрсеткіштері. Ең кіші маңызды айырмашылық мөлшерінің мәні. Бір факторлық және көп факторлық дисперсиялық талдау.

Критерияның әдеттегі бөлінуі. Эмпиристік бөліну есептері; эксцесия коэффиценті. Үшінші қатаврдағы алғашқы момент. Екінші және үшінші қатардағы орталық моменттер. Есептелген сандарды кестедегі сандармен салыстыру.



2

1







7.1.1. –108-112 беттер;

7.1.2. –181 –190 беттер;

7.2.5 –140 –180 беттер.


8

Есептеу техникасы. Есептеу техникасының орман шаруашылығында негізгі қолдану бағыттары. Компьютердегі статистикалық бірліктерді есептеудің, корреляциялық және дисперциялық талдауларын компьютер арқылы жүргізу.
Статистикалық орналасуды графика ретінде сызу. Полигон жилік Гистограмма. Мода. Медиана.

2

1


1




7.1.1. –112-114 беттер;

7.2.1. –220 –236 беттер;



7.1.3 –185–290 беттер.

9

Орташа белгілер айырмашылығын бағалау. Трансгрессия айырмашылық қателігі. Кіші таңдамалар шешімі. Кіші таңдамаларды шешу әдістері.




1










10

Корреляция теориясының негізгі элементтері. Корреляция туралы түсінік. Корреляциялық тәуелділіктің типтері және ерекшеліктері корреляциялық кестелер.




1










11

Бақылау сандары аз болғанда корреляция коэффицентін есептеу. Корреляцияны сызба ретінде көрсету. Көпше корреляциясы.




1










12

Бақылау сандары көп болғанда корреляция коэффициентін есептеу. Корреляциялық тор құрастыру. Коррелециялық байланыс. Корелеяциялық коэффицентінің қателігі.




1










13

Регрессиялық талдау. Регрессиялық теңдеулер. Регрессия коэффициентін анықтау. Регрессия коэффицентінің қателігі.




1










14

Дисперциялық талдау. Бір факторлық және екі факторлық талдау.




1










15

Статистикалық бірліктерді есептеудің, корреляциялық және дисперсиялық талдауларын компьютерлік бағдарламалары арқылы жүргізу.




1










Барлығы

15

30

22,5

67,5

135



  1. БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

БӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ

2.1 Сандық мәліметтерін жинау, бақылаужұрналын толтыру. Таңдамаларды құрастыру.

2.2 Корреляциялық қатарларын құрастыру (класс аралығының мөлшері, корреляциялық бақылау мәліметтерін топтау).

2.3 Арфиметикалық орташасы, орта өлшемі. Орташа квадраттық ауытқу. Арифметикалық орташасының қатесі, сенімді шекаралар. Тәжірибе дәлдігі. Т-стьюдент критерийі. Г.Ф Лакин “ норма”критериі. Орташалардың арасындағы айырмашылығын бағалау.

2.4 Бастапқы дәреженің үшінші моментін есептеу. Ассиметрия коэффиценті эксцесс өлшемі. Әдет үлестірудің критериясы.

БОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ

2.5 Варияция қатарының графикалық бейнелеуі, жилік полигоны, диаграмма. Медина және мода, олардың маңызы мен арифметикалық критериясымен байланысы.

2.6 Корреляция туралы түсінік, оның негізгі мақсаты.

2.7 Үлкен таңдама бойынша корреляция коэффицентін және оның көрсеткіштерін есептеу.

2.8 Кіші таңдама бойынша корреляция көрсеткіштерін есептеу.

2.9 Дисперсиялық талдау. Фишер критериясы. Ең кіші маңызды айырмашылық.бір факторлық және көп факторлық дисперсиялық талдау. Кіші маңызды айырмашылық.

2.10 Фактордың әсер етуші күшінің көрсеткіші. Кең нәсіл ету коэффициенті.




  1. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша кеңестер:

Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір білім алушы міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек, және олардың орындалуын қатаң бақылау керек. Бұл үшін кафедрада бақылаудың әртүрлі формасы бар.

Әрбір пән бойынша өздік жұмысының сағат санын анықтау, оқу тапсырмаларын регламенттеу нақтылыққа, анықттыққа әкеледі, басқа сабақтардың есебінен БӨЖ- дің көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Бұл қорытынды білім алушылардың пікірімен нақтыланады.

Пәнді оқу барысында сұрақтардың бір бөлігін білім алушы өздігінен оқу керектігін білуі қажет.



Біздің кеңес: өз уақытыныздың шығынын талдау керек. Өз уақытынды есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.

б) Білім алушы іс-әрекеті, немесе пәнді оқудың сценарий



  1. Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәннің өткен материалдарын және басқа пәндерді байланыстыру.

  2. Тақырыпқа байланысты сабақты өткізудің түрлері мен әдістері анықталады. Пәннің көптеген сұрақтарын нақты мысалдардан және зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады.

  3. Теориялық курс зертханалық- тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі.

Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.

Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пән аралық байланыс білім алушылардың ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ой кеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды тәжірибеде қолданудын белсенділігін жоғарылатады.

Пән аралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады, оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыстар туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына, жоспарына кіргізу керек.

в) Оқу- әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар.

ПОӘК енгізілген оқу- әдістемелік материалдаы дамыған ғылымның жетілдірілген деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық мазмұның қарастыру керек, білім алушылардың оқу материалын терең меңгеру үшін және оны тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық тәсілдер қолдану керек.

Кредиттік оқу жүйесінде БӨЖ- нің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал бұл өз кезегінде білім алушының жұмысын өзгертеді, оның іс- әрекетіне талап жоғарылайды.



г) Әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар.

Оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін, қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Білім алушы оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез- келген уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес.

Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс ітеудің негізгі мақсаты келесідей болып бекітіледі: үлкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.

д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер.

Жазғы және қысқы сессия – ең қиын жұмыс кезеңдері.

Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс істеу нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен материалдарды еске түсіруге тура келеді. Сессия уақытында материалдарды тек қайталап, бір жүйеге келтіріп және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады.

Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және толық орындалған зертхана-тәжірибелік, семинар сабақтарынан бастау керек. Бұл Сіздің табысыныздың негізі.

Есте сақтаңыздар- түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Уақытты жоспарлау кезінде, қандай емтихан сізге қиын болады және қайсысына уақыт қорын көп қолдану керек екенін ескеру керек.

Өзіндік дайындық үшін кафедра берген бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек.

Семестрдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз сізге сенімділік туғызады және білімінізге сай бағаны аласыз.


  1. ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)

Аудиториялық сабақтар курсты оқу бойынша методикалық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде зерттелген тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және қорытындысы көрсетілуі керек. БОӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді. Аудиториялық толық өңделген бақылау жұмысы түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде орындалады.

Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер білім алушы белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.

Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалды бекіту үшін және міндетті түрде орындау үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыпытың соңында тапсырылуы керек.

Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған білім алушы аудиториядан шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп келуге болмайды, сабаққа кешіккен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі тиіс.

Сабаққа дайындық: Білім алушылар сабаққа дайындалу барысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің компьютерлерін қолдана алады. Кітапханада белгіленген ережелер бойынша оқулықтарды, мерзімдікк басылымдарды оқуға, үйге алуға болады.

Өздік жұмыстар: Дәрісханадан тыс уақытта студенттер БОӨЖ және БӨЖ дайындап, белгіленген мерзімде оқытушыға өткізеді. БОӨЖ және БӨЖ тапсырмалары 6-пунктте белгіленген. БОӨЖ және БӨЖ 4 форматтағы таза ақ беттерге орындалады.

Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын студент міндетті түрде орындап, белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс.

Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап, аудиториядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.

Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы білім алушының сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.

Емтихан: қорытындысы бойынша бағалық баллдар қойылады. Емтиханда сіздің дәрістік жазбаларынызды және кітаптарды пайдалануға болмайды. Емтихан тест түрінде өтеді.

Оқу процесіне белсенді қатысу керек, барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек, ұжымдық жұмыстарға қатысу керек. Пунктуальды, сабырлы болу керек.




  1. ПӘН САЯСАТЫ

Біз бірігіп жұмыс жасау барысында төмендегідей ережелерді ұстануымыз қажет:



  • оқытушы мен білім алушы бір біріне түсіністікпен қарауы тиіс;

  • оқу процесіне белсенді қатысу керек;

  • барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек;

  • сабақтан себепсіз қалмау;

  • сабақтан қалған уақыт электронды журналға тіркелісімен баға автоматты түрде төмендейді;

  • білімді бағалау балдық - рейтингілік жүйемен бағаланады;




  1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

«Биометрия» пән бойынша балдардың реттелуі

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескерту

1

2

3

4




1 аптадан 7 аптаға дейінгі сабаққа қатысу

30




1

БТЖ

10




2

БТЖ

10




2

БӨЖ

10




3

БТЖ

10




3

БОӨЖ

20




4

БТЖ

10




4

БӨЖ

25




5

БТЖ

10




5

БОӨЖ

25




6

БТЖ

10







БӨЖ

25




7

БТЖ

15




7

1 аралық бақылау

90




1 аптадан 7 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл

300







8 аптадан 15 аптаға дейінгі сабаққа қатысу

30




8

БТЖ

10




9

БТЖ

10




10

БТЖ

10




10

БӨЖ

20




11

БТЖ

10




11

БОӨЖ

20




12

БТЖ

10




12

БӨЖ

20




13

БТЖ

10




13

БӨЖ

25




14

БТЖ

10




14

БӨЖ

20




15

БТЖ

5




15

2 аралық бақылау

90




8 аптадан 15 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл

300




Емтихан үшін қорытынды балл

400




Академиялық кезең үшін қорытынды балл

1000





7 ӘДЕБИЕТ

Негізгі әдебиет:


      1. Аубакиров Х.Ә. А91. Биометрия: Оқулық./-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-408 бет

      2. Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы: Оқулық./- Семей: 2010 ж. 465 бет.

      3. Лесоведение и лесоводство: Учебник для студентов вузов. – М.: Издательский центр. «Академия», 2005, 256 стр.

      4. Ормантану және орманшылық: ЖОО студенттеріне арналған оқулық.-М.: Баспа орталығы. «Академия», 2005, 256 бет.


Қосымша әдебиет:

      1. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 2006.

      2. Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. А., 2012.

      3. Гроздов Б.В. Дендрология. М., Лесная промышленность, 2012 и последующие издания.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет