Курстың мақсаты: қазіргі өркениеттің қалыптасып, дамуындағы басты рөлді ғылым атқарды. Ғылым мәдениеттің ең жоғарғы құндылығы болып жарияланды.Философия адам рухының іздену жемісі ретінде пайда болды да, дүниетанымдық пән ретінде дамыды.Адамзаттың интеллектуалдық тәжірибесін меңгеру, өткен дәуірлердің ғылыми ойлау мәдениетімен танысу, дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру, ғылымның методологиялық құралнамасын игеру - «Ғылым тарихы және философиясы» курсын оқудың негізгі мақсаты осы.
Курстың міндеттері:
Магистрант ғылыми және философиялық ойдың тарихын, оның іргетастық негіздерін және ұғымдық аппаратын білу керек.
- үлгілердің қалыптасуы және ойлау стильдері тұрғысынан ғылымның шығуы туралы түсінігі болуы қажет;
- эволюцияның түйінді тұстарындағы ғылымның ерекшелік келбеті туралы түсінігі болуы қажет;
-ғылымның құрылымы мен методологиясын түсінуі қажет;
-ғылыми зерттеу проблемалары туралы түсінігі болуы қажет;
-философияның қазіргі концептуалдық бейнесі мен ғылым метологиясын білуі қажет;
«Ғылым тарихы және философиясы» пәнін оқу негізінде магистрант магистратураның негізгі міндеттерінің бірі түлекті докторлық бағдарламаны игеруге дайындау болып табылады.Сондықтан ол таңдаған мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды және оның методологиясын білуі қажет.