Жұмыс бағдарламасы Силлабус (Sillabus) студенттерге арналған оқу бағдарламасы



бет18/18
Дата07.02.2022
өлшемі126,79 Kb.
#84625
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ғылым философиясы мен тарихы УМКД 2020 (3)

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Семинар

20

20

20

20

20

20







20

20

20

20

20

20




МӨЖ

20

20

20

20

20

20







20

20

20

20

20

20




Аралық
бақылау



















70






















70



- аралық бағалау № 1 (1-7 апта) – жазбаша.
Тесттік тапсырма 1 – 7 апта оқу материалдары негізінде құрастырылған (дәріс, семинар, МӨЖ).
Бірінші аралық бақылаудың бағасының цифрлық эквиваленті 7 аптада 1-7 апта аралығында жинақталған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебі негізінде шығарылады.


- аралық бағалау № 2 (8-15 апта) – жазбаша.
Тесттік тапсырма 8 – 15 апта оқу материалдары негізінде құрастырылған (дәріс, семинар, МӨЖ).
Екінші аралық бақылаудың бағасының цифрлық эквиваленті 15 аптада 8-15 апта аралығында жинақталған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебі негізінде шығарылады.


- қорытынды бақылау. Емтихан (ауызша)
Қорытынды баға: аралық және қорытынды бақылаулардың нәтижесі сынақ кітапшасына әріптік және пайыздық белгімен қойылады. Оқу үлгерімінің ең жоғарғы көрсеткіші 100%
Қорытынды баға төмендегі формула арқылы есептелінеді
ИО=×0,6+Э×0,4
Мұндағы:
Р1 – бірінші аралық бақылаудың бағасының цифрлық эквиваленті 7 аптада 1-7 апта үшінде жинақталған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебі негізінде шығарылады;
Р2 - екінші аралық бақылаудың бағасының цифрлық эквиваленті 15 аптада 8-15 апта ішінде жинақталған барлық бағалардың арифметикалық есебі негізінде шығарылады;
Е - емтихандық бағаның цифрлық эквиваленті.
Қорытынды әріптік баға және балл жүйесі бойынша цифрлық эквиваленті
Ағымдық аралық бақылау Қорытынды бақылау Жалпы рейтингтік балл Әріп жүйесімен бағалау Балдың сандық эквиваленті Дәстүрлі жүйемен бағалау


Ағымдағы аралық бақылау

қорытынды бақылау



Жалпы рейтингтік балл

әріптік жүйе бойынша баға

Цифрлық баламасы

дәстүрлі жүйе бойынша баға

95-100

95-100

95-100

А

4.0

Өте жақсы

90-94

90-94

90-94

А-

3.67

85-89

85-89

85-89

В+

3.33

Жақсы

80-84

80-84

80-84

В

3.0

75-79

75-79

75-79

В-

2.67

70-74

70-74

70-74

С+

2.33

Қанағаттанарлық

65-69

65-69

65-69

С

2.0

60-64

60-64

60-64

С-

1.67

55-59

55-59

55-59

D+

1.33

50-54

50-54

50-54

D

1.0

0-49

0-49

0-49

F

0

Қанағаттанарлықсыз



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

  1. С.Мырзалы «Ғылым философиясы мен тарихы »,Алматы. – Бастау. 2017ж.

  2. Т.Х. Ғабитов «Ғылым философиясы мен тарихы », ,Алматы. – қазақ университеті. 2014ж.

  3. с

  4. Бурова И.И. Карибаева А.Г., Кириллова Г.Р. "Введение в философию и методологию науки" (учебное пособие).- Алматы, 2014 ж.

  5. Генезис категориального аппарата науки.- Алматы, Наука, 2014ж.

  6. Диалектическая логика. Форма и методы познания.- Алматы: Наука, 2014–Т.

  7. Изотов М.З. Социально-культурные детерминанты интеграций современной науки.- Алматы: Контакт, 2013 ж.

  1. Қасабек А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы. Алматы 1996 ж.

  2. Қасабек А., Алтаев Ж., Ғабитов Т.Х. Философия және мәдениеттану. Алматы 1998 ж.

  3. Қасабек А., Алтаев Ж. Философия тарихы. Алматы 2000 ж.

  4. Ғабитов Т.Х. ж.б. Философия. Алматы 2002 ж.

  5. Нысанбаев А.Н., Сүлейменов Ф. М. Между мифом и разумом Алматы: Қазақстан, 1991 ж.

  6. Нысанбаев А.Н., Косиченко А.Г., Қадыржанов Р.К. "Философский анализ науки в контексте социокультурной трансформации общества.- Алматы 1995 ж.

  7. Нысанбаев А.Н., Курбанов Р.О. Социологические и этические проблемы современной науки.- Алматы: Ғылым, 1988 ж.

  8. Рахматуллин К.Х. Научная картина мира как высшая форма интеграции знания. // философско-методологические науки.- Алматы: Наука, 1986 ж..

  9. Философия и методология науки.- (для аспирантов и магистрантов) / Под.ред. К.Х. Рахматуллина и др. Алматы: Қазақ университеті, 1999 ж.

  10. А.Л. Никифоров. Философия науки: история и методология.- М: Дом интеллектуальной книги, 1993г

  11. Томмас Кун. Структура научных революций.- М. Изд. АСТ, 2001 г.

  12. Койре А. Очерки истории философской мысли. О влиянии философских концепий на развитие научных теорий.- М: 1985 г.

  13. Традиции и революции в развитии науки.- М: Наука, 1991 г.

  14. Философия и методология науки. Учебник для вузов. (Колл.Авторов) / Под ред. В.И. Купова.- М.: Аспект-Пресс, 1996 г.

  1. Интернет көздері:

Электронды байланыс

Ресурстар аттары

www.edu.gov.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі

www.scedu.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіресми сайты

www.educontrol.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым Комитет по контролю в сфере образования и науки МОН РК

www.science.kz

Фонд науки МОН РК

www.library.kz

Центральная научная библиотека МОН РК

www.nauka.kz

Официальный научный Web-портал РК

www.resource.nauka.kz

Информационно-образовательный портал «Ресурс»

www.resurs.kz

Казахстанский каталог Internet-ресурсов

www.inti.kz

Национальный центр научно-технической информации

www.unesco.kz

Республиканский научно-методический центр информатизации образования

www.nilrk.kz

Национальная библиотека РК

Пәннің оқулықпен қамтамасыз етілу картасы:

Учебная дисциплина по профессии, специальности, вид деятельности, раздел программы воспитания и обучения

Негізгі әдебиеттер

Қосымша әдебиеттер

Саны


Ғылым философиясы мен тарихы

С.Мырзалы «Ғылым философиясы мен тарихы »,Алматы. – Бастау. 2017ж.



Нысанбаев А.Н., Косиченко А.Г., Қадыржанов Р.К. "Философский анализ науки в контексте социокультурной трансформации общества.- Алматы 1995 ж.



100/10 экз.




Т.Х. Ғабитов «Ғылым философиясы мен тарихы », ,Алматы. – қазақ университеті. 2014ж

Нысанбаев А.Н., Сүлейменов Ф. М. Между мифом и разумом Алматы: Қазақстан, 1991 ж.



20/10 экз.




М.Ш. Хасанов, В.Ф. Петрова «история и философия науки»- Алматы. – қазақ университеті. – 2018г.



Томмас Кун. Структура научных революций.- М. Изд. АСТ, 2010

15/3 экз.




Бурова И.И. Карибаева А.Г., Кириллова Г.Р. "Введение в философию и методологию науки" (учебное пособие).- Алматы, 2014 ж

Койре А. Очерки истории философской мысли. О влиянии философских концепий на развитие научных теорий.- М: 1985 г.



20/20 экз.


Қысқаша дәрістер мазмұны (тақырып, негізгі сұрақтар, дәрістің қысқаша мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, ұсынылатын әдебиет)

Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

Ғылым философиясы ғылыми білім жүйесінде.
Ғылым бүкіл тарихында өзін негіздеу мәселесімен кездесіп отырды. Ғылым деген не? Ғылым дүниетанымдық сұрақтарға жауап бере ала ма? Әлем қалай пайда болды, тіршілік қайдан шықты, ғылыми танымның шегі бар ма, ғылыми және ғылыми емес танымның арақатынасы қандай? Бұл мәселелер XX ғасырдың басында әр түрлі концепциялардан көрініс тапты. Соның нәтижесінде философияның бір бөлімі ғылым философиясы пайда болды. Бұл бөлімнің зерттеу саласы ғылым және ғылыми таным болып табылады. Осы зерттеу саласының негізгі мәселелері:
1. Ғылыми, рационалдық танымның тұтастай ерекшеліктері және философияның ғылым дәрежесі мәселесі.
2. Ғылыми білім генезисі және даму заңдылықтары.
3. Іс-әрекет ретінде ғылымның өзінің негіздемесі және заңдылықтары.
4. Ғылыми іздену методологиясының мәселесі.
Маңызды мәселе Ғылым философиясының табиғатын анықтау болып табылады. Ғылым философын ғылыми іздену, “жаңалық ашу алгоритмі”, ғылыми білімнің даму динамикасы, зерттеу әдістері қызықтырады. Ғылым философиясы, ғылымнан жоғары рефлексия ретінде, методологиялық тұғырнамалардың тереңдігі мен өзгермелілігін көрсетті және рационалдықтың шекарасын кеңейтті.
Басқалар Ғылым философиясын жаратылыстанулық және гуманитарлық білім арасындағы байланыстырушы звено ретінде қарайды (Ф.Франк). Тағы біреулер ғылым философиясымен ғылыми білімнің методологиялық талдауын байланыстырады (И.Лакатос) . Ғылым философиясын ғылым үшін де, қоғам үшін де зиянды құбылыс санайтын көзқарас та бар екенін айта кету қажет (П.Фейерабенд).
Дж.Лоузи ғылым философиясының табиғаты, оның ғылыми теорияларға негізделген дүниетаным екендігінде деп санайды. Ғылым философиясының міндеті ғылыми ойлау мен іс-әрекеттің алғышарттарын көрсету.

1

2

Ғылым теориясы және тарихы.
Алғашқы грек натурфилософтары табиғатты зерттеуші философтар, бұлар Милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимен, Анаксимандр және Эфестік Гераклит. Олар астрономияны , географияны , геометрияны зерттеумен айналысты. Фалес, мысалы, күн тұтылуын алдын-ала болжады, Ай жарығының табиғатын түсіндірді. Фалестің шәкірті Анаксимандрды грек ғылымының- сонымен қатар бүкіл европалық ғылымның негізін қалаушы деп санайды. Ол барлықтың алғашқы бастамасы, негізгі деп апейронды санады.
Натурфилософия табиғатты тұтастай алып түсіндіруге тырысқан философияның басты тақырыбы - әлемнің алғашқы бастамасы, пайда болуы, құрылысы. Олар толып жатқан әртүрлі табиғи құбылыстардың алғашқы негізі – Логосты табуға ұмтылды. “Логос” терминінің өзінің мағынасы көпқырлы: жалпы заң, дүниенің негізі, әлемдік сана және сөз. Универсумды тануда антикалық ойдың таңдап алғаны – мифтен Логосқа өту жолы.
Натурфилософия шеңберінде ғылым тарихында үлкен роль атқарған әртүрлі гипотезалар ұсынылды. Соның бірі – атомдық гипотеза, хаостан тәртіптіліктің шыққанын көрсетеді. Атомдық концепцияның негізін қалағандар – Демокрит пен оның ұстазы Левкипп.
Демокриттің атомистикасының негізгі тұжырымдары:
1. Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоғалып кетпейді. Кез келген өзгеріс бөліктердің қосылуы және бөлінуі.
2. Ешнәрсе кездейсоқ болмайды, бәрінің себебі мен қажеттілігі бар.
3. Атомдар мен бос кеңістіктен басқа ештеңе жоқ, қалғаны ой-пікір ғана.
4. Атомдар көзге көрінбейді, саны жағынан да, пішіні жағынан да шексіз.
5. Әртүрлі заттардың болуы оларды құрайтын атомдардың пішіні, шамасы жағынан әртүрлілігіне байланысты. Атомадардың сапалық айырмашылығы жоқ, себебі олардың “ішкі күйі” болмайды, олар бір-бірінен соғылу арқылы әсерлеседі.
6. Жан кішкентай, домалақ атомдардан тұрады. Олар өте қозғалмалы, осы атомдардан тіршілік тараған.
Антика дәуірінде дүниенің физикалық ғылыми бейнесі жасалды.
Платон бойынша идеялар ғылым объектісі болып табылады: идея заттардың мәні болып табылады, идея жеке заттардың әртүрлі жеке бөліктерінің тұтастығы, жалпылығы, ол материалсыз; ол өз бетімен өмір сүре алады (субстанция); жеке заттар – идеялардың көлеңкесі, көшірмесі, идеялар-алғашқы. Яғни, материялдық дүниеден басқа объективтік идеялар дүниесі бас, таза, мәңгі, жоғарғы дүние. Идеялар алғашқы үлгілер, мысалы: барлық адамдардың негізінде бір адам идеясы бар, барлық жылқылардың негізінде бір жылқы идеясы тағы сол сияқты. Сонымен, сезімдік заттар дүниесі (материялды, өзгермелі) және ақылмен білетін дүние (идеялар) бар. Әрқайсысына сәйкес білім статусы бар:1) ақиқат білім емес, тек пікір 2) ақиқат білім, ғылым.

1

3

Ортағасырлардағы ғылым ұғымының эволюциясы. Ғылыми ойлаудың алғышарттары мен принциптерін қайта қарау.
Бұл уақыт (V-XV ғ.ғ.) әлемдік діндердің (христиандық, мұсылман, буддизм ) үстемдік құрған кезеңі еді. Қоғамда идеология дін түрінде басымдық танытқан болатын. Оның тарихи процеске ықпалы кереғар болды. Бір жағынан феодалдық ыдыраңқылық дәуірінде тұрақтандыру, интеграциялау факторы түрінде болды. Нарықтық экономикалық факторлар үдемелі дамыды, сәулет өнері, университеттер қалыптасты. Екінші жағынан, еркін ойлаушылыққа шектеу салынды, “құдайға сенбейтіндерді” құрту , діни мотивпен өте көп соғыстар ( мысалы “ крест жорықктары”) болды. Дін қоғамдық өмірдің ғылым, білім мәдениет салаларын өзіне бағындырып алды. Діни канондардың шеңберінен шығып кеткен ғалымдар мен суреткерлер қатаң жазаланды.
Крест жорықтарының арқасында және Испания университеттерінің (Кордова) арқасында европалықтар араб ғылымы мен магиясымен танысты.
Егер Жаңа заманымен салыстырмалы түрде талдаса, ортағасырлық ойлауда дедукция әдісі басымырақ та, Жаңа заманда индукция әдісі басымырақ. Сонымен қатар, ортағасырда сенім мен құдыретті ашылу үстемірек. Құдай бұл дүниені жаратқан және ылғи бақылап отыр. Адамның ұлылығы құдыретті санамен біріге алатындығында, сондықтан дүниені стихиялары арқылы түсіндірмекші болатын философтардан сақ болу керек (А. Августин) . Адамның бақыты – құдайды тануда, таным құралы- жан . Сана мен сенім бір- бірін жоққа шығармайды, бірін- бірі толықтырады. Ақиқат біреу- Христостың ілімі (Ф. Аквинский). Діни сенім дәлелдеуді қажет етпейді, ол құдыретті ашылу(аян берілу).
Гносеология саласында антикалықтан алыс кету анық байқалды. Егер антика кезінде ақиқат дегеніміз адам танып- білуі тиіс зат болса, ортағасырларда ақиқат айдан анық, Құдайдың өзі, қасиетті жазуда айтылған догмат түрінде. Ортағасырларда табиғатқа деген де көз қарас өзгерді. Антика кезеңіндегідей табиғат өз бетінше емес, оны Құдай жаратқан жане ол табиғи даму жолына араласып оны өзгертіп жібере алады. Табиғат антика кезеңіндегідей танымның аса маңызды пәні емес, ол құдыретті білімнің бөлігі.

1

4

Қайта өрлеу дәуірі және ғылымның дүниетанымдық, методологиялық алғышарттарының қалыптасуы. Жаңаевропалық ғылым. (XVII-XVIII.)
Мәдениет пен ғылым тарихында аса маңызды орын алған кезең Ренессанс болды (XIV-XVI ғ.ғ.). Ол өзінің тарихи мәні жағынан б.з.д.VI-IV ғ.ғ. Ежелгі Грекиядағы алғашқы интеллектуалдық революциямен пара-пар. Ренессанстың өзі ежелгі грек мұрасын қайта жаңғыртудан басталды. Мануфактуралық өндірістің пайда болуы, географиялық жаңалықтар, қалалар дамуы, әлемдік сауданың нығаюы жаратылыстану және дәл ғылымдарға деген қызығушылықты арттырып жіберді. Қоғамның прогрессивтік қабаты буржуазия, техниканың негізі болып табылатын және идеология негізі шіркеуге қарсы күресті қолдайтын жаратылыстану ғылымдарына аса мұқтаж болды. Қайта жаңғыру алдыға Адамды, діни шектеулерден азат, болмыс, таным, сезім ләззаттарына беріле алатын шығармашылық тұлғаны шығарды. Бұның бәрі ғылымның жасалуына алып келді.
Тағы бір маңызды сәті осы кезеңде дүниенің пантеистік ғылыми бейнесі жасалды, яғни құдай мен табиғатты теңестіру. Бұл Кузанскийдың, Бруно, Коперник, Галилейдің еңбектерінде көрініс тапты.
Джордано Бруно өзінің космологиялық доктринасын Әлемнің шексіздігінен бастайды: “Оны (Әлем) қамту мүлдем мүмкін емес, сондықтан ол сансыз және шексіз. Әлемді ешкім жаратпаған, ол мәңгі өмір сүреді және жоғалмайды”. Ол қимылсыз, оның ішінде үздіксіз қозғалыс пен өзгеріс жүріп жатады. Ол алғашқы қозғаушы-құдай деп санайтын схоластикалық идеядан бас тартып, материяның өзіндік қозғалысын дәйектеді: “Шексіз әлемдер... бәрі ішкі бастаудың нәтижесінде қозғалады, ол-өздерінің жаны ... сондықтан сыртқы қозғаушыны іздеу бос әуре”.
Шексіздік концепциясы гелиоцентризм туралы да, геоцентризм туралы да логикалық мәселе қойды. Әлем орталығы Күн де емес, Жер де емес, себебі сансыз көп әлемдер бар, әрқайсының өз орталығы бар. “Жер шетсіз, шексіз Әлемде ұшып жүрген тозаң”.
(Бруноның өлімі 16.02.1600 ж).
Дж.Бруно құдай-табиғат пен әлемнің, материялық дүниенің арақатынасы туралы мәселені қойды. Құдайдың заттардың ішкі қасиеті ретінде өмір сүруі туралы түсінік құдай болмысын материямен теңестіруге әкеледі. Себебі, материяның мәні мен болмысы тең. Яғни, құдай жоқ , ол заттарсыз өз бетінше өмір сүрмейді. Дж.Бруноның пантеизмі Қайта өрлеу дәуірінің ең радикалды ілімі болды.
Галилейдің ең басты үлесі (жаңа қалыптасып келе жатқан ғылым алдында), өзінің табиғатты ғылыми зерттеу принципін қолданғаны болды. Галилейге дейін тәжірибенің мәні толықтырушы, пәс, анда-санда болды. Галилей өзінің қызметімен эксперименттің шешуші ролін, зерттеу мақсатты түрде тәжірибе арқылы сұрақ қойып, жауап ала алатынын көрсетті.

1

5-6

Ғылымның құрылымы, методологиясы және проблемалары. Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғары дәлділігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші рөл атқармайды. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқару жүйесінде де математикалық есептеулер, статистикалық мәліметтер, бүге-шүгесіне дейін дәл есептелген жоспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Дәлдік нақтылыққа қатынастың белгілі бір тәсілі ретінде күнделікті өмірге де енді: темір жол және авиация кестелері дәл болып табылады, ол мемлекет қызметкерлеріне де, станоктағы жұмысшыға да, бухгалтерге және дәрігерге де қажет. Fылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан күрделі ғылыми абстракциялар құрастырумен айналысатын ғалымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан суретшілер (сұңғатшылар, мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер және т.б.) өз шығармашылықтарында дәл, логикалық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлер мен әдістерге сүйеніп отырады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симфонияларының бағдарламаларын оның музыкалық мәтінімен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дәл, ұғымдарда бейнеленген білімдер көптеген ірі жазушылардың шығармаларының негізін құрайды (Пушкин, Толстой, Салтыков-Щедрин, Чехов, Паустовский, Булгаков және т.б.). Бұл ұғымдық және бейнелік танымдардың бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді. Олар әртүрлі "дозаларда" ғылыми шығармашылықта да, көркемдік шығармашылықта да кездеседі. Олар сонымен қатар, әдеттік, кәдімгі санаға да тән. Бұл тұрғыда философ-неопозитивистердің ғылыми білімнің ерекшелігін оның эмпирикалығымен, яғни ғылымның бүкіл мазмұнын бақылаулар мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірімен келісуге болмайды. Бұл туралы кейінірек сөз болады. Шындығында, білімнің формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығы, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Fылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.

2

7-8

Ғылыми білімнің көпдеңгейлі методологиялық концепциясы. Ақиқат.
Жюль Верннің атақты "Капитан Гранттың балалары" романының кейіпкерінің бірі географ Жак Паганель бірде өзінің серіктестеріне құс жұмыртқасын дайындаудың жүзге жақын тәсілі болатынын айтқан еді. Әрине, бір ғана нәтижеге бірнеше, тіпті жүздеген тәсілдермен жетуге де болады. Күнделікті өмірде болсын, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми экспериментте болсын бір ғана міндетті әртүрлі жолмен, әрекеттермен, операциялармен және процедуралармен шешетін жағдайлар жиі ұшырасады. Оның ішіндегі жақсысын таңдау кейде экономикалық тиімділігімен, кейде техникалық мүмкіндіктермен, ал кейде міндетті түрде аз уақытта шешу қажеттіліктерімен байланысты болады. Бұл жағдайлардың барлығында мамандар не дайын, жинақталған тәжірибиеге сүйенеді, не болмаса берілген міндет пен оның шешілу шартына неғұрлым сәйкес әрекеттің тәсілін ойлап табады. Бұл шешімнің барысында, мысалы, берілген бөлшекті үлгіге салу тәсілі немесе металды кесу тәсілі арқылы даярлау, руда өндіруді ашық немесе жабық тәсілмен жүргізу және т.б. жағдайларда мамандарға терең философиялық танымға, методология мен гносеологияға жүгінудің қажеті шамалы. Бұл мақсат үшін нақты техникалық білім, тәжірибе жеткілікті. Алайда, өзінің табиғаты жағынан универсалды методтарды қажет ететін және жалпы танымның терең негіздерімен, көбіне ғылыми таныммен байланысты міндеттер де кездеседі. Мұндай жағдайда, сәйкес міндеттерге философиялық және гносеологиялық талдаудың қажеттілігі берілген методтың танымдық міндеттерді шешуге жарамдылығы алынған білімнің шынайылығына, жалпы ғылыми талаптарға сәйкестілігіне бағыныштылығымен тікелей байланысты болумен сипатталады.
Белгілі бір шаманы өлшеуді талап ететін әрбір нақты ахуалда физик өзіне өлшеудің қай тәсілі керек екенін біледі. Геңдік инженериямен айналысатын және ағзаның жаңа тұқым қуалаушылық қасиеттерін ашуға ұмтылған биолог-генетик ДНК-қосарланған спиралін қандай ферменттермен, нуклеуздермен қай жерде үзуге болатынын және қандай өзге белсенді препараттардың көмегімен бұл молекуланың жаңа спиралін "жамауға" болатынын біледі. Барлық осындай ахуалдарда ғалым, өзінің кәсіби ақпаратымен қатар жақын аралас пәндердің теориясын игерсе жеткілікті. Ал қатаң және дәл қазіргі замандағы ғылыми теорияларды қалыптастыруға келгенде мәселе өзгереді. Теорияны электронды микроскоптың, ферменттердің, элементарлы бөлшектерді жеделдеткіштердің көмегімен іске асыруға болмайды. Бұл үшін теория құрудың логикалық ережелері мен принциптерін, ақиқаттың гносеологиялық критерийлерін, теориялық және эмпирикалық танымның арасындағы бағыныштылықты бекітетін және теория мен оның пәндік саласы қатынастарын реттейтін методологиялық ережелер мен қағидаларды білу талап етіледі. Қысқасы, мұндай ахуалдарда, философиялық талдау міндетті түрде қажет.

2

9-10

Ғылымның парадигмалық жүйесі. Ең алдымен, принциптердің, постулаттардың және аксиомалардың зерттеліп отырған пәндік саланың түпкі, неғұрлым универсалды және терең байланыстары мен қатынастарын білдіретінін ескерейік. Оларға енген ұғымдар аз нәрсені ғана бейнелегенімен, объекттің неғұрлым мәнді, неғұрлым маңызды қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелеуі тиіс. Ең болмағанда, мұндай ұғымдар (абстракциялар) оның тек бір ғана қырын немесе кейбір жекелеген қасиеттерін білдіре алады. Мұндай қасиеттер мен қырларсыз берілген құбылыстың өмір сүруі, қызмет етуі мен дамуы мүмкін болмаған жағдайда ғана олар маңызды деп саналады. Олар құбылыстың негізін құраса, ал соларға сәйкес ұғымдар теорияның фундаменталды абстракциясын білдіреді. Мұндай абстракциялардың танымдық функциясы (қызметі) салдарларын қостауға немесе терістеуге болатын ғылымның негізгі заңдарын қалыптастырумен сипатталады. Егер қосталған жағдайда абстракциялар дұрыс, ғылыми, ал терістелгенде - жалған, ғылыми емес деп есептеледі.Теорияның дамуы барысында жаңа заңдарды құрастыру үшін жаңа құбылыстарды түсіндіру немесе болжау үшін енгізілген әрбір жаңа ұғым алдыңғы ұғымдармен жымдаса отырып, олармен байланысады. Мұндай жаңа ұғымдар енді заттардың жекелеген қырларын ғана бейнелемей өзара байланысқан қасиеттер мен қатынастардың, қырлардың бірнешеуін, көпшілігін бейнелейді. Бұларды нақты ұғымдар деп атайды. Fалым неғұрлым дамыған сайын, оның ұғымдары соғұрлым нақтыланып, объективті құбылыстар мен процестерді дәлірек, толығырақ, жан-жақты сипаттай отырып, бейнелейді. "Абстрактылы" және "нақтылы" деген қарама-қарсы категориялардың терең диалектикалық бірлігін айқындай отырып, К.Маркс былай деп жазды: "Нақтылық көптеген анықтамалардың синтезі болғандықтан, "алуан түрліліктің тұтастығының" жалғасы болғандықтан ғана нақтылық".Нақты ұғымдар мен нақты заттардың, ахуалдардың, құбылыстардың жән т.б. айырмашылығын айыра білу қажет. Нақты зат немесе оқиға - бұл өзінің барлық көрінісі мен байланыстарында біздің сезім органдарымызбен тікелей қабылданып, тікелей санамен сараланатын нәрселер. Ұғымдар болса, мейлі ол ең нақты ұғымдар болсын берілген құбылысты бейнелейтін немесе оларды бейнелеу үшін қолданылатын қандай да бір белгілік конструкциялар, тілдік белгілер болып табылады.Қазіргі физиканың ұғымдарын құрастырудағы жағдай да осындай. Ең алдымен айталық "электрон" және "протон" ұғымдары енгізіледі. Кейінірек өзге бөлшектер мен әртүрлі физикалық өрістердің ұғымдары пайда болады. Онан кейін бұл бөлшектер мен өрістердің физикалық қасиеттерінің ұғымдары нақтыланады, олардың өзара әрекеті мен өзара алмасулары сипатталады. Бұл жағдайда "бөлшектің массасы", "ықпалдың кванты", "магниттік сәт", "спин" және т.б. ұғымдар алдыңғы физикалық теориялардағы абстракциялық ұғымдардың үстіне мінгеседі, өздерінің құрамына кіргізеді, ал кейде оларды түпкілікті түрде қайта өңдейді.

2

11

Ғылымның адамдық өлшемі.
Абстрактылықтан нақтылыққа көшу - ғылыми теориялар құрастырудың логикалық жалғастығын реттейтін жалпы метод. Fалымдар көбіне оның барлық бөлшектері мен мүмкіншіліктерін аңғармай, стихиялы түрде қолданады. Бұл методты философиялық талдау және пайымдау оның қолданысын неғұрлым адекватты етуге ықпал етеді. Кез келген ғылыми теория өз объектісін белгілі деңгейге дейін сипаттайды. Бұл оған тән қызмет ету және даму заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, сол объектті сипаттаудың өзге де мүмкіндіктері бар. Егер біз капитализмнің пайда болу тарихын бөлшектеп, әрбір қадамын сипаттайтын болсақ, біз оның мәнін, оның негізгі заңдарын тани алар едік. Капитализмнің дамуы жағдайында мұндай тарихи сипаттаудың болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде өте қиын. Тарих тура жолмен емес, бұралаң жолдармен жүреді. Онда бізді қызықтырған процесті тұмшалайтын, ал кейде, тіпті, тура бұрмалайтын да миллиондаған оқиғалар болып жатады. Шындығында, тарихи сипаттау, әдетте, бізді қызықтырушы объект - берілген жағдайда капитализм - өзінің дамыған күйінде қалыптасқаннан кейін ғана мүмкін болады. Тек сонда ғана оған логикалық талдау жасап және оның фундаменталдық абстракцияларымен қоса теориясын қалыптастыруға болады. Ол ғасырлар қойнауынан жеткен сан-алуан оқиғалардың ішіндегі ең маңызды процестер мен құбылыстарға жарық беріп, олардың жалғастығын анықтайтын заңдылықтарын бекітеді.Осылайша, абстракциялықтан нақтылыққа көшу зерттеу объектісіндегі ең маңызды сәттерді бөліп алып, тарихи зерттеудің логикалық қаңқасын қалыптастырады. Сонымен қатар, тарихи талдау ғылыми теориядағы фундаменталдық абстракциялар мен заңдылықтардың дұрыстығын бекітеді. Жаратылыстанымда мұны әсіресе космология тарихы жақсы бейнелейді. Астрономдар Fаламды әуел бастан мәңгіге құрылған жетілген, дайын объект ретінде қарастыра отырып, бұл объекттің дамуы туралы мәселені қойған жоқ. Жинақталған эмпирикалық материал мен теорияның дамуы Fаламға тарихи тұрғыдан қарауға мүмкіндік берген тұста астрономиялық теориялардың аса маңызды логикалық тораптары Fаламның қалыптасуының ең маңызды сәттерін бөліп, тарихи сипаттамасын жоғары деңгейде ұйымдастыруға жағдай жасады. Мұнан шығатын қорытынды зерттеудің тарихи және логикалық методтары неокантшыл философтар Риккерт пен Виндельбанд және сыншыл рационализмнің көсемі Поппер айтқандай бірін-бірі теріске шығармайды, керісінше бір-бірін өзара толықтырады. Осылайша, дамушы және қызмет етуші жүйелерді зерттеудегі тұтастықты бекіту үшін және жүйелерді функционалдық және тарихи-генетикалық көзқарас тұрғысынан сипаттайтын теорияларды келісімге келтіру үшін негіз қалыптасады.

2

12

Қазіргі батыстық ғылым философиясы және методологиясы. Позитивизм философиясы мен методологиясының эволюциясы.
Үлгілер мен прототиптердің таза сыртқы механикалық немесе геометриялық ұқсастықтарын пайдалану үлгілеудің ең қарапайым жағдайын білдіреді. Бірақ үлгілеу қызмет ету немесе даму заңдарын бекіту үшін де, прототиптердің құрылымын зерттеу үшін де қолданылады. Сондықтан да үлгінің қызмет етуші, дамушы және құрылымдық түрлері, сонымен қатар олардың комбинациясының қызмет етуші-дамушы, қызмет етуші-құрылымдық және т.б. түрлері болады. Үлгілердің прототиптен тек көлемі, материалы жағынан ғана емес, өз болмысының тәсілі жағынан да айырмашылығы болатынын ескеру қажет. Мысалы, жобаланған суландыру жүйесі аймағында күрделі экологиялық жүйенің (өсімдік, жануарлар, топырақ, климат) өзара әрекетінің барлық мүмкін болатын түрлерін зерттей келе, ғалымдар зерттеуді мынадай кезеңдерге бөледі: 1. күрделі прототиптің ең маңызды элементтері мен жай жүйелерін бейнелейтін негізгі абстракциялар жиынтығын табу; 2) бақылаулар мен эксперименттердің көмегімен олардың арасындағы негізгі байланыстар мен өзара әрекеттерді анықтау; 3) ауыспалы шамалары олардың математикалық байланыстары және айналымдарымен қоса алғанда қарапайым түрде болса да айқындалған абстракциялар мен байланыстарды бейнелейтін тақырыптық теңдеулердің жүйесін құру; 4) ЭЕМ көмегімен теңдеулер жүйесін шешу үшін математикалық бағдарлама жасау; 5) бастапқы теңдеулердегі айнымалыларға әртүрлі сандық мән бере отырып, олардан машиналық шешу процесінде жаңа сандық мәндер алу; 6) осы соңғыларын зерттеліп отырған жүйенің гидроирригация құрылысы жұмысының әртүрлі жағдайлар мен режимдердегі болашақ жағдайының сипаттамасы ретінде түсіну. Мұнда протиптің үлгісі ретінде теңдеулер жүйесі мен оларды шешу процедурасы көрінеді. Прототип - бұл мыңдаған табиғи және техникалық элементтер мен жай жүйелерді қамтитын материалдық жүйе болса, ал үлгі математикалық жүйе болып табылады. Осы және осыған ұқсас өзге жағдайларда үлгілеу методы мен жүйелілік принципі арасындағы терең байланысты аңғаруға болады. Жүйелілік принципі бізді қоршаған құбылыстардың күрделі жүйелерден құралатынын бекітіп қана қоймай, мұндай жүйелерді зерттеу сәйкес жүйелік үлгілерсіз мүмкін еместігін дәлелдейді..

1

13

Сыни рационализмдегі ғылым философиясы және методологиясы.
Қазіргі жаратылыстанудың эксперименталдық методтарының ерекшелігі неде? Эксперимент өзінің қазіргі мағынасында пәндік практикалық әрекеттің ерекше түрін білдіреді. Бұл әрекеттің барысында зерттеуші (таным субъекті) зерттеліп отырған жүйенің (таным объекті) өзін қызықтырған сипаттамасын жасанды түрде оқшаулайды және оның өзге сипаттамаларға бағыныштылығын зертейді. Әдетте, бұл үшін арнайы құралдар мен приборлар қолданылады. XVІІІ-XІX ғасырларда салыстырмалы түрде арзан бұл жабдықтарды ғалымдардың өздері немесе олардың көмекшілері мен қолөнершілері жасай алатын. Бүгінгі күнгі эксперименталды приборлар мен бақылау құрал-жабдықтары - электронды микроскоптар, радиотелескоптар, элементарлық бөлшектерді жеделдеткіштер, атомдық реакторлар, тұңғиық суға арналған батискафтар, автоматты жасанды спутниктер - бірқатар ірі өнеркәсіп орындарында жасалады және өте қымбат тұрады. Оларда қызмет ету мен эксперимент жасау үшін жүздеген, тіпті мыңдаған адамның бірлескен күш-жігері қажет. Бұл мәселенің бір жағы ғана, ең алдымен экономика және ғылым социологиясы тұрғысынан маңызды қыры. Ал гносеологиялық тұрғыдағы маңызы мүлдем өзгеше.Классикалық жаратылыстану (XVІІІ-XІX ғасырдың аяғы) прибор мен таным объекті арасындағы өзара әрекет соңғысын "таза күйінде" бөліп ала алғанымен оның объективті сипаттамаларын өзгерте алмайды деген байламды негізге алды. Классикалық механика, мысалы, дененің массасы зерттеушінің денеге берген жылдамдығына бағынышты емес деп санады. Шындығында да тұрып тұрған және жүзіп келе жатқан кеменің, тыныш тұрған және құлап бара жатқан тастың массасындағы айырмашылықты аңғару мүмкін емес. Алайда, салыстырмалылықтың арнайы теориясы бойынша жарық жылдамдығына жақын жылдамдықтағы қозғалатын дененің массасы, жылдамдық функциясы бола отырып, ұлғаяды. Сондықтан да мысалы, жеделдеткіш сияқты эксперименталдық қондырғы таным объектісінің сипаттамасына мәнді ықпал ете алады. Прибордың объектке әсерін есептеу, әсіресе, ішкі атомдық процестер мен элементарлық бөлшектерге эксперимент жасау үшін маңызды.

1

14

Қазіргі батыстық ғылым философиясындағы тарихи бағыт.
XX ғасырдағы батыс философиясының мәні және бағыттары. Философиялық мәселелердің жеке бағыт болып калыптасуы. Классикалык философиядан арылу.
Батыс философиясындағы сциентистік үрдістер. Позитивизм және оның тарихи формалары. «Бірінші позитивизм» және философияның негізгі мәселесін шешуден бастарту. О. Конттың «Үш кезеңзаңы». Философияның міндеттерін ғылыми бөлімді системага келтірумен шектеу. Дж. С. Милльдің «Логика системасы». Г. Спенсердің «Біртектес ғылым системасы. «Екінші позитивизм» (махизм және эмтриокритицизм). Философияны таным теориясымен шектеу. Э. Мах пен Р. Авенариустің «тәжірибені тазартудың» әдістік багдарламасы. А. Пуанкаре: «Ғылымның күндылыгы''. В. ИЛенин: «Материализм және эмпириокритицизм «Үшінші позитивизм» (неопозитивизм немесе «сараптаушы философия»). Философияның пәнін жокка шығару және философияның ролін гылым тілін логикалык сараптаумен шектеу. « Верификация принципі». (Р. Карнап, Л. Витгенштейн). Постпозитивизм. Ілімдердің каркындылығы және әлеуметтік- мәдени мәні мәселесі. «Парадигма» (Т. Кун), «ғылыми- зерттеу бағдарлама» (И. Лакатос), «тиім салу- реакция» (Л. Фейербанд) ұғымдары. К. Поппердің «Ашық қоғамы». Неокантианшылдык. Неокантианшылдардың Марбург мектебі және Кант философиясының антипсихологиялык тұжырымдарын дамыту. (Г. Коген, П. Наторп, Э. Кассирер). Неокантианттардың Баден мектебі: «Құндылыктар теориясын құру- (В. Виндельбанд, Г. Риккерт). Э. Гуссерльдің феноменологиясы. Философияны сананың феномендері туралы қатаң ғылым ретінде түсіну. Философиядағы психологизм. Прагматизм және классикалык философияның «абстрактілігіне» сын. Ч.Пирстің, Р.Декарттың рационализміне қарсы пікірталасы. У.Джемстің психологиялық прагматизмі. Дж.Дьюдің «философияны қайта құрастыру» әрекеті. Практикалык нәтиже – ақиқаттың өлшемі. Структурализм және жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдардың ортақ негізін іздеу. Леви - Стросс объектілердің құрылымын анықтаудың әдістемелік маңызы туралы. Постструктурализм және кайта күрастыру принципі. Түсіндірудің рационалистік схемаларына сын. Ж.Деррида текстің принциптік күрылымсыздығы және күрылымдык кайта күрастырулығы туралы. М.Фуко текстің әлеуметтік- мәдени жағдайларға карағанда екінші күрылым екендігі туралы. Эписистема уғымы және адам тарихын өзгеіие тусіндіру. Р.Барт текстегі «автордың өлімі» туралы. Текстаралық кеңістіктегі «Текст жарылысы». Экзистенциалазм және философияның күндылыктык сипатына назар аудару. М.Хайдеггердің «экзистенция», «адам болмысы», «уакыт» үғымдарын түсіндіруі. К.Ясперс «шекаралык жағдай» турады. Ж.П.Сартр философиясындағы еркіндік мәселесі. А. Камю адамның өмір сүруінің мәнсіздігі туралы. Экзистенциализм философиясының баска философиялық бағыттарға әсері. Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі, В.Дильтейдің герменевтиканы рух туралы ғылымдардың әдістемесі ретінде түсінуі. Г.Гадамер тусіну механизмдері туралы (тіл, кұрылымдар, көзкарас, өзара үнсіздік ). Түсіну - пікір алысу процесінде өмірді «ұстау». Текст философиялык рефлексия феномені ретінде. Персонализм және тұлғаны болмыстың ең жоғарғы рухани құндылығы ретінде мойындау. Ж.Лакруа «рационалдык сенім үғымы туралы. К.Ясперстің тарих философиясы. О.Конттын позитивизмі. Структурализм. К.Леви- Стросстың концепциясы. К.Поппердің еңбектеріндегі «ашық қоғам» ұтымы. Э Гуссерльдің феноменологиясы. Прагматизм философиясындағы ақиқат мәселесі. Экзистенциализм философиясындағы еркіндік мәселесі. Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі.

1

15

Экономикалық танымдағы философияның методологиялық ролі.
К.Маркс өткен ғасырдың өзінде-ақ ғылымның жетіліп толысуы математиканы қолданған кезде ғана жүзеге асады деген ойды айтқан болатын. Математиканы практикалық және ғылыми міндеттерді шешуге пайдалану өте ерте кезден-ақ белгілі. Астрономиялық жүйелерде математикалық есептеулер мен геометриялық құрылыстарға жақын методтарды қолданған. Айнымалы шамаларды белгілеу үшін жаңа символдар мен аналитикалық геометрияның ойлап табылуы (Декарт), дифференциалды және интегралды есептеудің пайда болуы (Ньютон және Лейбниц) математиканы физикалық теорияларды құру мен дамуындағы қуатты құралға айналдырды. Өзінің бастапқы түрінде Галилейдің, Ньютонның, Гюйгенстің және т.б. ғалымдардың еңбектерінде физика математикалық физика түрінде көрінеді. Оның заңдары алгебралық және дифференциалды теңдеулер түрінде құрастырылып, ал математикалық есептеулер эксперименттер мен бақылаулармен қатар ғылыми білім дамуының маңызды құралына айналды. Ең алдымен, математика жіне экономикалық таным - бұл қатаң, дәлелдеуші және өте дәл пән. Егер физикалық объектілерді айнымалы шамалар арқылы, ал физикалық құбылыстар мен процестердің өзара әрекеті мен байланысын теңдеулер көмегімен сипаттар болсақ, онда зерттеу процесі барынша қарапайымданады. Керекті есептеулерді жүргізіп және теңдеуді шеше отырып, физик алынған нәтижелерді эксперимент және бақылаудың терминдерінде түсіндіре алады немесе интерпретация (латынша іnterpretatіo - бір нәрсені түсіндіру) жасай алады. Бірінші ерекшелігі қазіргі кездегі теорияларды құру мен дамытудың математикалық методтары, сонымен қатар есептеуін математика бұрынғыдай тек физика және техникалық ғылымдарда ғана емес, жаратылыстанудың бүкіл барлық салаларында да және көптеген қоғамдық ғылымдарда да қолданылуында. XVІІ-XІX ғасырларда математикалық құрылымдар құру теңдеулердің тұтас жүйесінде салыстырмалы түрде қарапайым ғылыми абстракцияларды, үлгілер мен теорияларды "танумен" сипатталатын. Екінші жағынан жаратылыстанымдық, қоғамдық және техникалық ғылымдардың қажеттіліктерін өтейтін математикалық инструментарийлерді қарқынды түрде дайындау, математиканың өзінің қарқынды дамуы XX ғасырдың ортасына қарай ғылымның математикаландыруын универсалды құбылысқа айналдырды. Екінші ерекшелігі қазіргі жаратылыстанудың, әсіресе физика мен астрономияның өзге классикалық ғылымдармен салыстырғанда көз алдыға келтіруге және сипаттауға болмайтын объектілермен және процестермен бетпе-бет келуімен байланысты. Біздің сезім органдарымыз және онымен байланысты бейнелік ойлау тетіктері бүкіл адамзат эволюциясы барысында адамның практикалық іс-әрекет барысында бетпе-бет ұшырасатын қоршаған заттарды қабылдауға бейімделді.



1


МӨЖ орындауында әдістемелік ұсыныстар

ғ) Магистранттардың ғылыми конференцияларға қатысу


Тақырыпқа сәйкес баяндама жасап конференцияға қатысу және иллюстративті материалды қолдану (карта, схема, кесте, сурет т.б.).
Магистрлік ғылыми конференцияға қатысу бойынша төмендегі талаптар ескерліп, бағаланады: баяндамада нақты мақсат пен міндеттердің қойылуы, зерттеудің өзектілігі, берілген тақырыпқа баяндаманың сәйкестілігі, логикалық мазмұндалуы, нәтижелердің аргументі, аудиторияның қойған сұрақтарына нақты және дұрыс жауап беруі.
д) проект жазу
Проект жүйелілігі: титул парағы, мазмұны, кіріспесі, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
Мазмұнға қойылған талаптар:
1. Кіріспесінде тақырыптың өзектілігін анықтау, зерттеудің мақсат пен міндеттері және әдебиеттерге шолу жасау. (1-2 бет)
2. Негізгі бөлімінде тақырыптың негізгі теориялық ерекшеліктерін толық көлемде ашып, ғылымға жаңа материалдың еңгізілуін көрсету. Негізгі материалды тарауларға бөліну керек (көлемі – 7–10 бет.).
3. Зерттелген тақырыптың қортындысында нәтижесі көзделеді (көлемі – 1-2 бет.).
4. Әдебиеттер тізімі алфавиттік ретте көрсетіледі.
Рәсімдеу шарттары:
1. Проект мәтіні 1,5 арақашықта, 14 кегльмен А-4 форматтық парақтың бір бетінде компьютермен терілу қерек.
2. Проектің жалпы мәтін көлемі 10-15 басылған мәтін беттен тұрады.
3. Магистрант проекті жазу барысында ұсынылған әдебиеттердің тізімін пайдалана отырып, өзіндік жұмыстың нәтижсі мен қатар табылған жаңа материалын да пайдалану керек (кітап, мерзімді басылымдар, интернет).
Проект көрсетілген шарттарға сәйкес бағаланады: проектегі мақсат пен міндеттердің нақтылығы, зерттеудің өзектілігі, берілген тақырыпқа мәтіннің сәйкестілігі, логикалық мазмұндау, қортындының аргументтілігі, тапсырманың уақытылы тапсырлуы.
и) тарихи жұмбақ-сұрақтар
Тарихи жұмбақ-сұрақтар 5 тапсырмадан құрастырлады.
Мысалға:
-ғылым тарихы деректер бойынша сұрақтар;
- ғыылм филоосфиясының ерекшеліктерін анықтау;
- логикалық тапсырма
Топтық проектердің презентациясын дайындау барысында: 1) ұсынылған әдебиеттермен қосымша әдебиеттерді жетілдіру; 2) өз ниетімен топ бөлініп, жетекшіні таңдап, проект дайындалады; 3) проекті қорғау.
Магистранттардың өз бетінше жұмысына
(МӨЖ) әдістемелік нұсқаулар:

«Қазақстан тарихы» курсы бойынша мӨЖ тапсырмалары келесі түрде берілген:



  • Рефераттар (әр модульға рефераттар тақырыбы берілген). Магистрант бір тақырыпты таңдап алып, деректер жинап, реферат дайындап, оны қорғауға міндетті. Рефератты қорғау студенттің таңдауына байланысты әр модульдің соңында іске асырылады (5-апта; 10-апта; 13-апта; 14 апта).

Рефераттың жазылуы және қорғалуы: студент өзі таңдаған тақырыбына байланысты кітапханадан қажетті әдебиет іздестіруді, табылған әдебиетпен жұмыс істеуі, реферат жоспарын құрастыруы және конспект дайындауы қажет.
Келесі кезеңде оқылған әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, жазбаша еңбекті өз бетінше жазу.
Рефератты көркемдеудің және қорғаудың шарты: көлемі 8-15 баспа бет, 1,5 интервал арқылы (редактор Word -6,0 немесе, 14 шрифт), сыртқы беті үлгі бойынша. Қорғау ауызша түрде.

  • Терминдермен және ұғымдармен жұмыс, глоссарий (әр модульге терминдер мен ұғымдар бекітілген, студент оларды дәптерге жазып, оқытушыға тексеруіне беріп және ауысша жауап беруге міндетті). Семестр бойынша осындай 2 тапсырма қарастырылған (тапсыру уақыты – 8-ші, 12- апталықтардың аралығында).

  • Логикалық тапсырмалар мен жаттығулар: тақырыптарға байланысты студент назарына логикалық тапсырмалар мен жаттығулар ұсынылады. Тапсырмалар жазбаша түрде орындалуы міндетті (тапсыру уақыты – 6-11-ші апталықтың аралығында).

  • Эссе жазу: эссе – белгілі бір мәселеге немесе тақырыпқа байланысты студенттің өз ойы, көзқарасы бойынша еркін түрдегі ойлары, очерктер пайымдаулар. Эссе тақырыбы әр студентке бөлініп беріледі немесе оқытушының мақылдауымен 2-аптада студент өзі таңдап алады.

  • Эссе жазуға қойылатын талаптар көлемі 5-7 баспа бет, қажетіне қарай әдебиет тізімі көрсетіледі. Эссені тексергенде тақырыптың толық жекелеген сұрақтарды талғамсыз мазмұндай берудің қажеті шамалы (тапсыру уақыты – 7-ші апталықтың аралығында).

Пәннің оқулықпен қамтамасыз етілу картасы:

Учебная дисциплина по профессии, специальности, вид деятельности, раздел программы воспитания и обучения

Негізгі әдебиеттер

Қосымша әдебиеттер

саны


Ғылым философиясы мен тарихы

С.Мырзалы «Ғылым философиясы мен тарихы »,Алматы. – Бастау. 2017ж.



Нысанбаев А.Н., Косиченко А.Г., Қадыржанов Р.К. "Философский анализ науки в контексте социокультурной трансформации общества.- Алматы 1995 ж.



100/10 экз.




Т.Х. Ғабитов «Ғылым философиясы мен тарихы », ,Алматы. – қазақ университеті. 2014ж

Нысанбаев А.Н., Сүлейменов Ф. М. Между мифом и разумом Алматы: Қазақстан, 1991 ж.



20/10 экз.




М.Ш. Хасанов, В.Ф. Петрова «история и философия науки»- Алматы. – қазақ университеті. – 2018г.



Томмас Кун. Структура научных революций.- М. Изд. АСТ, 2010

15/3 экз.




Бурова И.И. Карибаева А.Г., Кириллова Г.Р. "Введение в философию и методологию науки" (учебное пособие).- Алматы, 2014 ж

Койре А. Очерки истории философской мысли. О влиянии философских концепий на развитие научных теорий.- М: 1985 г.



20/20 экз.



Бақылау мен магистранттардың оқу нәтижесін бағалау материалдары (тест, емтихан сұрақтары)



  1. Қазіргі заман ғылым философиясының методологиясы

  2. Философиямен ғылымның ара-қатынасы.

  3. Ғылым философиясының қазіргі заман философиясының жаңа бағыты ретінде пайда болуы.

  1. Қазіргі заманғы ғылым философиясы.

  2. Әлемнің ғылыми көрінісі және оның эволюциясы.

  3. Ғылым және эзотерикалық білім.

  4. Ғылым және сенім.

  5. Қазіргі заман ғылым философиясындағы новациялар.

  6. Синергетика және эвристика.

  7. Ғылымның жаңа ғасырдағы өзекті мәселелері.

  8. Ғылым философиясының негізгі қызыметі.

  9. Ғылымфилософиясының пәні.

  10. Ғылымның пайда болу ерекшеліктрі және оның күнделікті өмірмен байланысы.

  11. Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде.

  12. Ғылыми білім және ғылыми революциялар.

  13. Ғылыми білім және оның ерекшеліктері.

  14. Қазіргі заман ғылыми танымның жүйесі.

  15. Ғылыми революциялар.

  16. Тарихи-ғылыми үдеріс (процесс).

  17. Ғылыми танымның концепциялары

  18. Ғылыми білімнің динамикасы.

  19. Ғылым классификациясы және ғылым тарихын кезеңге болу мәселесі.

  20. Сциентизм және антисциентизм.

  21. Ғылым историографиясы.

  22. Алғашқы тарихи-ғылыми зерттеулер бағдарламалары.

  23. Ғылымның тарихи реконструкция модельдері.

  24. Ғылым тарихы кумулятивтік, ілгерілеу, даму процессі ретінде;

  25. Ғылыми революциялар арқылы ғылым тарихының дамуы;

  26. Ғылым тарихы индивидуалды және «case-studies» (жеке жағдай зерттеулр, ситуационные исследования) әдісінің ерекшеліктері

  27. Ежелгі дұние жіне Ортағасырлада ғылымның пайда болу алғышарттары.

  28. Ежелгі Мысыр және Қосөзен өркениеттеріндегі ғылым.

  29. Ежелгі Греция ғылымы.

  30. Ортағасыр Европадағы білімнің қалыптасуы.

  31. Ортағасырлық Шығыс ғылымының дамуы.

  32. Классикалық ғылымның қасіби іс ретінде пайда болып дамуы.

  33. ХVI-XVII ғғ. классикалық ғылымның пайда болуы.

  34. XVIIIғ. соңы- XIXғ. басындағы ғылым дамуының ерекшеліктері.

  35. Биология саласындағы ғылыми эволюциялық ойлар.

  36. Классикалық емес ғылым.

  37. XIXғ. соңы- XX ғ. басындағы ғылыми ашылулар.

  38. Классикалық ғылымнан классикалық емес ғылымға ауысу.

  39. Жаңа ғылыми пәндердің дамуы.

  40. Әлем кеңістігі туралы білім: астрономия мен астрофизиканың алатын орыны.

  41. Постнеклассикалық ғылым.

  42. Постклассикалық ғылым және оның негізгі ерекшеліктері.

  43. Универсальды эволюционизм принципы.

  44. Синергетиканың әлеуметтік процесстерді зерттеуге колданылуы.

  45. Ашық рационалдылық концепциясы.

  46. Ғылым дамуының негізгі заңдылықтары.

  47. Ғылыми білімнің дамуындағы сабақтастық.

  48. Ғылым дамуындағы сандық және сапалық өзгерістердің бірлігі. Ғылыми білім дамуындағы

Оқу-әдістемелік кешенді қайта бекіту парағы


Төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________

Бекітілді 20__/__ оқу жылы . Кафедра мәжілісі хаттамасы № __, «___»_______20 ж.


Кафедра меңгеруші_______________


Оқу-әдістемелік кешенді қайта бекіту парағы
Төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________

Бекітілді 20__/__ оқу жылы . Кафедра мәжілісі хаттамасы № __, «___»_______20 ж.


Кафедра меңгерушісі _______________


Оқу-әдістемелік кешенді қайта бекіту парағы


Төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бекітілді 20__/__ оқу жылы . Кафедра мәжілісі хаттамасы № __, «___»_______20 ж.




Кафедра меңгерушісі _______________

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет