Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989. 
2. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
4. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. Алматы,1987.
5. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
6. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1992 
7. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
 
№7 дәріс
Тақырыбы
:
ХҮІІ ғасыр әдебиеті. Жиембет жырау. 
Мақсаты
:
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы тарихи-әлеуметтік жағдайларға шолу жасау. 
Жиембет жыраудың шығармашылығына талдау жасау.
1.
ХҮІІ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлары. 


2.
Жырау туралы тарихи деректер. 
3.
Шығармаларындағы Есім хан бейнесі. 
4.
Толғауларының кӛркемдік ерекшеліктері. 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Еңсегей, ӛрлік, періктік т.б. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
ХҮІІ ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар ӛткен дәуірлермен салыстырғанда 
біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларынан біздің заманымызға 
шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты ХҮІІ 
ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған Еңсегей бойлы ер Есіммен 
байланыстырылады. 
Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы. 
Сонымен бірге Жиембет – ел аузынан алынған тарихи әңгімелерге және ӛз 
шығармаларындағы кейбір сӛздерге қарағанда, заманның ірі феодалы, мемлекет істерінде 
үлкен роль атқарып отырған қабырғалы би.
Жиембет «Еңсегей бойлы ер Есім» жырының басты кейіпкерінің бірі. «Сол күнде 
үш жүздің баласында атақты тӛрт батыр болар еді. Ұлы жүзде Бӛгжелі елінен Жабайұлы 
Жақсығұл деген мерген еді. Қоңыраттан Алатау деген батыр еді. Кіші жүз Алшын... 
Бортоғашұлы Жиембет деген еді. Үйсіннен Сүлеймен батыр...» Жырда Жиембеттің 
ерліктерін суреттеуге кӛп орын берілген. 
Жиембеттен қалған ең елеулі мұра – оның Есім ханға толғауы. Жыраудың қаруы – 
тіл. Күллі құбылыстар құпиясы мен олардың сабақтастығын айтып бере алатын күш – 
поэзия десек, ал поэзия тілі – образды қуат пен бейнелі суреттің, сұлу ырғақ пен тӛгілмелі 
ұйқастың негізі. Есім қазақ тарихындағы ең жауынгер, ең әулетті хандардың бірі еді. Ол 
жайындағы аңыз әңгімелер, тіпті кӛршілес халықтардың да жадында сақталған. 
Сондықтан Есімге мұндай сӛздер айту әмірші алдында үлкен еңбегі, беделі бар адамның 
ғана қолынан келер іс екені ӛзінен ӛзі түсінікті. Ел әңгімелеріне қарағанда, Жиембет – 
Есімді ақ киізге салып хан кӛтерушілердің бірі, оның барлық жеңісті жорықтарының 
қаһарманы. Әсіресе жыраудың батырлығы ерекше сӛз болады.
Менім ер екемді кӛргенсің, 
Әуелден бірге жүргенсің, 
Дегенімді қылғансың 
Қайратымды білгенсің, -
дейді Жиембеттің ӛзі де. Қайраты қайда кӛрінгені, қандай ерліктер жасағаны жайында 
атпайды, тек ӛзін мадақтаумен ғана шектеледі:
Менім ерлігімді сұрасаң, 
Жолбарыс менен аюдай, 
Ӛрлігімді сұрасаң, 
Жылқыдағы асау тайыңдай. 
Зорлығымды сұрасаң, 
Бекіре мен жайындай 
Періктігімді сұрасаң, 
Қарағай мен қайыңдай. 
Жыраудың теңеулерді ӛзін қоршаған реалдық ортадан алғандығы кӛрінеді. Жӛнсіз 
шалқу жоқ. Сондықтан ӛте әсерлі шыққан.
«Жиембеттің бата сӛйлеп отырғанының тағы бір себебі – оның жалғыз еместігінде, 
артында күшті руы, белді батырлары тұрғандығында. «Мен ӛлсе құнсыз кетер деме сен», - 
дейді ол Есімге. Інісі Жолымбет батырға арнаған жырында: «Хан жалғыз да біз үшеу», - 
деп ӛздерінің кӛптігін, білектілігін айбар етеді. Сүйеніш тұтары – немере інісі Байбақты 
батыр».
Есім ханның қабырғалы билерінің бірі болған Жиембет қарапайым кӛшпенділер 
қатарынан емес, қолынан билік кетпеген дала феодалдарының ұрпағынан екендігі 
аңғарылады. Халық аңыздарының және шежіренің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы – 


Ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр; Алау – ХҮІ ғасырдың алғашқы жартысында 
жасаған, тарихқа белгілі адам.
Толғаудың туу себебі жайында айтылатын әңгімені келтірейік. Қалмақ 
тайшаларының бірінен Есім ханға сыйға бір сұлу қыз жіберілген екен.Оған Жиембеттің 
інісі Жолымбет батыр қызығып, барар жеріне жеткізбей жолдан тартып әкетіпті. Хан 
алдына кесе кӛлденең тұрғаны үшін Жиембет әуелде інісіне қатты наразы болған екен, 
артынан тентектігін кешіріп, татуласыпты. Енді Есім хан ағайынды екеуіне де қысым 
кӛрсетуді ойлайды. Мұны білген Жиембет бір реті келген жерде ханға осы толғауды 
айтыпты.
Толғау 7-8 буынды жыр ағымы үлгісінде келеді. Кӛркемдік құралдарға онша бай 
емес, кӛбіне-кӛп қолданылатыны – теңеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет