Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет102/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Осы  саланың  дамуына  жол  ашқан  М.С.  Гиляровтың  ғылыми  еңбегі 
«Топырақ  диагностикасының  зоологиялық  әдісі»  мен  «Топырақтағы  бунақ 
денелілердің  бейімделу  заңдылықтары»  монографиясының  жарық  көруі, 
сонымен  қатар,  оның  басшылығымен  «Топырақта  тіршілік  ететін 
бунақденелілер  жұмыртқаларының  анықтаушысы»  және  «Топырақта 
тіршілік ететін кенелерді анықтаушы» кітаптары баспадан шықты.  
Қазіргі  уақытта  топырақ  зоологиясы  -  көп  жоспарлы  ғылыми  пән,  ол 
топырақта  өмір  сүретін  жануарлар  мен  олардың  тарихи  даму  ортасын 
зерттейді.  
Топырақ  зоологиясының  зерттеулері  заманауи  мәселерді  қамтиды: 
бірлестіктердің  популяциялық  құрылымы  мен  динамикасын;  сапротрофты 
зоомикробты  бірлестіктегі  биотикалық  байланыстарды  және  топырақтағы 
ағзалар  құрылымын;  антропогенді  биоиндикация  әсері  жүйесіндегі  топырақ 
биотасы  ролін  қоршаған  орта  биомониторингімен  салыстырады.  Топырақ 
фаунасы  энергиясы  бар  өсімдікке  қарағанда  сезімталдық  индикатор  ролі 
жоғары.  Топырақты  омыртқасыздардың  қолданылуы  олардың  тіршілік 
циклдарын көрсетеді: жұмыртқалар, құрттар, қуыршақтар және т.б.  
Топырақ  зоологиясы  экотоксикация  миграциясы  механизмдерін  және 
олардың нашарлауын зерттейді. Экотоксикант - организмде қатерлі деңгейге 
дейін  концентрациясын  жинақтай  алатын  зиянды,  қоршаған  ортада  тұрақты 
зат  (ауыр  металдар,  фтор,  мыщьяк  және  көмірсутегілер  туындылары). 
Ластаушы  заттар  биомассада  жиналады  және  миграциялайды,  сондықтан 
экотоксикологиялық зерттеулерде топырақ организмдері топтарын биомасса 
мөлшерін  анықтаған  жөн.  Топырақтағы  химиялық  заттардың  бұзылуында 
әртүрі 
организмдер 
роль 
атқарады: 
жануарлар, 
бактериялар, 
саңырауқұлақтар,  актиномицеттер,  өсімдіктер.  Олар  химиялық  заттарды 
сіңіреді  және  ыдыратады.  Бұл  орайда  қазандық  педобионттардың  еңбегін 
атап  өткен  жөн  (Т.И.Артемьева  және  басқалар).  Өндірістік  шарттағы 
зерттеулер  ормандық  және  құрғақ  субтропиктік  ландшафта  жүргізілген 
тәжірибелерімен толықтырылады. Педобионттардың табиғи бірлестігінің тез 
қалпына келуі байқалады. Процестің қарқындылығы солтүстіктен оңтүстікке 
қарай көбейеді. Солтүстікте төменгі температурада, ал құрғақ субтопиктерде 
ылғал  жетіспеушілігімен  ерекшеленеді.  Экотоксикологияның  классикалық 
токсикологиядан  басты  ерекшелігі  -  ол  популяция  ерекшелігін,  бірлестік 
және экожүйенің ластаушы заттарға әсерін зерттейді. 
Д.А.  Криволуцкий  есімімен  байланысты  радиоэкологиялық  бағыт 
жоғарғы  қарқынмен  дамуда.  Радиоактивті  ластану  биоиндикациясында 
топырақ  биотасы  жағдайының  көрсеткіші  қолданылады.  Популяциялық 
радиоэкология  базасында  экологиялық  мәселелерді  шешуге  және 
биологиялық қауіптің алдын алуға болады             . 
Химиялық  элементтерді  биогенді  айналымдағы  жануарлардың 
қатысымен  жүретін  бағытты  ерекше  атап  кетуге  болады.  Бұл  мәселе 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет