Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Фитоиндикацияны  біз  маңызды,  әрі  толықтырушы,  аспапты  әдіс  деп 
қарастырылады,  себебі  ол  техногенез  кешенінің  қоршаған  ортаға  әсерін 
анықтайды.  
Өсімдіктердің  морфологиясына  негізделген  биоиндикация  әдістерінің 
көмегімен  антропогендік  әсердің  картосхемасының  үлкен  бөлігі  жасалды. 
Индикацияның  морфологиялық  әдістері  сонымен  қатар,  тұрақты  орман 
жолақтарын,  жемісті  және  сәндік  ағаштарды  селекциялау  кезінде 
қолданылады. 
Фитопопуляцияның  ауыр  металл  тұздарымен,  пестицид  қалдықтарымен, 
микотоксиндермен  және  өзге  агентермен  ластануын  анықтау  үшін  арнайы 
биотесттер 
арқылы 
биотаның 
морфометриялық, 
физиологиялық, 
биохимиялық  көрсеткіштерінің  өзгерісі  деңгейін  бағалауда  қолдануға 
болады.  Бұндай  бұзылыстар  өсу  энергиясынан,  тұқымның  өнуінен,  тамыр 
өлшемінен көруге болады. Олардың кейбіреулерін түрлі ағзалар мысалында 
қарастырсақ. 
Жасыл  жапырақтарды  зерттеу  кезінде  келесі  өзгерістерге  баса  назар 
аударған жөн: 
Жапырақ түстерінің өзгеруі көбіне түрлі толқуларда бейспецификалық 
реакция ретінде көрінеді. 
а)  Хлороз  –  жүйкелер  (жилки)  аралығындағы  түссіздену  белгілері  (мысалы: 
ауыр  металл  өндірілген  жердегі  өсімдіктер  немесе  түрлі  зиянды  газдардың 
әлсіз жері, кезіндегі қарағай қылқандары) 
б)  Жапырақтардың  қызаруы  –  антоциан  жинақталған  кезде  SO
2
  әсерінен 
қарақат  (смородина)  және  гортензия  жапырақтарында  дақтар  түрінде  пайда 
болады. 
в) Жапырақтардың шеттерінің немесе арнайы бір бөлігінің сарғаюы 
– жапырақты ағаштарда хлоридтер әсерінен пайда болады. 
г)  Жапырақтың  күреңденуі  немесе  солғын  тартуы  жапырақты  ағаштарда 
ауыр некроздық зақымданудың алғашқы сатысында байқалады
ал шырша мен қарағайда түтінді зақымдалу зонасын анықтау үшін көрсеткіш 
бола алады. 
Некроздар – бұл ұлпалардың органикалық бөліктерінің қурап қалуы 
–  индикация  кезінде  зақымдалудың  негізгі  белгілерімен  ерекшеленеді. 
Некроздың келесі түрлерін ажырата білген жөн: 
а)  Нүктелік  және  дақтық  некроз  жапырақ  пластинкасы  ұлпасының 
нүкте немесе дақ түрінде құралуы. 
б)  Жүйке  аралық  некроз  –  бірінеше  реттегі  жанама  жүйкенің 
аралығындағы  жапырақ  пластинкасының  өлуі,  бұл  процесс  SO
2
  (күкірт  газ) 
әсері кезінде байқалады. 
в) Жиектік некроздар – ас тұзымен зақымдалған ағаштарда байқалады; 
жүйке аралық және жиектік некроздардың бірлестігі «балық қанқасы» типті 
белгілердің пайда болуына әкеледі. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет