Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ластануының 12-17% концентрациясына жеткенде белгілі болған. Бұл ретте
вегетацияның ұзақтығы қысқарады, бiрақ толық жапырақтың сарғаюы жақын
мерзiмдерде, таза ортада аяқталады. Көрсетiлген ырғақ бұзылыстары және
өсімдіктердің дамуының өзгерісі макроклиматтың ауытқуына байланысты:
ластанған аумақтарға ертерек және қар еруде тезiрек болады, ауаның орташа
тәулiктiк қызуы 5°С-қа жетедi. Биоиндикацияның фенологиялық әдiстерi (10
ШРК аса) ауаның ластануын жоғары деңгейде бағалауға мүмкіндік береді.
Өнеркәсiптiк газдар 1 ШРК және одан жоғары концентрациясынан асқан
кезде төмендегідей өзгерістер байқалады: өсімдіктерде некроздың пайда
болуы, жапырақтар мен қылқан жапырақтыларда (күйіктер), бұтақтар өсуінің
баяулауы, бұтақтарда ассимиляция мүшелерінің өлшемдерi немесе (шөп
тектес өсiмдiк) сабақ ауданының кемуi, дымқыл және құрғақ жапырақты
өсімдіктердің ауданының төмендеуі, екпе ағаштардағы төменгi бұтақтардың
кеуiп кетуінiң жеделдеуi, ағаштардың өмір сүру ұзақтығының қысқаруы.
Атап өтiлген ауытқулар қарағайға қарағанда, қылқан жапырақты өмір
сүру мерзімі ұзақ өсімдіктерде (шырша) тез көрініс табады. Жапырақ
тұқымдастарда континенттік климатта ауа ластануының жоғары деңгейінде
байқалады. А.И.Григорьевтің
пікірінше, ауа ластануының ең ақпараттық
биоиндикациялық белгілері болып, жылдық есептік көрсеткіштер қылқан
жапырақтылардың саны, құрғақ салмағы, құрғақ салмақтың жыл бойына
төмендеуі болып табылады. Жер қыртысы мен суды тестілеу мақсатында
түкті тұқымдастар қолданылса, ауа тазалығын анықтауда ағаш тұқымды
өсімдіктер пайдаланылады. Мысалы, қорғасын топырағында бозоттың
түрлерiн (Festuka ovina), суоты (Agrostis tenuis), мырышта – шегіргүлдің
түрлерін (Viola tricolor) қолданады. Биотестілеу мақсатында арнайы екпе
өсiмдiктердің сорттары пайдаланылады. Англияда, темекінің Bel W3 түрі
арнайы қолданысқа шығып, ауа құрамындағы азот мөлшерін анықтауға
көмектеседі. Осы темекі түрінің көмегімен, Британ аралдарының ауадағы
озон карта-схемасы жасап шығарылды. Озонның темекіге әлсіз әрекеттесуі
барысында біраз уақыттан соң жапырақ тақтасының барлық бетіне
некроздық күміс түсті дақтар пайда болады. Bel W3 темекі сортының
қатысты тұрақты озонына үлгі ретінде салыстыру үшін бір мезгілде
отырғызылады.
Өсімдік-индикатор дегеніміз – фитоулы концентрация әсерінен немесе
бір топ улағыш заттарға жауап беру барысында зақымдануға ұшырайтын
өсімдіктер тобы. Өсімдік-индикатор суда, топырақта, ауада бар ластағыш
заттарды анықтайтын химиялық сенсор. Ауқымды дәрежеде бағалау үшін,
сапалық мәні емес, сандық мәні маңызды. Сондықтан өсімдік-монитор тек
индикатор боп қана қоймай, сапалы баға үшін де көмек беруі қажет.
Қыналар жоғары сезімталдығының арқасында қолданылады, ластанған
жерде қыналардың мекендемейтіні бәріне белгілі. Қоршаған ортада күкірт
диоксиді концентрациясын анықтау үшін осы қыналар қолданылады. Оның