Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет92/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
әдістерді біріктіреді. Соңғылары еңбекке қатысты кең қолданылмайды, бірақ 
балық ағзасындағы патологиялық өзгерістер әсерін бағалауда, диагноз қоюда 
маңызды.  «Норманы»  қоюда  физилогиялық  күй  үшін  дені  сау  дараларды 
бөлу ең басты шарт болып табылады. 
Аурулардың  клиникалық  және  патоморфологиялық  талдау  әдісі 
(
макродеңгей
).  1970  жылы  балықтарды  зерттеудің  патофизиологиялық  әдісі 
су  қоймаларының  ластануынан  балықтардың  массалық  улануына 
байланысты  дамыды.  Медицина  мен  ветеринарияда  қолданылатын 
клиникалық  және  патологиялық-анатомиялық  зерттеу  әдістері  су 
қоймаларының  токсинді  ластану  салдарын  бағалау  мақсатымен  балықтарды 
зерттеу  үшін  қолданылды.  О.Н.  Крылов  пен  Н.М.  Аршаниц  балықтардың 
улануы  белгілерін  сипаттау  жүйесін  ұсынды  және  олардың  ауру  денгейін 
анықтаудың  бес  балдық  жүйесін  берді.  Қазіргі  уақытта  балық  өміріне  әсер 
ететін  әр  түрлі  токсиндер  жайлы,  сондай-ақ,  олардың  әсерінен  балықтар 
ағзасында  пайда  болатын  биохимиялық,  физиологиялық,  морфологиялық 
бұзылулар жайлы ақпарат алынды . 
Ағзаны  клиникалық  және  патологиялық-анатомиялық  зерттеу  әдісі 
ластану  аумағындағы  балықтарды  массалық  зерттеу  үшін  қолданылады. 
Ағзаның  интоксикациясы  белгілерін  визуалды  анықтау  (макродиагностика) 
балық  ауланған  сәттен  бастап  бір  сағат  көлемінде  жүргізіледі.  Сыртқы 
қарауда  басты  назарды  бояуға  (пигментті  жасушалар  жағдай  – 
меланофорлар);  жүзу  желегі  мен  сәулелер  тұтастығына;  балықтағы 
сұйықтықтың  құрамына;  гиперемия,  теріге  қан  кету  немесе  ісік  пайда 
болуына,  ағза  гидремиясына;  бас  және  дене  сүйегінің  өзгеруіне,  сондай-ақ 
көз  жанары  жағдайына  бөледі.  Желбезек  қабы  ашық  болса,  оның  түсін, 
сүйықтығын,  желбезек  сипатын  (өсуін,  жабысуын,  кеңеюін,  жұқаруын) 
зерттейді. 
Асқазанды  кескенде  бұлшық  ет  жағдайын  (түсі,  консистенциясы,  қан 
айналымы,  сүйекке  жалғануы),  асқазандағы  экссудатты,  майды,  оның  түсі 
мен  құрамын  зерттейді.  Ішкі  ағзалардың  топографиялық  орналасуын 
тексереді (бауыр, бүйрек, гонадалар, жүрек, ішек-қарын), олардың мөлшерін, 
түсін,  құрамын,  шет  сипаттамасын,  қан  айналымын,  некроз  ошақтарын 
қарайды.  Ішек-қарындағы  сілекейлі  қабықты  қарайды.  Бас  миын  зерттейді, 
буындардағы қан айналымына, олардың түсі мен құрамына назар аударады. 
Ластану  аймағындағы  даралар  денсаулығы  диагностикасының  басты 
аспектісі болып ағзаның зияндық деңгейін анықтау табылады. Мысалы,70% 
даралар өлім аузында болуы мүмкін, бірақ ластанудың жоғарғы емес деңгейі 
балық  өміріне  әсер  етпеуі  мүмкін.  Клиникалық  және  патологиялық-
анатомиялық зерттеулер тұрғысынан балық ағзасын бағалау үшін эксперттер 
әр  түрлі  балдық  жүйелерді  микродиагностикасы  негізінде  балықтардың 
ауруын 3 деңгейге бөлуді ұсынады              (0-дені сау даралар): 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет