Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет118/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
1980].  Зерттеушілер  перифериялық  қанның  эритроцитіндегі  микроядроның 
жиілік деңгейіне, жілік майындағы деңгеймен салыстыра отырып, сараптама 
жасады [Mac Gregor et al., 1980; Hooftman, Raat, 1982; Schleget, Mac Gregor. 
1982,  1983;  Labdetie,  1983].  Перифериялық  қанға  жасалған  талдау  нәтижесі 
тірі  жануар  организміне  мутагендік  фактордың  қалай  әсер  ететінін 
жорамалдауға  көмектеседі.  Кейбір  зерттеушілердің  айтуы  бойынша, 
эритроциттегі  микроядролар  қан  айналымы  жүргенде  қанмен  бірге 
эндотелиалдық  жасушалардың  тесіктерінен  өтіп  іріктеледі  [Schlegel,  Mac 
Gregor, 1982]. Осы іріктелу тесіктерінен өткенде ядролар мен микроядролар 
ұсталып  қалады  да,  одан  кейінгі  қан  айналымына  эритроциттер  ядросыз 
болып  кетеді,  бұл  жағдай  микроядроны  анықтау  талдауына  әсер  етпей 
қоймайды  [Хэм  А.,  Кормак  Ф.,  1982].  Зерттеушілер  микроядроны  анықтау 
талдауының  көбісін  егеуқұйрыққа  жасаған,  себебі,  бұл  жануар  құрылысы 
қарапайым,  әрі  оған  дейінде  зерттелген,  сонымен  қатар,  егеуқұйрықтың 
эритроциттерінде  микроядро  саны  көп,  орташа  деңгейі  0,1-0,6  болады. 
Адамда  микроядролы  эритроциттер  саны  аз  болғандықтан,  әрбір  жасушаны 
алып  санауға  тура  келтіреді,  бұл  талдау  жасауды  күрделендіреді. 
Микроядролық  талдаудер  тек  тышқандарға  ғана  емес,  өзге  жануарларға  да 
жасалды,  олар:  маймылдарға  [Ильинский  Н.  Н.,  Ильинских  И.  Н.,  1982], 
лабораторлық  ақ  егеуқұйрықтарға  [Bradford  et  al.,  1983;  Engelse  et  al.,  1983; 
Lahdetie, 1983], кенгурулық егеуқұйрыққа [Gregoire et al., 1982], итке [Benz, 
Beltz,  1980],  мангустқа  [Babu  et  al„  1980],  балыққа  [Hooftman,  Roat,  1982] 
теңіз кірпісіне [Hose, Puffer, 1983]. 
Л.Я.Перепечаев  микроядролы  эритроциттердің  деңгейін  анықтау 
талдауын  көптеген  жылықанды,  омыртқалыларға  жүргізді.  Талдау  нәтижесі 
бойынша  микроядролы  эритроциттер  саны  ең  көп  жануар:  қоңыр  тістілер, 
одан  кейін  тышқандар,  егеуқұйрықтар,  атжалман,  теңіз  шошқасы,  қоян, 
мысық, ит, маймыл, ірі қара мал, ең соңғысы адам. Осыған қарап, неғұрлым 
өмір  ұзақтығы  үлкен  болса,  соғұрлым  микроядролы  эритроциттер  саны  аз 
болады  деп  тұжырымдауға  болады.  Ұзақ  өмір  сүретін  организмдердің 
генетикалық  гомеостаз  механизмі  белсендірек  келеді.  Жануар  түрлеріне 
байланысты  ДНҚ  репликациясының  белсенділігі  әртүрлі.  Әсіресе  оның 
белсенділігі жертесерде төмен, егеуқұйрықпен атжалманда және сиырда сәл 
жоғарылау, ал піл  мен адамда өте жақсы дамыған. [Hart, Selow, 1974]. Егер 
әртүрлі жануар эмбриондарынан фибриобласт алса, олардың мутагендерінің 
промутагенге 
деген 
биотрансформация 
қабілеттілігі 
бір-бірінен 
ерекшеленеді. Бұл кезде керісінше, жоғарыдан төмен көрсеткіш: егеуқұйрық, 
теңіз шошқасы, қоян, жылқы, піл, адам. 
Микроядролық  тест  көмегімен  әртүрлі  жыныс  дараларының 
мутагендерінің  цитогендік  әсерге  сезімталдығын  тексерген  [Crisman, 
Baumgartner,  1980;  Henry  et  al.,  1980;  King  et  al.,  1983].  Микроядроларды 
анықтау  жеңіл  тәсіл  болғанымен,  оны  жүзеге  асырғанда  қиындықтар 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет