Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Флюорат-02
Топырақ,
грунт
0,005
– 20
мг/г
-
±35-45
6. Иммунологиялық тәсіл
Жасушада генетикалық ауытқулар болған жағдайда, организмнің
иммундық жүйесінің оған қарсы күресу қасиеттін цитогенетикалық
тәсілдеме
сипаттайды.
Иммунологиялық
тәсілдеме
иммунитет
параметрлерін: қан мен лимфа құрамын, организм сұйықтығындағы
антидене мөлшерін, жасуша құрамының динамикасын бағалауды
жүргізеді. Иммундық жүйенің басты қызметі организмнің ішкі ортасын
қалыпты жағдайда ұстау болып табылады. Иммундық жүйе организмдегі
тұрақсыз бөліктерінің бірі, сондықтан ол өзгерген жағдайда иммундық
жасушалардың қызметтік белсенділігі төмендейді. Өзгерістің артып кетуі
қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы иммундық
жасушалардың шамадан тыс жұмыс істеуі нәтижесінде оның сарқылуына,
жеке бөліктерінің бірігіп жұмыс істемеуіне, ақыр соңында, иммунитет
жетіспеушілік ауруына шалдықтыруы ықтимал. Сүтқоректілердің
иммундық жағдайын тексеруге арналған тест сараптамалары иммундық
жүйенің негізгі 3 жасушалық популяциясы жайлы мәлімет береді. Олар:
1) фагоциттеуші жасушалар, бөгде немесе өзінің өзгертілген жасуша
бөліктерін ұстау мен қорыту қызметін атқарады;
2) Т-лимфоциттері, цитокин көмегімен жүйе ішінде жасушалардың
байланысын жүзеге асырады, генетикалық бөгде немесе өздігінен өзгертілген
жасушаларды табу В-лимфоциттерге сигнал жеткізу қызметтерін атқарады;
3) В-лимфоциттері, иммуноглобулиндегі антиденелер жасаушы, соның
арқасында бөгде жасушаларды жойып, фагоцитозды жеңілдетеді. Қоршаған
ортаның иммундық жағдайын бағалау тәсілдемесінің негізгі мақсаты
омыртқалы немесе омыртқасыз жануарлардың туа біткен және жүре пайда
болған иммунитетін зерттеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: