Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет123/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
етуі  мүмкін.  Су  қоймаларындағы  аз  ғана  концентрацияда  ағзаның 
гомеостатикалық көрсеткіштерін анықтауға болады.  
Иерархиядағы  индикациялық  көрсеткіштер  жағдайын  Н.С.  Строганов, 
А.Д.  Слонин,  Б.А.  Флеров,  Л.П.  Брагинский,  Н.А.  Тушмалова  өздерінің 
еңбектерінде көтерген. Жануарлар әрекеттеріндегі стандарттық нормалардан 
ауытқу  қоршаған  ортадағы  өзгерістердің  бірінші  белгісі  ретінде 
қабылданады.  
Адамға,  барлық  эукариоттарға  тән  эволюциялық  әмбебап  әсерлер 
басты  назарда.  Бұл  феномендер  қатарына  туа  біткен  әрекетті  және  жүре 
пайда болған әрекетті жатқызуға болады               
Инфузорияға  жүргізілген  тәжірибелерде  функционалды  жағдай 
көрсеткіштері  болып  мына  реакциялар  жатқызылды:  кенеттен  пайда  болған 
қозғалыс  белсенділігі,  асқа  деген  құмарлық,  ядролық  аппарат  жағдайы. 
Жүйке  жүйесінен  айырылған  ағзалар  үшін  омыртқалы  жануарларға 
қолданылатын тәжірибелер жүргізілді. Зерттеулер суда тіршілік ететін 
Hydra 
attenuate
  гидрасына  жүргізілді.  Бейімделушілік  деңгейі  гидраның  көлемінің 
өзгеруімен  анықталды. 
Polyceiis  nigra,  Euplanaria  gonocephala,  Dugesia 
tigrina
  (көрінетін  ми  -  цефализация  қалдықтары)  құрттарына  жүргізілген 
зерттеулерде  экологиялық  маңызды  әсерлерге  гидробионттардың  негізгі 
реакциялары  зерттеледі.  Кейінірек  су  ортасының  сапасына  баға  беру  үшін 
планарийлердің шартты рефлекстерін шығару әдісі қолданыла бастады               
Жануарлардың  мінез-құлқы  тумысынан  бар  және  жүре  пайда  болған 
реакциялардан  тұрады,  олар  коршаған  орта  жағдайларына  тез  және  тиімді 
бейімделу  үшін  қажет.  Мінез-құлықты  зерттеу  өте  қиын  және 
лабораториялық  эксперименттермен  дәлелденген  табиғаттағы  толық 
бақылауды  талап  етеді.  Эволюция  барысында  қалыптасқан  мінез-құлық 
заңдылықтары қарапайымдармен қатар дамыған жануарларда да сақталады               
Сонымен,  мінез-құлық  эволюциялық  тұрғыда  шартталған  жануар 
жағдайының физиологиялық көрсеткіші болып табылады. Бір жануар түрінің 
мінез-құлық  құбылысының  өзгеруі  басқа  да  түрлердің  мінезінің  өзгеруіне 
алып  келеді.  Биотестілеу  үшін  мінез-құлық  формалары  ішінен  қоршаған 
ортада болып жатқан өзгерістерге сезімталдық деңгейі анықталады. 
Биотестілеудің бұл түріне жануарлар мінез-құлқын тестілеудің «Ашық 
алаң» әдісін жатқызуға болады. 
5. Биофизикалық тәсіл 
Ортаның 
сапасын 
тексерудің 
биофизикалық 
әдісі 
үнемі 
биохимиялық және  биофизикалық процестердің жабдықтық бұзылымына 
негізделеді.  Бірі  жасушалық  мембрана  құрылысы  қызметінің  өзгерісін, 
екіншісі  -  ұлпалардың  электр  өткізгіштігін,  үшіншісі-электр  потенциалын 
өңдеу қабілетін қадағалайды. 
Ю.АКурило  еңбектерінде  биофизикалық  әдістер,  нақтырақ  айтқанда, 
электрлік қарсы тұру және асимметриялық өзгеріс деңгейлеріне талдау жасау 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет