Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
5  –  Сурет.  Өсімдіктер:  А  -  фреатофиттер,  Б  –  трихогидрофиттер,  В  – 
обмроиттер (сызба) І – топырақ беті, ІІ – грунттық су астындағы капиллярлы 
жолақ; ІІІ – грунттық сулар 
Гидроиндикацияның басқа жағы – топырақтың жоғарғы тамыры орналасатын 
жерінің  ылғалдылық  жағдайын  анықтайтын өсімдіктер.  Бұл  жағдайда үлкен 
индикаторлық  рөлді  өсімдіктердің  жамылғысында  әртүрлі  экологиялық 
типтегі суға қатысты өсімдіктердің басымдылығы: гигрофиттер, мезофиттер, 
ксерофиттер  және  де  олардың  арасындағы  өтпелілер  жатады.  Индикатор 
өсімдіктердің топырақ ылғалдылығын анықтауға арналған әртүрлі шкалалар 
бар.  Мысалы,  У.М.  Ахмедсафин  бойынша  (1959)  Оңтүстік  Қазақстанның 
шөлінің грунттық суларының өсімдік-индикаторлары; Л. Г. Раменский және 
т.б.  бойынша  (1956);  Кейбір  өсімдіктер  тек  деңгейді  ғана  емес,  сонымен 
қатар  ылғалдылық  мерзімді  ырғағын  көрсетеді.  Мысалы,  Волго-Ахтубинск 
қоймасында  жатаған  бидайық  ұзақ  емес  үзілісті  ылғалдылығы  бар  тіршілік 
ету ортасын дәлелдейді, ал кәдімгі күреңше керісінше ұзақ және тұрақты су 
басуды көрсетеді.  
Торфтардың  кейбір  қасиеттерінің  индикациясын  –  мықтылық,  химиялық 
құрамы,  жасы,  ылғалдану  ырғағы  т.б.  өсімдік  қасиеттерін  қолдану  арқылы 
жүргізуге болады. 
Кейбір  өсімдік-индикаторлар  топырақтың  бір  ғана  ерекшелігімен 
байланыспай,  топырақ  факторларының  белгілі  үйлесуіне  байланысты 
топырақ  индикациясын  бір  мезгілде  екі  немесе  бірнеше  белгілеріне 
мүмкіндік  жасайды.  Осы  принципте  кейбір  индикациялық  деңгейлер 
құрылады,  мысалы,  Раменский  Л.  Г.  (1938)  бойынша,  шалғындық 
өсімдіктердің  құрамына  қарай  топырақ  құнарлығын  және  ылғалдануын 
анықтауға  мүкіндік  береді.  Кейде  мұндай  деңгейліктерді  тор  тәрізді 
көрсетеді.  Ұзыннан  бір  фактор  қойып,  тігінен  басқаны  қояды  немесе 
координата  түрінде  ортадан  кеткен  сызықтар  бірнеше  факторлар  өзгерісін 
көрсетеді.  Ескеру  қажет,  мұндай  сызбалар  қатаң  мөлшерлік  және 
геометриялық  ойды  ұстанбайды,  бірақ  сол  не  басқа  өсімдікпен  өсімдік 
ассоциациясына индикациялық мағыналығын береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет