Пәннің мақсаты: ізгілік педагогикасының мәнін ашу, рухани бастауларды және
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірудің жолдарын терең түсіндіру, сондай-ақ өз
болашағына сенімді, өзін-өзі басқаратын, өз ойына, сөзіне, ісіне жауапты, жан-жақты
дамыған ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу.
Оқу пәнін міндеттері:
– рухани жетілу, замануи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелерін
түсіндіру;
– өзінің ішкі сезімдерін, ойлауын, реттеу, бақылау және қоршаған адамдардың
жеке ерекшеліктерін дамыту;
– адам табиғатына және адамдық қасиеттерге құрметпен қарауды қалыптастыру.
2.Пререквизиттер
Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді: «Өзін-өзі тану», «Әлеуметтік педагогика»,
«Өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздері» пәндерін меңгеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |