Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет61/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Тәрбиенің  азиялық  моделінің  артықшылығы  –  жоғары  деңгейдегі  ұжымшылдық, 

еңбексүйгіштік,  тәртіптілік  және  әлеуметтік  бағыныштылық  болса,  жеке  бас 

жауапкершілігінің  төмендігі,  сенімсіздік,  дербестікті  басу  –  тәрбие  моделінің  кемшілігі 

болып  табылады.  Қазақстандық  тәрбие  жүйесінің  ерекшелігі  –  қазақ  халқының  діліне  тән 

туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіні қадірлеу

ашықтық,  қонақжайлылық,  қайырымдылық,  шынайылық,  толеранттылық  сияқты 

қасиеттерге негізделген тәрбиеге бағдарлану. 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің басты мақсаты «Қазақстан- 

2050»  −  Мәңгілік  Ел  Стратегиясына  қол  жеткізудің  іргетасы  болып  табылатын 

мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтар ескеріле отыра анықталды. 

Қазақстан  Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  аз  уақыт  аралығында  дүниежүзілік 

қауымдастыққа  толық  құқылы  және  беделді  мүше  болды,  ол  әлемдік  экономикалық  және 

мәдени  кеңістікке  белсенді  түрде  кірігуі  басталды.  Жаһанданупроцесіне  кірігу  шеңберінде 

қазақстандық  жастар  білім  беру,  ақпараттық  және  мәдени  өзара  алмасуға  белсенді  қатыса 

алды. 


 

Оқушы жастардың санасында беделді білім алу уәжінің өсуі, әлеуметтік белсенділік, 

жаңа  мамандықтарды  және  АКТ  меңгеруге  ұмтылыс,  коммуникативтік  құзыреттілік, 

мәдениетаралыққарым-қатынастың  белсенді  болуы  сияқты  жаңа  позитивті  трендтер  пайда 

болды.Өз  елінің  тарихына,  мәдениетіне  және  дәстүрлеріне,  өз  халқының  мәдени  мұрасына 

қызығушылығы  арту  негізінде  ұлттық  өзіндік  сананың  өсуі  байқалады.  Жаңа  қазақстандық 

патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасупроцесіжүріп жатыр. 

Елдегі  оң  өзгерістер  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәрбие  жүйесінде  өз  көрінісін 

тапты.  Тәрбие  практикасында  ізгілікті  мұраттар,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтар жүзеге асырылуда. Жалпықазақстандық діл, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер 

ескерілген  ұлттың  зияткерлік,  рухани  және  шығармашылық  әлеуетін  жаңғыртуүшін 

жағдайлар жасалуда. 

Мұғалімдердің  кәсіби  қызметінде  үштілді  білім  беру  саясаты,  ақпараттық 

технологиялар  қолдану  ескерілген  жастардың  функционалдық  сауаттылығы,  көпмәдениетті 

тәрбие процесінің артуы байқалуда және т.б. 

Республикада  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  зор  мүмкіндіктерге  ие  болып 

отыр. 

Жалпы  білім  беретінұйымдардың  бүгінгі  дамуын  анықтайтын  көптеген  міндеттер 



жұртшылық тың, жергілікті  қатрушы органдар дың, әденим демалыс орталықтары, отбасы, 

балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының өзарабелсенді әрекеттесуі жағдайында ғана 

шешілуі мүмкін. 

Республикада қамқоршылық кеңестерінің қызметі белсенді түрде кең тарай бастады. 

Сонымен бірге,ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балаларда және жастарда 

азаматтық  көзқарас,  патриоттық  сезім,  ұлттық  құндылықтар  қалыптастыру  деңгейінің 

жеткіліксіздігі  арасында  қарама-қайшылықбайқалады.  Жастар  ортасында  прагматикалық 

бағдарлану күшейіп барады, өмірлік құндылықтар арасынан қоршаған әлемге тұтынушылық 

және  өзімшілдік  қарым-қатынас,  материалдық  молшылыққа  ұмтылыс,  рақатқа  табыну 

маңызды болып отыр. Жастардың бір бөлігіндеәлеуметтік-позитивті бастамашылық мүлдем 

жойылып,  оның  орнын  мақсатсыз  уақыт  өткізу  алмастырып  отыр.  Өмірлік  жетістікке, 

жоғары  әлеуметтік  мәртебеге  қол  жеткізу  табанды  және  нәтижелі  еңбек  етумен,  қойылған 

мақсатқа дәйекті түрде жетубілігімен байланыстырылмайды. 

Мектептегі әстүрлід оқу бағдарламаларының тәрбиелік әлеуеті жеткіліксіз, ұлғаныңт 

зияткерлік  дамуына  көп  бағдарланған.  Тәрбие  жұмысында  жастардың  бос  уақытын 

ұйымдастыруға, өңілк көтеру сипатындағыбірреттік шоу-шараларға көп көңілбөлінген. 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет