Лекция№7. Ынтымақтастық педагогикасы
Жоспар:
1.Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеялары, жаңашыл педагогтар.
2. Мазмұны мен әдістемесінің ерекшеліктері. Балаға адамгершілік-тұлғалық көзқарас.
3. Дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешен. Тәрбие тұжырымдамасы.
Қазіргі таңда еліміздің өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруді
көздейтін білім беру саясаты ынтымақтастық идеяларына негізделеді. Ынтымақтастық
педагогика идеялары-жаңа білім беру негізі. Мақсатқа жетуді көздейтін кез-келген
педагогикалық әрекет ынтымақтастықта оқу және оқыту арқылы дамып, табысқа жететінін
қазргі тәжірибе көрсетіп отыр.
Ынтымақтастық педагогика негізі адамға деген ізгіліктіктік көзқарас, оның
мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сену, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін түсіну, тәрбие
үрдісінде оларды есепке алу. Осы тұжырымдамаға сәйкес үш басты тұлғалық ұстанымдарды
бөліп көрсетуге болады.
1.
Баланы бар болмысымен қабылдау. Мұнда баланы мұғалімнің қабылдамауы,
оқушының өзіндік «Менін» бағаламауы орын алмайды.
2.
Баланы эмпатикалық түсіну. Мұғалім оқушының ішкі дүниесіне енуге,
қоршаған ортаны оқушының көзімен қабылдап, оның ішкі дүниесімен сезінуге талпынады.
3.
Оқушылармен ашық, өзара сенімділік қарым – қатынас. Мұғалімнің
оқушыларға өзінің ішкі дүниесін ашуға деген талпынысы.
Ынтымақтастық педагогикасы «ынтымақтастықты» бірлескен әрекет деп түсініп,
төмендегідей сипаттайды:
1) ортақ мақсаттың болуы;
2) әрекетті ұйымдастыру және басқару;
3) қызметті, әрекетті, жолдарын бөлу;
4) тұлғааралық қатынастың болуы.
Өзара ынтымақтастықта бола алады:
- мұғалім мен оқушылар, бірлескен әрекетті және мұғалімнің шұғыл кері
байланысты орнату барысындағы өзара түсінушілікті көрсету арқылы әрекеттесуі;
|