Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
v Тәрбие тұжырымдамасы
v Қоршаған ортаны педагогикаландыру
Ізгіліктік-тұлғалық тұрғысынан
Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан қарау дегеніміз – мектептің білім беру үрдісі
тұлға сапаларының барлығын біртұтас дамытуды басты мәселе деп қарастыруы. Даму
деңгейі мектептің білім беру нәтижесімен, мұғалімнің, тәрбиешінің, басшылардың, тәрбие
мекемесінің жұмыс сапасының көрсеткіштерімен бағаланады. Оқу – тәрбие үрдісін ізгілікті
– тұлғалық тұрғысынан ұйымдастыру – тұлғаға бағдарлданған педагогикалық
технологиялардың негізі болып табылады. Ол келесі идеяларды біріктіреді:
- оқу – тәрбие үрдісін тұлғаға бағыттау;
- педагогикалық қарым – қатынасты демократияландыру және ізгілендіру;
- қазіргі жағдайда нәтиже бермейтін мәжбүрлеу әдісінен бас тарту;
- даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі;
- «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру.
Тұлғаға жаңаша көзқараспен қарау ұстанымдары:
- тұлға ерте шағында көрінеді, танылады, мектепте бала – толыққанды адами тұлға;
- тұлға педагогикалық үрдіс субъектісі;
- тұлға – мақсатқа жету құралы емес, ол – мақсат;
- әр бала қабілетті, көпшілігі талантты;
- тұлғаның басым сапалары болып этикалық құндылықтары саналады (мейірімділігі,
сүйіспеншілігі, еңбексүйгіштігі, ар – ұяты, азаматтығы т.б.).
Педагогикалық қарым – қатынасты ізгілендіру және демократизациялау. Оқу –
тәрбие үрдісінің нәтижесін анықтайтын маңызды факторы тұлғааралық қарым – қатынас
болып табылады.
Балаға деген ізгіліктік қатынас:
- балаға деген махаббат;
- балаға сену;
- ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі;
- мәжбүрлеудің болмауы;
- жағымды ынталандыру;
- бала бойындағы кемшіліктерге төзімділік;
Достарыңызбен бөлісу: