Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет44/77
Дата11.05.2020
өлшемі1,75 Mb.
#67054
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Байланысты:
umkd (1)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

пәнді  баланың  мүмкіндіктеріне  сүйене  отырып  меңгерту  емес,  оның  мүмкіндіктерін  есепке 

ала отырып дамыту, жетілдіру, байыту. Яғни: 

-   теңесуге бағдарлаудан бас тарту: 

-  тұлғаның жақсы жақтарын көре білу; 

тұлғаны 



психологиялық 

– 

педагогикалық 



диагностикалауды 

қолдану 


(қызығушылығы,  қабілеттері,  бағдары,  Мен  –  тұжырымдамасы,  мінез  –  құлық  сапалары, 

ойлау қабілетінің ерекшеліктері); 

-  оқу – тәрбие үрдісінде жеке тұлға ерекшеліктерін есепке алу; 

-  жеке тұлғаның дамуын жобалау; 

-  дамыту, түзетудің жеке бағдарламаларын құрастыру. 

  Тұлғаның  «Мен  –  тұжырымдамасын»  қалыптастыру. Мен  –  тұжырымдамасы  – 

бұл жеке тұлғаның өзін тану   туралы ойлар жүйесі. Жағымды, Мен – тұжырымдамасы (Мен 

ұнаймын,  Мен  қабілеттімін,  Менің  өз  орным  бар)  табысқа  бағытталады.  Жағымсыз,  Мен  – 

тұжырымдамасы (Мен ұнамаймын, Мен қабілетсізбін, Мен ешкімге керек емеспін) табысқа 

жетуге кедергі болады, тұлғаның жағымсыз жағына өзгеруіне себеп болады. 

  Ал бала тәрбиесінде тұлғалық тұрғысынан келу  жағымды Мен – тұжырымдамасын 

қалыптастыруда маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол үшін ең алдымен: 

v   Әр  оқушыда  керемет  тұлғаны  көре  білу,  оған  деген  құрмет,  ізгі  қатынас  («Барлық 

бала талантты»); 

v   Тұлға  дамуы  үшін  жағымды  жағдай  жасау,  қолдау,  мақұлдау,  мектепті,  оқуды 

қуанышпен қабылдауы. 

v   Мәжбүрлеуді  қолданбау,  бала  бойындағы  кемшіліктерге   баса  көңіл  аудармау, 

кемшіліктерді  айқындап,  себебін  анықтау,  баланың  ар  –  намысына   нұсқан  келтірмей  жоя 

білу. 

v  Балаға өзін жағымды әректте көрсете білуіне мүмкіндік және көмек беру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет