1.5 Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі құзыреттерді қалыптастырады және көрсетеді. Жалпы міндетті білім беру мектептеріндегі негізгі және бейіндік сатыдағы пән мұғалімі міндетін, биология кабинетінде және лабораторияларда жүргізілетін жұмыстарға жауапкершілікті атқара отырып білімдерін қазіргі заманғы оқу орындарында қолдана алуды, өзінің қызметінде мемлекеттің орта мектептерінде оқу процесін басқару, ұйымдастыру және бақылау жасау бойынша негізгі мемлекеттік құжаттармен жұмыс жасай білуі керек.
Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері
Білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралай алу дағдысына ие. Биологиялық білім беру саласында авторлық жаңашыл идеяны іске асыру, альтернативті шешімдер табуға, биологиялық идеялардағы жаңашылдықты туындату, сын көзбен ойлау білімдерін дамытуға қабілетті. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарын, білім беру процесін ұйымдастыру жолдарын меңгереді және білім беру процесінің мониторингі, бағалау критерийлері ерекшеліктерін болашақта кәсіби қызметінде қолдана біледі және жүзеге асырады. Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.