BSKKD 4312 «Биология сабағында көрнекі құралдар дайындау» пәні бойынша
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Мамандығы: 5В01300 «Биология»
Курсы: 4 семестрі: 7
Пәннің циклі: Бейіндеуші пәндер
Компоненті: таңдау
Кредит саны: 3
Оқыту түрі: күндізгі
Лекция: 15 сағат
Практикалық/семинар сабақтар: 15 сағат
ОББӨЖ: 30сағат
БӨЖ: 30сағат
Межелік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 7семестр
1 Пәннің академиялық сипаттамасы Көрнекіліктердің оқу процесіндегі алатын орны. Көрнекі құралдырдың классификациясы және оларды сақтауға қойылатын талаптар. Бекітілген және дара дайындалатын көрнекі құралдар. Динамикалық моделдер және моделдер даярлау. Көрнекіліктерді безендіру. Демалыс бұрыштарын бөлмелерді және коридорларды көгалдандыру, гербарийлер, экибаналар және гүл шоқтарын даярлау. Көрнекіліктердің негізгі түрлерінің сипаттамасы және классификациясы. Оқытудың негізгі принциптерінің бірі - көрнекілік принципі. Негізгі табиғат туралы түсініктерді қалыптастыруда дидактикалық материалдардың рөлі. Табиғи материалдардан макеттер және аппликациялар, муляждар, графикалық көркем суреттік көрнекіліктер дайындаудың техникасы көрнекі құралдарды дайындау дағдыларын қалыптастыру және биология пәндерін оқыту үшін қолдағы бар материалдардан көрнекіліктерді дайындауға үйрету.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты көрнекі құралдарды дайындау дағдыларын қалыптастыру және биология пәндерін оқыту үшін қолдағы бар материалдардан көрнекіліктерді дайындауға үйрету.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері биологиядан көрнекіліктер даярлау әдістері мен дағдыларын әрі қарай тереңдетіп базалық білімдерін кеңейту. Оқушылардың санасында өлі табиғат пен тірі табиғаттың біртұтастығы негізінде қоршаған орта туралы түсініктер қалыптастыру
1.3 Пререквизиттер: Ботаника, Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы, Жануарлар систематикасы мен эволюциясы.
1.4 Постреквизиттер: Магистратура пәндері
Достарыңызбен бөлісу: |