Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет22/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
сессия химия А, det bol det xir kz, 129678
15 Тақырып 
Қан және лимфа
Қан — трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын сүйық дәнекер үлпа. Ол пішіндік элементтер
мен плазмадан түрады. Пішіндік элементтерге қызыл және ак клеткалар жатады. Плазмада қан пластинкалары
(тромбоциттер) болады.
Қызыл клеткаларды эритроциттер (гректің эритрос — қызыл), ақ клеткалары лейкоциттер (гректің лейкос — ақ)
дейді. Қан пластинкалары (тромбоциттер) тұтас клеткалар емес, мембранамен қапталған цитоплазманың бөлігі. Бұлар
сүйек майында өте ірі клеткалар — мегакариоциттердің ыдырауының нәтижесінде пайда болады. Қан пластинкаларында
ядроның қүрылымды бөліктері болмайды. Осы белгісі жағынан сүтқоректілердің қаны құстардың қанынан ажырайды.
Құстарда адамның қан пластинкаларының кызметін атқаратын тромбоциттер (грекше тромбос — ұю) деп аталатын
ядролы кішкене клеткалар болады. Бірак қан пластинкалары тұтас клеткалар болмаса да тромбоциттер делінеді.
Олардың 1 мм3 қандағы саны 250 000 — 350 000 деп бағаланады. 
Эритроциттер мен пластинкалар қызметтерін тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әр түрлі
міндеттерін қанда емес, дәнекер үлпасьшда атқарады.
Эритроциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан. Бұлар қанның негізгі клеткалары. Лейкоциттерге қарағанда 500—
1000 есе көп. Ерлердің 1 мм
3
қанында 5 миллионға жуық, әйелдерде 4—4,5 миллион эритоциттер болады. Адам
организміндегі эритроциттердің саны орташа есеппен 25 триллион. Салмағы 500 кг. аттың эритроциттерінің жалпы
саны 436,5 триллион, егер секундына бір эритроциттен есептесек, оның осышпама санын санап шығу үшін 14 мың жыл
керек болған болар еді. Егер оларды бір қатарға орналастырса, жер шарын экваторынан 68 рет орап алатын тізбек пайда
болған болар еді. Эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл
маусымына және басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестелердің 1 ммЗ қанындағы
эритроциттердің саны 6—7 миллионға жетеді. Содан кейін азаяды, 10—11 жаска келгенде қалпына келеді. Ерлерде
картайған кезде қайтадан көбейеді, онын се-бебі олардағы гемоглобгашің азаюының салдары.
Эритроцит қүрамының 66 проценті су, 33 проценті ге-моглобин белогі. Гемоглобин белоктік бөлік глобин мен
пигмент гемнен түрады. Сонымен бірге эритроциттерде басқа белоктар, атап айтқанда, ферменттер және липидтер
болады. Эритроциттер оттегін тасымалдауға бейімделген
Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды және бүлар ядролы клеткалар.
Лейкоциттердін тағы да бір эритроциттерден өзгешелігі өздеріне тиісті қызметін тамырлардың ішінде емес, олардан
тыс атқарады. Гранулоциттердің үш типі бар. Ерекше гранулалары қышқыл бояғыштармен боялатын клеткаларды
ацидофилдік дәнді лейкоциттер дейді немесе әдетте, бояғыш ретінде эозин алынатын болғандықтан, зозинофилді
дәнді лейкоциттер, я болмаса эозинофилдер деп атайды. Гранулалары негізгі бояғыштармен қанық боялатын
лейкоциттерді базофилдік дәнді лейкоциттер немесе базофилдер дейді. Гранулалары не ацидофилдікке, не базофилдікке
жатпайтын лейкоциттерді нейтрофилді дәнді лей-коциттер немесе нейтрофилдер дейді. Нейтрофилдерді
полиморфтар деп те атайды, полиморфты ядролы лейкоциттер деген терминнін қысқартылған аты.
Лимфоциттер деп аталуы қанда ғана емес, лимфада үнемі кездесетініне байланысты.
Нейтрофилдер лейкоциттердің 50—70 процентін құрайды. 1 мм
3
канда 3000-нан 6000-ға дейін нейтрофилдер
болады. Адамнын бес литр қанында 15-тен 30 миллионға дейін нейтрофилдер болады. Бүл лейкоциттердін ішіндегі
көбі. Нейтрофилдер миелоидтық ұлпада (сүйек майында) дамиды. Гранулоциттер қан ағысында 8—12 сағаттан ар-тык
болмайды. Сонан кейін олар ұсак тамырлардан (венулалардан) шығып, дәнекер ұлпасына барады. Нейтрофилдің
ядросы бөліктерге бөлінген. Пісіп жетілген клеткалардын ядросы 2—5 бөліктен түрады. Цитоплазмасында кептеген
гранулалар болады. Әрбір клеткада 50-ден 200-ге дейін гранулалар болатыны анықталған. Нейтро-филдер лизосомаларға
бай келеді. Нейтрофилдердің митохондрияларында тотықтырғыш ферменттердің активтігі жоғары. Нейтрофилдерде
гидролиздеуші және тотыктырғыш ферменттердің көп болуы олардың маңызды қызметімен байланысты. Бұл
клеткалардың фагоцитоздық активтігі күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып қорыта алады. И. И.
Мечников оларды микрофагтар деп атаған. Нейтрофилдер жылжып қозғалып, тамырлар арнасынан шығып, кабыну
ошағына көп мөлшерде жиналады. Микроорганизмдерді кармап үстап, оларды гидролиз дейді, сонымен бірге
клетканың өзі де ферменттердің әсерінен ыдырайды. Нейтрофилдер ыдыраған кезде микро-организмдердің дамуын
бөгейтін және клеткалардың көбеюіне дем беретін физиологиялық активті заттар бөлініп шығады.
Эозинофилдер лейкоциттердің 1-ден 4 процентіне дейінін күрайды. 1 мм
3
қанда 120-дан 350-ге дейін эозино-
филдер болады. Нейтрофилдерге қарағанда ірірек ядросы жіппен байланысқан екі бөліктен түрады. Эозинофилдерде
Гольджи аппараты мен митохондриялардан баска органеллалар болмайды деуге болады. Өздерінін түзілетін орны сүйек
майын қалдырып эозинофилдер бірнеше сағат қавда болады да содан кейін, нейтрофилдер сиякты, олар қан арнасынан
шығып, үлпаларға кетеді, онда бірнеше күн бола-ды. Эозинофилдер, әдетте, ішектің, өкпенің, терінің борпылдақ
дәнекер ұлпасында және сыртқы жыныс мүшелерінің беткі дәнекер ұлпасында байқалады. Нейтрофилдерге қарағанда
олар баяу қозғалады және фагоцитоздық активтігі де кем. Базофилдер лейкоциттердің 0,5-тей процентін құрайды.
Клетканың жартысын екі бөліктен тұратын ядро алып тұрады. Қанның ұю процестеріне қатысады және қанның
пішіндік элементтерінің тамырға етуін қамтамасыз етеді. Қандағы гистаминның тең жартысына жуығы базофилдерде
орналасқан және олардың фагоцитоздық қабілеті бар. Аллергиялық және қабыну реакцияларына қатысады деген
деректер де кездеседі.
Лимфоциттердің екі типін ажыратады: кіші лимфоцит және орташа немесе үлкен лимфацит: 1 м
3
қанда 1000
— 4000 дейін лимфоциттер болады. Адам қанының лейкоцит-терінің жалпы санының 25—35 проценті
лимфоциттер. Жана туған нәрестелерде және сәбилерде лимфоциттердің саны 60 процентке жетеді, ал кәрі адамдарда
20 процентке дейін кемиді. Цитоплазмасы аз клеткалар кіші лимфоциттердің цитоплазмасында бос орналасқан 
рибосомалардан басқа органеллалар жоқтың қасы. Ортаншы лимфоциттің цитоплазмасында бос рибосомалардан
басқа митохондрия-лардың жеткілікті саны және гранулалық эндоплазмалык тор болады.
Лимфоциттер клеткалардың екі популяциясы-нан түрады: 


1) тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимо-циттер деп аталатын тимуста немесе алкым безінде
орналасқан лимфоциттер. Тимустан шыққаннан кейін бүларды Т — лифмациттер деп атайды. Т — лимфоциттер
клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде клеткаларды, кемкетікті дамыған клеткаларды жойып
жібереді, патогендік вирустарға, саңырауқүлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу бағытын анықтайды
2) В — лимфоциттер. Лимфоциттердің бүл түрі алғаш рет Фабрицус бурсалары (bursa — дорба) деп
аталатьш құстың лимфоидтың мүшесінде байқалатындықтан аталған. В — лимфоциттер гуморальдық иммунитет
жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді бакте-риялық және қайталаушы
вирустық инфекциядан қорғайды. Моноциттер лейкоциттердің 2-ден 8 процентке дейінгі саньш қүрайды. 1 мм
3
қанда 200-ден 600-ге дейін болады. Лейкоциттердін ішіндегі ең ірісі. Цитоплазмасында жақсы жетілген Гольджи
аппараты, бос рибосомалар мен полирибосомалар, гранулалық эндоплазмалык ретикулум және біренсаран
митохондриялар болады.
Моноциттерге амебаша қозғалыс пен фагоцитоз тән. Моноциттер бактерияларды ғана емес, сонымен бірге
клеткалардың қалдығын, антигендер мен бөгде белоктарды да фагоцитоздайды. И. И. Мечников бүларды макрофагтар
деп атаған. Моноциттер трофикалық функция да атқарады. Дағдылы жағдайларда моноциттер қанда үш күндей бола-ды
да, содан кейін оны тастап шығып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет