Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
17 Тақырып 
Жүйке ұлпасы
Нерв ұлпасы — нерв жүйесінің негізгі кұрылымдық элементі. Нерв ұлпасы нерв клеткаларынан немесе
нейрондардан (нейроциттерден) және глиалык клеткалардан не-месе глиоциттерден түрады.
Импульстарды орталық нерв жүйесіне беретін нейрондарды афференттік немесе сенсорлық нейрондар дейді, ал
эфференттік қозғаушы, нейрондар импульстарды орталық нерв жүйесінен эффекторларға (үлпаларға немесе
тітіркенішке жауап беретін органдарға, мысалы — бүлшық еттерге немесе бездерге) береді. Кейде афференттік
нейрондар аралық немесе ассоциативтік нейрондар аркылы эффекторлық нейрондармен жалғасады. Сезімдік, аралық
және қозгаушы нейрондар қосылып, рефлекторлық доғаны күрайды. Нейрондардың өзара жанасқан жерін сииапстар
дейді. Синапстар қоздырушы және бөгеуші болып бөлінеді. Нейронның денесін (перикарион) және онан тарайтын


цитоплазмалық есінділерді ажыратады, Осы өсінділердің саны мен орналасуына қарап нейрондарды уни-, псевдоуни, би-
және мультиполярлы деп бөледі. Импульстарды клетканың денесіне өткізетін өсінділерді дендриттер деп атайды.
Импульстарды клетканың денесінен басқаклеткаларға немесе шеткі оргаңдарға өткізетін өсінділер аксондар немесе
нейрит деп аталады. 
Бүлар дендриттерге қарағанда жіңішке және олардың үзындығы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Аксонның
дисталдық учаскесшщ нейросекрециялык қабілеті бар, ол түйме сияқты үшпен аякталатын көптеген жіңішке
бүтақшаларға тармақталады. Түйме тәрізді үштарында ерекше зат нейромедиаторға (ацетилхолин) толы үсақ көпіршіктер
мен көптеген мито-хоидриялар болады.
Униполярлы нейрондар сирек кездеседі. Биполярлы клеткалардың өзгеше түрі псевдополярлы нейрондар.
Псевдоуниполярлы клеткалар жиірек кездеседі. Бигіолярлы нейрондардың қарама-қарсы бағытта тарайтын екі өсіндісі
болады, осыған байланысты клетка денесінің пішіні үршық сиякты келеді. Нерв клеткаларының көпшілігі
мультиполярлы болады. Бүлардың пішіві түрліше болуы мүмкін. Өсінділердің біреуі нейрит, қалғандары дендриттер. Нерв
импульстары аксон арқылы тиісті орнына беріледі, ал дендриттерге келген импульстар клетка денесіне беріледі. Өсінділер
өте үзын болуы мүмкін және нейриттегі нейроплазманың (цитоплазманың) мөлшері нерв клеткаларының денесіндегі
нейроплазманың көлемінен кейде жүз, тіпті мың есе артық болады.
Белоктар нерв клеткасының денесі мен оның дендрит-терінде ғана синтезделеді. Нерв клеткасының ядросы ірі
және ақшыл келеді, бір немесе бірнеше ядрошығы болады.
Клетка денесінің нейроплазмасында жарық микро-скопімен көрінетін хроматофилдік зат немесе Ниссльдің
түйіршіктері деп аталатын базофильдік заттың түйіршіктері болады. Олар көбінесе ядроның маңында немесе
клетка денесінің шет жағы мен дендриттерде жиналады, аксонда болмайды. Электрондық микроскоппен карағанда
Ниссль заты бос орналаскан және мембраналарға бекіген, рибосомалар мен полирибосомалары бар гранулалық
эндоплазмалық ретикулумның жалпақ цистерналарына бай цитоплазманың аймағы екенін дәлелдейді.
Оптикалық микроскоп нерв клеткаларында нейрофибриллалар деп аталған фибриллалардың бар екенін
көрсетеді.
Электронды микроскоп фибриллалар деп аталған күры-лымдардың филаменттердің шоғыры екенін аныктады,
оларды нейрофиламенттер деп атады. Бүлардың диаметрі 10 нм шамасында аралық филаменттер делінетін
құрылымга сәйкес келеді.
Нерв клеткасыңда диаметрі 24 нм микротүтікшелер болады. Нейрондардың денесінде Гольджи аппараты, көптеген
митохондриялар цитоплазмада бірқалыпты таралған. Сондай-ақ лизосомалар да кездеседі.
Нейроглия — нерв үлпасының көмекші және маңызды қүрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импуль-
старын өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады.
Сонымен бірге мидың эпифиз және гипофизінде нейроглия осы органдардың негізгі массасын күрайды және секреторлық
функция атқарады.
Нейроглияның клеткалар саны нейрондарға қарағанда 10 есе көп. Бүл клеткалар орталық нерв жүйесінің
клеткаларын қоршап, олардын арасындағы кеністікті толтырып, механикалық тіректік функция атқарады.
Глиалык клеткалардың метаболизмнің активтігі өздерін қоршаған клеткалардын метаболизміне тығыз байланысты
деп есептейді. Жатқа сактау процестеріне қатысатын болуы керек деген жорамал да бар. Шванн клеткалары деп
аталатын нейроглияның серіктері миелинген талшықтарының қабықшаларын синтездейді, ал қалған клеткалар
фагоцитоздық функция атқарады.
Нейроглия клеткаларының бірнеше типтері бар: нерв түтігінен дамитын макроглия (глиоциттер) мен мезенхима-
дан пайда болатын микроглия (глиалық макрофагтар).
Макроглия клеткаларының екі категориясын ажыратуға болады: астроциттер мен олигодендроциттер.
Астроциттер протоплазмалық және талшықты болып белінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет