Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет23/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
16 Тақырып 
Бұлшыкетті ұлпа
Бұлшық ет ұлпасы — организмнің қозғалысы мен ішкі органдарының жиырылу процестерін қамтамасыз ететін
жоғары дәрежеде мамандалған ұлпалар. Бұлшық еттің үш түрін ажыратады:
1. Бірыңғай салалы бүлшық ет ұлпасы;
2. Көлденең салалы бүлшық ет ұлпасы;
3. Жүрек бүлшық ет ұлпасы.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Көлденең жолағы болмауына байланысты бірыңғай салалы деп атаған.
Бұлшық еттің бұл түрінің жиырылуы біздің еркімізге бай-ланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі
реттейді. Бірыңғай салалы бүлшық ет қабат күрап орналасады. Кейбір куыс органдардың қабырғаларында, мысалы, қан
тамырларында, өкпенің ауа жүретін жолдарында, куықта, өт қабында, асқорыту жалында бір немесе екі кабат
қүрайды. Бірыңғай салалы бүлшык ет үлпасынын қүрылымдық элементі бірыңғай салалы ет клеткасы. Клетка
мағынасында "талшық" деген термин де қолданылады. Оның пішіні үршық тәрізді ядросы клетканың жалпақ
бөлігінде орналаскан. Жеке клеткалар сирек кездеседі, әдетте, олар жуандығы түрліше шоғырлар қүрайды.
Шоғырларда және олардың аралығьшда коллагендік және эластиндік талшықтары көп дәнекер үлпасының жіңішке
кабаты болады. Дәнекер үлпасы арқылы қан тамырлары мен нервтер өтеді.
Электрондык микроскоп бірыңғай салалы бүлшык ет үлпасы клеткасының цитоплазмасында
митохондриялардың, рибосомалардың, Гольджи аппаратынын, гранулалык эндоплазмалық тордың элементтерінің
болатынын анықтады. Бүл органеллалар ядронын полюстерінде орна-ласады. Сонымен бірге цитоплазмада жуандығы
7 нм жіңішке және диаметрі 17 нм филаменттердің болатыны да байқалды. Жіңішке филаменттерді актиндік, ал жуанын
— миозиндік деп атайды.
Көлденең салалы бүлшық етке тән күрылымдық элемент жиырылуды камтамасыз ететін миофибриллалар
екенін жоғарыда атағанбыз.
Миофибриллалар талшықтың бір үшынан екінші үшына дейін созылып жататын шоғырлар күрайды.
Миофибриллалардың жуандығы жануарлардың көпшілігінде 0,5-тен 2 мкм-ға дейін.
Әрбір жеке миофибрилла кезектесіп орналасатын учаскелерден түрады. Олардың біріншілері күңгірт, екіншілері
ақшыл. Бүларды дискілер деп атайды. Күнгірт дискілерді анизотропты дискілер немесе А жолак, акшылдарын
изотропты дискілер немесе И жолақтар дейді. И дискінің ортасы арқылы Z сызығы, ал А дискінің ортасынан Н жолағы
етеді. Екі Z сызығынын арасындағы учаскені саркомер деп атайды. Ол миофибриллалардын қүрылымдық-функциялық
бірлігі. Электрондық микроскоп миофибриллалардың өте жіңішке протофибриллалардан түратынын көрсетті. Олар да
жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Көлденең салалы бүлшык етке күрделі шоғырлық қүрылыс тән. Бүлшық ет талшықтарының тобы алдымен 1-
ші, кейін 2-ші, 3-ші және тағы-тағы ретті шоғырларға бірігеді. 1-ші ретті шоғырлардын арасьшда оларды байла-
ныстырып түратын борпылдақ дәнекер ұлпасы болады. 2-ші және кейінгі ретті шоғырлар дәнекер ұлпасьшың тығыз
қабатымен бірігеді, ол бүкіл етті түтас каптап түратын тығыз қабықшаға айналады. Дәнекер үлпасы арқылы кан
тамырлары мен нервтер өтеді,
Бүлшык ет сүйекпен сіңірлер арқылы байланысады. Бүлшық ет девенін түрлі бөліктерін қимылға келтіретін
орган.
Жүрек еті (миокард) вентралдық мезодерманың висцералдык жапырақшасынан дамиды. Жүрек етінің құрылым-
дык-функциялық бірлігі жүрек бүлшык ет клеткасы — кардиомиоцит. Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек
етін бірімен бірі жалғасып жататын бүлшық ет талшықтарынан түратын симпласт деп санаған. Электрондық микроскоп
жүрек ет талшыктарьшың үштарымен жалғасқан жеке клеткалардан түратьшын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет