"Құнан" мектеп-лицейі
«Бекітемін»
"Құнан" мектеп-лицейінің директоры
___________________ А.К.Молдашева
"____"____________ 2023 ж
Дарынды оқушылармен жүргізілетін
жұмыс жоспары
Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәндерінің
мұғалімі: А.С.Алдамбергенова
2023-2024 оқу жылы
«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті
жаңалықты ашуға көмек беру қажет»
Г. Галилей
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: «Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі»
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Достарыңызбен бөлісу: |