Annotation
My scientific work is called «Modern use of the Kazakh language in society».
Language is the main support of the nation. The use of language in a society reflects different characteristics of the same nation. And also, lasting centuries, how many people in the legality of the deformation of the language of a certain moment. Over the centuries, our Kazakh language has repeatedly changed depending on various historical, social, economic, political conditions. In its place, some features disappear, which are replaced by new ones that meet the requirements of the time. Even if we compare the Kazakh language of the last century with the Kazakh language of the XXI century, a number of changes can be noted. Today the Kazakh language requires precision and speed. After all, this is a requirement of the technocratic time. Therefore, at present, in connection with this, the use of the Kazakh language in society has also changed.
In today's work, we talk about the modern use of our language, analyze its realities and innovations.
Кіріспе
Тіл – халықтың өсіп-өркендеу жолындағы негізгі күретамыры. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, тілсіз халықтан бұрын жеке адамның өмірін елестету қиынға түседі. Толыққанды адам секілді ғұмыр кешудің негізгі шарты – қоғаммен, қоршаған ортамен байланыс орнату болса, бұл байланысты орнығуына қызмет ететін басты дүние – тіл.
Бүгінгі күні жер жүзінде 6000-нан астам тіл бар, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік мәртебесі бар тілдер мен жойылайын деп тұрған тілдер де бар. Сонымен қатар, «мемлекеттік тіл» мәртебесін иемденгенмен, сол дәрежеге сәйкес құрметке ие бола алмай жатқан да тілдердің бар екенін ұмытпауымыз керек. Тіл тағдырын ел тағдырымен қатар санайтындықтан, тілдің мәңгілік өмір сүруі сол халықтың ұлттық дәстүрі мен діліне байланысты екені белгілі. Ал біздің қазақ тіліміз сан ғасырлық тарихы бар ұлтымызбен бірге біте қайнасып келеді.
Қастерлі де қадірлі тіліміздің түрлі салада көрініс алып, жаңаша бағытта дамуы, іс-қағаздар мен газет-журнал беттерінде қалыптасуы Алаштың басында тұрған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы секілді қазақ зиялыларының есімімен байланысты. Олардың ұлтының жолында жасаған іс-әрекеттеріне кедергі болып, тосқауыл қойған жандардың саны да баршылық еді. Сонда да мойымаған Алаштың зиялылары өз мұраттары жолында аянбай еңбек етті. Тіл мәселесіне келгенде, олар өте кірпияз болатын. Өз ана тілінің бойына сырттан келген таңсық дүниелерді ендірмей, өзінің сұлу қалпында ұстауды құп көрді.
Тарих беттеріне үңілетін болсақ, қазақ өлкесі Ресей Империясының бодандығында 250 жылдай болғанын көреміз. Дәл осындай қилы кезеңде қазақ тілінің мәртебесін жоғары көтере білген Алаш зиялылары ірі державаның бодандығында жүрсе де, өзінің пікірін жасқанбай айтуы ұлт тарихындағы елеулі оқиға екені сөзсіз. Осы жылдар аралығында жоғары Думаға да тілдік мәселелер туралы ашық хат жазып, оның қорғалуын талап етті.
Алаш қайраткерлерінің қазақ тілінің жай-күйі үшін алаңдайтын да кезең еді. Себебі, сол уақытта барлық салада орыс тілі үстемдік етті, барлық іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілді. Тіпті, мектепте оқитын балалар да қазақ тілінде білім ала алмайтын дәрежеге жетті. Балалардың орысша сауат ашып, олардың қазақ тілінің тағдырына алаңдамайтындай болуы да осының салдары. Сайып келгенде, бұл мәселелердің бәрі отарлау саясатымен байланысты екенін байқаймыз. Бұл тұрғыда Әлихан Бөкейханов: «Орыстандыру саясаты қазақтардың ана тілінде хат тануын тежеудің барлық амал-тәсілдерін қарастыруды талап етті» деп жазды.
Өткен ғасырдағы тіл тағдырына көрсетілген қысымдарға қарамастан, ұлт қайраткерлері оны аман алып қалды. Ал бүгін күні егемен елімізде қазақ тілінің қолданыс аясы қандай? Тіліміз тұғырына қонды ма?
Достарыңызбен бөлісу: |