Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан титулдық парағы пму ұс н 18. 3/30


«Көліктік техника және логистика» кафедрасы



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі360,34 Kb.
#38523
1   2


«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

«Вагонды жобалау және есептеу негіздері» пәні бойынша



ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығының студенттеріне арналған.


2011 ж. «____» ______ бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген.
2011 ж. «___»_______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған. Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі _________ Е.К. Ордабаев
2011 ж. «___»_______ металлургия, машина жасау және көлік факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған. Хаттама № ____
ОӘК төрағасы _______________Ж.Е. Ахметов

КЕЛІСІЛДІ


ММжКФ деканы __________ Т.Т. Токтағанов «___»__________ 2011 ж.

ОҮЖжӘҚБ МАҚҰЛДАДЫ

ОҮЖжӘҚБ бастығы ________ А.А. Варакута «___»__________ 2011 ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

Хаттама № ____ «___»__________ 2011 ж.



1 Пәннің мақсаты – студенттердің вагондардың тораптары мен тетіктерін жобалаудың негізгі принциптерін, жүктеу режимдерін анықтау және беріктікке есептеу әдістемелерінің ерекшеліктерін игеру (меңгеру). Осы пәнді оқып білу барысында алынған білім әр түрлі тағайындамалы вагондар жасаған кезде құрылымдық шешімдер талдауын жүргізуге, жобаланып жасалатын вагондардың, оның тораптары мен тетіктерінің ықшамсызбасын анықтауға, сонымен бірге құрылымдық шешімдердің сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Пәннің міндеттері

Пәнді оқып білу нәтижесінде студенттің түсінігі болу керек:

– вагондарды магистралды темір жолдар, өнеркәсіптік және басқа көлік үшін жобалап жасаудың отандық және шетелдік тәжірибелер тарихы туралы, вагон паркінің дамуындағы тенденциялары мен жолдары, вагондардың темір жолдың басқа техникалық құралдарымен өзара байланысы туралы.

білу керек:



вагондарды, олардың тораптары мен тетіктерін жобалау және есептеу әдістемесі мен принциптері;

– жаңа құрылыстарды өндіріске даярлау және жобалап жасау тәртібі;

– әр түрлі вагондарды, олардың тораптары мен тетіктерін жасаған кездегі құрылымдық шешімдердің дамуының негізгі бағыттары.

істей білу керек:

алған білімдерін пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін вагон тораптары мен тетіктерінің құрастыру және есептеу үшін қолдануды;

құрылымдық шешімдер сапасын бағалауды.

дағдылануы қажет:

– вагондардың тораптары мен тетіктері құрылыстарының беріктік және динамикалық сипаттамаларын есептеуден.
2 Пререквизиттер

Пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып білу барысында алынған білім мен дағды керек: «Математика», «Теориялық механика», «Механизмдер мен машиналар теориясы», «Материалдар кедергісі», «Машина тетіктері және құрастыру негіздері», «Бірыңғай көлік жүйесі».


3 Постреквизиттер

Пәнді оқып білу барысында алынған білім мен дағды келесі пәндерді меңгеру үшін керек: «Вагондарды жөндеу технологиясы», «Автотежеуіштер және қозғалыс қауіпсіздігі», «Вагон шаруашылығы», «Вагон ішінде ауаны салқындату».

4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/р

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрі бойынша байланыс сағаттар саны

дәріс

тәж.

зерт.

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе

1










3

2

Вагон құрылысына қойылатын талаптар

2

2







6

3

Заманауи вагондардың негізгі тораптары, олардың атқаратын міндеттері және жұмыс жағдайлары

3

2







9

4

Заманауи вагондардың шанақтары, олардың архитектуралық құрастырмасы. Вагондар шанақтарының сызықты өлшемдерін таңдау

6

3







18

5

Вагондардың жүріс бөлігі. Олардың негізгі тораптарының өзара қатынастары мен сипаттамалары

10

6







30

6

Вагондардың тарту-соққы құралдары, олардың негізгі элементтерінің сипаттамалары

5

2







15

7

Вагондарды сынау әдістемелері мен түрлері. Вагондарды сериялық өндіріске қабылдау тәртібі

3










9

БАРЛЫҒЫ:

30

15







90

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

1-ші тақырып. Кіріспе

Пәннің мазмұны, мақсаттары мен міндеттері. Осы пәннің басқа пәндермен байланысы. Вагондарды магистралды темір жол, өнеркәсіптік көлік үшін жобалап жасаудың отандық және шетелдік тәжірибесіне қысқаша тарихи шолу. Өнімділігі жоғары және меншікті материал сыйымдылығы төмен вагондардың сенімді құрылыстарын жобалап жасау бойынша вагон жасау кәсіпорындары мен конструкторлық-технологиялық ұйымдар алдында тұрған міндеттер.

2-ші тақырып. Вагон құрылысына қойылатын талаптар

Вагондардың топтастырмасы және негізгі түрлері. Вагондардың техникалық-экономикалық сипаттамалары. Қозғалыс қауіпсіздігін ескере отырып вагон құрылысына қойылатын жалпы және арнайы талаптар.

Вагондарды жобалау және даярлау кезеңдері. Вагон құрылысының технологиялық тиімділігі.

3-ші тақырып. Заманауи вагондардың негізгі тораптары, олардың атқаратын міндеттері және жұмыс жағдайлары



Заманауи вагондардың негізгі тораптары, олардың функционалдық тағайындамасы және жұмыс жағдайлары. Вагондардың тұрпаттары. Вагондардың тораптары мен тетіктері сапасының көрсеткіштерін регламенттейтін нормативті актілер. Вагон құрылысында қолданылатын материалдар.

4-ші тақырып. Заманауи вагондардың шанақтары, олардың архитектуралық құрастырмасы

Әртүрлі жүк және жолаушы вагондары шанақтарының құрылымдық ықшамсызбалары. Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды және жүктің сақталуын ескере отырып жасалған құрылыс элементтерінің ерекшеліктері. Шанақ элементтерінің материалдары, оларға қойылатын талаптар. Шанақ есебінің теориялық негіздері. Бастапқы ақпарат және тексеру мен жобалау есептеулеріне қойылатын нормативті талаптар. Әртүрлі вагондардың шанақтарын есептеу әдістемелері және оларды жетілдіру жолдары.

5-ші тақырып. Вагондардың жүріс бөлігі. Олардың негізгі тораптарының өзара қатынастары мен сипаттамалары

Арбашықтардың құрылымдық ықшамсызбаларының талдауы. Арбашықтардың рессорлы аспа құрылғысының талдауы. Отандық және шетелдік әртүрлі арбашықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Арбашықтар және қозғалыс қауіпсіздігі. Арбашық тораптарының есебінің теориялық негіздері. Вагондардың жүру сапасына арбашық тораптарының әсерін бағалау бойынша есептер, нормативтік талаптар, бастапқы ақпарат. Арбашықтардың негізгі элементтерін беріктікке есептеу әдістері және бастапқы ақпарат. Арбашық тораптарының беріктігін анықтау.

Қос доңғалақтың құрылымдық ықшамсызбаларына қойылатын жалпы талаптар. Жұмыс жағдайларымен, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарымен, даярлау технологиясымен, материалдарға қойылатын талаптармен байланысты өстер мен доңғалақтар құрылысының ерекшеліктері. Қос доңғалақ элементтерінің сенімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлар. Қос доңғалақ элементтеріне түсетін жүктемелер. Өстер мен доңғалақтарды есептеудің теориялық негіздері. Тексеру және жобалау есептерінің әдістемелері. Жүктеменің, керілістің, жылу ағындарының әсерлерінің ескерілуі.

Букса тораптарына қойылатын негізгі талаптар және олардың құрылысының ерекшеліктері. Букса тораптарында әртүрлі подшипниктерді қолданудың талдауы. Букса торабы және қозғалыс қауіпсіздігі. Әртүрлі подшипниктердің және олардың құрастыру ықшамсызбаларының артықшылықтары мен кемшіліктері. Букса тұлғасын құрылымдық орындау нұсқалары. Тұлға материалына қойылатын талаптар. Тұлғалардың подшипниктермен және подшипниктердің өспен өзара байланысу ықшамсызбалары. Майлау. Букса тораптарының элементтері есебінің теориялық негіздері. Жүктемелер, олардың букса торабының жеке элементтеріне берілу ықшамсызбалары. Букса тораптарын тексеру және жобалау есептеріне арналған нормативтік талаптар және бастапқы ақпарат. Букса тұлғаларын, подшипниктерді есептеу әдістемесі.

Қолайлы жағдай жасауды, жүктің сақталуын, қозғалыс қауіпсіздігін, жүріс жатықтығын қамтамасыз етудегі рессорлы аспаның ролі. Рессорлы аспаның элементтері, олардың серпімді және диссипативті сипаттамалары. Вагон тораптарының жүктелуінің рессорлы аспаның сапасымен байланысы. Рессорлы аспаны жетілдірудің заманауи тенденциялары. Рессорлы аспа элементтерін есептеудің теориялық негіздері. Тербелістерді сөндіргіштердің серпімді элементтерін тексеру және жобалау есептеріне арналған нормативті талаптар және бастапқы ақпарат.

6-шы тақырып. Вагондардың тарту-соққы құралдары, олардың негізгі элементтерінің сипаттамалары

Тарту-соққы құралдарының элементтері мен әртүрлі ықшамсызбаларының жұмыс тәртібін және құрастырмасын талдау. Негізгі элементтерінің сипаттамалары мен көрсеткіштері. Тарту-соққы құралдарының отандық және шетелдік тіркеуіштерінің әртүрлі құрылымдарының жұмыс тәртібін салыстыру және талдау.

7-ші тақырып. Вагондарды сынау әдістемелері мен түрлері. Вагондарды сериялық өндіріске қабылдау тәртібі

Сынау әдістемелері мен түрлері, олардың ерекшеліктері және міндеттері. Нормативті талаптар. Қолданылатын жабдықтар, аппаратура және эксперимент нәтижелерін талдауға арналған автоматтандырылған жүйелер. Вагондарды сериялық өндіріске қабылдау және қабылдау құжаттарын әзірлеу тәртібі. Вагондарды өндіріске қабылдау мәселелерін шешу кезіндегі әртүрлі кәсіпорындардың ролі. Вагондардың жаңа құрылыстарының техникалық деңгейін бағалау.
4.3 Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны

2-ші тақырып. Вагондардың сызықтық өлшемдерінің және техникалық-экономикалық сипаттамаларының есептері (тәжірибелік сабақ № 1)

3-ші тақырып. Вагондардың тұрпатқа ену есебі (тәжірибелік сабақ № 2)

4-ші тақырып. Вагондардың қаңкасы мен шанақтарының есептері (тәжірибелік сабақ № 3)

5-ші тақырып. Қос доңғалақтарға әсер етуші жүктемелердің есебі (тәжірибелік сабақ № 4)

5-ші тақырып. Вагонның арбашықтарының элементтеріне әсер етуші жүктемелерді анықтау (тәжірибелік сабақ № 5)

5-ші тақырып. Букса торабының элементтерінің тексеру есептері (тәжірибелік сабақ № 6)

5-ші тақырып. Рессорлы аспа элементтерінің жобалау және тексеру есептері (тәжірибелік сабақ № 7)

6-шы тақырып. Вагондардың автотіркеулерінің өшіруші аппараттарының есебі (тәжірибелік сабақ № 8)
4.4 Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағаттық көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Конспект

Сабақтарға қатысу, сұрақтарға жауап беру

20

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу

Тақырыптар бойынша есептерді әзірлеу

Тапсырмаларды есептеу және қорғау

35

3

Аудиториялық сабақтарына және үй тапсырмаларына кірмей қалған материалдарды оқып қарастыру

Реферат

Рефераттың тақырыбы бойынша баяндама жасау

30

4

Бақылау іс-шараларына дайындық




МБ1, МБ2

5

БАРЛЫҒЫ:

90

4.4.2 Студенттердің өздік оқып меңгеруге арналған тақырыптардың тізімі

1) Жүк вагон арбашығының бүірлік қаңкасының есебі.

2) Қаңка элементтерін тік және бойылық күштерге есептеу.

3) Цистерна қазандығын ішкі қысымға есептеу.

4) Цистерна қазандығын қаңкаға бекіту элементтерін қатаңдыққа есептеу.

5) Серппелі-фрикционды өшіруші аппараттың қажетті және нақты энергиясиымдылығын есептеу.

6) Резеңкеметалдық өшіруші аппараттың энергиясиымдылығын есептеу.

7) 8-өсті вагонның жалғаушы балканың есебі.

8) Ықтимал әдісін қолданып қос доңғалақтың өсінің есебі.

9) Жүріс бөлігінің тетіктерін тозу қатаңдыққа есептеу.

10) Жүріс бөлігі элементтерінің беріктік көрсеткіштерінің есебі.

11) Цистерна қазандығының цилиндрлік бөлігін тік жүктемелерге есептеу.

12) Жабық вагонның қаңкасы мен шанағын қатаңдыққа есептеу.

5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Вагондарды жобалау және есептеу: оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған В.Г. Солоненко. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 731 б.

2. Ибраев Ж.С. Жер бетіндегі көлік құралдары: оқу құралы. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 180 б.

3. Вагондар шаруашылығы: М.Д. Габдуллин, Р.П. Айдарбаев, Г.Д. Естемесова, Н.З. Сүлеева. – Алматы: ҚазККА, 2008. – 80 б.

Қосымша:

4. Қаспақбаев Қ.С. Локомотивтерді жобалау және есептеу негіздері: оқу құралы / Қ.С. Қаспақбаев, Н.А. Тоқмұрзина. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 160 б.



5. Мусаев Ж.С. Көлік техникасының динамикасы: оқу құралы / Ж.С. Мусаев, А.Б. Шимбулатова. – Алматы: ҚазККА, 2009. – 134 б.

6. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Көлік / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 474 б.
Мамандықтың Нысан

жұмыс оқу жоспарынан ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

үзінді көшірме



«Вагонды жобалау және есептеу негіздері» пәні бойынша

«050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялар»

мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Оқу нысаны

Пәннің жұмыссиымдылығы

Семестр бойынша бақылау нысандары

семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

академиялық сағаттар

кредиттер

Аудиториялық сабақ

(акад. сағат)



СӨЖ

(акад. сағат)



барлығы

аудит.

СӨЖ

емтихан

сынақ

курстық жұмыс

курстық жоба

барлығы

дәр

тәж

барлығы

ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағы іштей

3

135

45

90

6







6

3

45

30

15

90

45


Кафедра меңгерушісі ____________ Е.К. Ордабаев 2011 ж. «___» ________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет