Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді



бет3/5
Дата05.02.2022
өлшемі21,07 Kb.
#18707
1   2   3   4   5
Кәдімгі мыңжапырақ
  • Мыңжапырақ- биіктігі 10-120 см, көпжылдық шөп өсімдігі. Тамыры тарамданған жіңішке келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері уақ, әр түрлі түсті болады. Сабақ басында гүл себетін құрады. Шілде- тамыз айларында гүлдейді. Дәрілікке гүлі, жапырағы, алколоидтар, эфир майы, С витамині, каротин, органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады. Осы шөптен жасалған тұнба қан аққанда тоқтатуға, асқазан ауруларын, әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады.
  • Өгейшөп
  • Өгейшөп- тамыр сабақтары ұзын көпжылдық өсімдік. Сабақтары бұтақсыз, ақ түсті мамықтүктер басқан,жапырақ қатпарлы қоңыр түсті жіңішке келеді. Гүлдері сары, ірі себет болып жиналған. Сәуір- мамыр айларында гүлдейді .
  • Қазақстанның барлық жерлерінен кездеседі. Көбіне өзендердің құмды арналарында, тау өзендерінің жағасында өседі. Емге оның жапырақтары пайдаланады. Одар тұнба жасап, жөтелді басуға, бронхит, ларингит, бронхоэтказ кезінде қақырық түсіруін жеңілдетуге пайдаланады. Жапырағында жусиляген гликозиді бар. Тұнба дайындау үшін кептірілген бір қайнаған қасық жапырақты ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып, 30 минут тұндырады. Содан кейін сүзіп, күніне 4-6 рет бір ас қасықтан ішеді.
  • Шалфей
  • Шалфей- биіктігі 70 см-дей көп жапырақты бұта. Ұзындығы 3,5-3 см, хош иісті, қарама-қарсы орналасқан қоңыр жасыл түсті жапырақтары бар. Гүлдері күлгін түсті, масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Жемістері диаметрі 2,5 см-ден төрт шаттауықтан тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Дәрілікке жапырағы пайдаланылады.Жапырағында эфир майы, алколидтар,флавоноидтар, парадифенол, илік заттар, олеонол, урсол қышқылдары бар. Шалфей жапырағының тұнбасымен тамақ қызарып, ісініп ауырғанда ауызды шаяды. Ол үшін тұнба төменлегіше дайындалады. Шалфей жапырағының 10 граммын ыдысқа салып үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құяды. Осыдан кейін 20 минуттай тұндырып, сүзеді. Жылы күйінде осы тұнбамен бірнеше рет шаю керек. Тұнбаны 2-3 күн сақтауға болады.
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет