Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді



Дата19.05.2017
өлшемі21,07 Kb.
#16428
  • 9 сынып оқушысы Бекентаев Максат
  • Жергілікті жердің
  • дәрілік өсімдіктері
  • Жұмыс тақырыбы:
  • Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді;
  • Өсімдіктер жайлы оқыған кезде қатты қызықтым;
  • Өз білмегенімді толықтырғым келді.
  • Менің мақсатым
  • Зерттеу міндеттерім
  • 1. Кітаптар мен интернет арқылы Федоров
  • өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктер
  • жайын білу;
  • 2. Кітапханалар мен мұражайдан
  • дәрілік өсімдіктерді анықтау.
  • Зерттеу болжамы:
  • Федоров өңірінде
  • өсетін дәрілік
  • өсімдіктерді анықтап,
  • болашақта зерттеу жүргізу.
  • Жобаның
  • өзектілігі:
  • Зерттеу тәсілдері:
  • Байқау;
  • көру;
  • есту;
  • ұстап көру.
  • Зерттеу жоспары:
  • Федоров өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктер жайында мәліметтер жинақтау;
  • Осы өсімдіктердің сыртқы сипаттамасы мен оларды қандай ауруларға қарсы пайдаланатынын анықтау;
  • Осы өсімдіктерді бір жерге жинақтап, кітапша жасау
  • Итмұрын
  • Итмұрын -көп сабақты, тікенді кішілеу бұта. Гүлдері қызғылт тусті, жемісі қызыл, әндерін тікенекті тук басқан. Еліміздің барлық жерлерінде, соның ішінде Қостанай облысында да тараған. Тоғайлы жерлердің ашық алаңдарында, бұталар арасында өседі. Дәрәлікке жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады . Жемісінде С, А,В, К, Р витаминдері, ал дәнінде Е витамині бар. Итмұрын тұнбасын асқазан жұмысын реттеуге, бауыр, бүрек, қуық ауырғанда ішеді. Кептіріліп, уақталған итмұрын жемісінің бір ас қасығын ыдысқа салып, үстіне екі стақан ( 400 мл ) қайнаған ыссы су құйып 10-15 минут беті жабық ыдыста қайнатады. Тұнбаны салқындатып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдынан 0,5-1 стақаннан ішеді. Бұдан басқа кепкен жемістің 40-50 грамын қайнаған 1 литр ыссы суға салып, тұндрып күніне үш мезгіл жарты стақаннан ішуге болады. Ал гүлін шай ретінде ішуге болады.
  • Қалақай
  • Қалақай-көп сабақтарына қарама-қарсы орналасқан түкті жапырақтары бар. Тамыры көлбей жайылып, өркенлерінің арқасында айналаға қалақайдың кеңінен такрай өседі. Гүлдері уақ көк түсті, маусым айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Еліміздіңбарлық территориясында,соның ішінде Қазақстанда да көп тараған. Үй айналасында, жол бойында, тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілікке қалақайдың жапырағы пайдаланылады. Бұл шөптің жапырағында каротин (14-30%, С витамині (100-200 мг), уртицин гликозиді, калий, кальций, темір тұздары т.б заттар бар
  • Қарағай
  • Қарағай- кәдімгі өзіміз білетін қылқанды, биіктігі 30 метрге жететін ағаш. Қабығы қызыл-қоңыр тілімденген Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Еліміздің барлық жерінде, соның ішінде Қазақстан территориясында кездеседі. Көбінесе құмды жерлерде , өзен жағалауларында, таулы етектерде өседі:Дәрілікке қабығы пайдаланылады . Қарағайдың әсіресе жас қылқандары С, К витаминдері және каротинге өте бай келеді. Сондықтан одан арнайы тұнба жасап ішуге болады. Ол үшін 30 г жас қылқанды салқын сумен жуып, суы бар ыдысқа қойып, 20 минут қайнатады. Содан кейін дәмін аздап өзгерту үшін қант қосады. Күнделікті ішуге тұнбаны жаңадан дайындап отыру керек. Қарағай бүршігінің тұнбасы жоғары тыныс жолдарын емдеуге пайдаланады.
  • Меңдуана
  • Мендуана- биіктігі 120 см-дей, сабағы тік өсет екіжылдық шөп өсімдігі. Тамырының жер бетіне жақын жағы жуан келеді. Жапырақтары ірі, тілімделген, өсімдік сабағына кезектесіп орналасқан . Гүлдері сары түсті, ерекшк иісі бар. Шілде- тамыз айында гүлдейді де, тамыз-
  • қыркүйек айларында дәндері піседі. Дәндері уақ, көп болып қауашақтар ішінде орналасқан. Мендуана еліміздің, соның ішінде Қазақстанның оңтүстік өлкелерінде көп тараған. Көбіне тұрғын үйлер арасында және пайдаланудан қалған жерлерде өседі
  • Кәдімгі мыңжапырақ
  • Мыңжапырақ- биіктігі 10-120 см, көпжылдық шөп өсімдігі. Тамыры тарамданған жіңішке келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері уақ, әр түрлі түсті болады. Сабақ басында гүл себетін құрады. Шілде- тамыз айларында гүлдейді. Дәрілікке гүлі, жапырағы, алколоидтар, эфир майы, С витамині, каротин, органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады. Осы шөптен жасалған тұнба қан аққанда тоқтатуға, асқазан ауруларын, әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады.
  • Өгейшөп
  • Өгейшөп- тамыр сабақтары ұзын көпжылдық өсімдік. Сабақтары бұтақсыз, ақ түсті мамықтүктер басқан,жапырақ қатпарлы қоңыр түсті жіңішке келеді. Гүлдері сары, ірі себет болып жиналған. Сәуір- мамыр айларында гүлдейді .
  • Қазақстанның барлық жерлерінен кездеседі. Көбіне өзендердің құмды арналарында, тау өзендерінің жағасында өседі. Емге оның жапырақтары пайдаланады. Одар тұнба жасап, жөтелді басуға, бронхит, ларингит, бронхоэтказ кезінде қақырық түсіруін жеңілдетуге пайдаланады. Жапырағында жусиляген гликозиді бар. Тұнба дайындау үшін кептірілген бір қайнаған қасық жапырақты ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып, 30 минут тұндырады. Содан кейін сүзіп, күніне 4-6 рет бір ас қасықтан ішеді.
  • Шалфей
  • Шалфей- биіктігі 70 см-дей көп жапырақты бұта. Ұзындығы 3,5-3 см, хош иісті, қарама-қарсы орналасқан қоңыр жасыл түсті жапырақтары бар. Гүлдері күлгін түсті, масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Жемістері диаметрі 2,5 см-ден төрт шаттауықтан тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Дәрілікке жапырағы пайдаланылады.Жапырағында эфир майы, алколидтар,флавоноидтар, парадифенол, илік заттар, олеонол, урсол қышқылдары бар. Шалфей жапырағының тұнбасымен тамақ қызарып, ісініп ауырғанда ауызды шаяды. Ол үшін тұнба төменлегіше дайындалады. Шалфей жапырағының 10 граммын ыдысқа салып үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құяды. Осыдан кейін 20 минуттай тұндырып, сүзеді. Жылы күйінде осы тұнбамен бірнеше рет шаю керек. Тұнбаны 2-3 күн сақтауға болады.
  • Жолжелкен
  • Сырт көрінісі. Көпжылдық шөптектес өсімдік. Тамыры, сабағы қысқа, ал гүл өсетін сабағының биіктігі 20-40 см дейінжетеді.Жинау әдәсі. Жапырақтарын маусым- шілде айларында жинайды, бүлінбеген, бүтіндерін толық өсіп жетілгенде сағағымен қосып кептіреді. Химиялық құрамы. Майлар нәруыздар, лимон қышқылы, калий тұздары, С, К дәрумендері.
  • Қолданылуы. Дизентирия, ірінді жаралар, көкжөтел аурулары. Дайындау әдісі. 200мл ыстық суға кептірілген жапырақпен тамырды үгіп, екі ас қасық салып, сүзіп тұнба аламыз.
  • Долана
  • Долана- сабақтары тікенекті кішкене келген бұта. Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті кезектесіп ораласқан. Айналасы араның тісі сияқты, ал гүлдері уақ,ақ түсті, гүл қалқан тәрізді болады. Жемісі уаұ, алма формалы ашық қызыл тусті, диаметрі 8-10 см. шамасында. Долана мамыр-маусым айларында гүлдейді жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.Долана еліміздің Европалық бөлігінде Батыс және Шығыс Сібірдің тоғайлы жерлерінде, Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында тараған.Өзен жағалаулары мен олардың арналарында, тау етектерінде өседі. Қазіргі уақытта бақтар мен парктерде егіп өсіріліп жүр. Емге долананың жемісі мен гүлі пайдаланады. Жемісінде гликозидтер,органикалық қышқылдар, холин тағы басқа заттар бар.
  • Чабрец
  • Чабрец- жер бетіне жайылып өсетін кішкене бұта Қызыл қоңыр, сабақтары жерге төселе жайылып, кей жерлерде көтеріліп өседі. Гүлдері жиналып, бұтақ басында гүл шоғын құрайды. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
  • Көбіне тау бөктерніде, ашық құмды жерлерде, қарағайлы тоғайларда өседі. Дәрілкке чаврецтың шөбі пайдаланылады.. Онда эфир майы (тимол, цинеол), урсол, олеин қышқылдары бар. Мұны қақырық түсуді жеңілдетуге, ескі бронхит, демікпе, көкжөтел, гастрит ауруларын емдеуге тұнба қолданады. Тұнба дайындау үшін екі ас қасық кептірілген, уақталған шөпті ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып оны суы бар ыдысқа орналастырып, бетін жайып 15 минут қайнатады. Содан кейін үй ішінде 5 минут салқындатып, сүзіп, стақанға құйып, толмаған жеріне қайнаған су қосып толтырады. Осылай дайындалған тұнбаны күніне 3 мезгіл стақанның 1/3 мөлшерін жұтымдап ішу керек.
  • Сасықшөп
  • Сасықшөп – сабағы тік өсетін сұр түсті, бұтақты, биіктігі 30-50 см көпжылдық шөп өсімдігі. Жапырағы қоңыр жасыл түсті, гүлдері қызғылт түсті, жоғарғы жапырақтары түбінде шоғырланып орналасады. Өзен жағалауында, арналарда, адам аяқ баспайтын
  • жерлерде өседі. Дәрілікке өсімдіктің жапырағы көп жоғары бөлігі пайдаланады. Бұл өсімдіктің
  • экстактын жүрек неврозын, гипертонияның бастапқы кезінде, эпилепсияны, алқым безі қабынуынан емдеуге болады.Дайындалған
  • тұнбаны бір ас қасықтан күніне үш рет ішу керек
  • Сүйелшөп
  • Сүйелшөппен денеде болатын сүйел,шиқан, теміреткі сияқты ауруларды емдеуге болады. Емдік дәрі былай дайындалады: жақсы ұнтақ етіп уақталған сүйелшөпті вазелинге болмаса ланолинмен араластырады. Вазелин мен сүйелшөп ұнтағы 1:1 мөлшерінде алынады.
  • Сүйелшөп – биіктігі бір метрдей, қысқа тамырлы көпжылдық өсімдігі. Сабағы қырлы, көп жапырақты, бұтақты болып келеді. Жапырағы шар тәрізді айналасы тілімденген.Гүлдері сары түсті, ұзын сабақтарының басына жиналып шатыр сияқты болып орналасады. Мамыр айынан бастап тамызға дейінгүлдейді. Дәрілікке бұл өсімдіктің шөбі пайдаланылады. Онда түрлі алкалоидтар, каротин және аскорбин, хемидон, алма, лимон және янтарь қышқылдары, С витамині.
  • Табиfат аясында
  • Экологиялық кеш
  • Қызықты сенбілік
  • Таза ауада демалыс
  • Зерттеу нәтижелері
  • Федоров ауылында өсетін дәрілік өсімдіктерді жинақтадық;
  • Олардың қандай ауруларға қарсы екенін білдік;
  • Енді осы білгендеріміз арқылы зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз.
  • Қорытынды:

Каталог: user-files
user-files -> С. И. Пискун Мектеп директоры м а. Ә. Е. Тасболатова “» 2014ж “» 2014ж «Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі»
user-files -> Оспанова сауле кусмановна
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы
user-files -> «Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм
user-files -> Сабақ Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. қалап қана қойған аз, оны жасау қажет
user-files -> Шебер сынып жоспары Тақырыбы
user-files -> «Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм
user-files -> Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді
user-files -> Пәнаралық байланыс
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет