Шораханова Ақниет
ҚРШҒА ОКБ 44 - нші ғылыми практикалық конференциясы шеңберінде өткен бірінші деңгейлі байқауда ең жақсы оқу зерттеу жұмысы үшін марапатталды.
Жұмыс тақырыбы: «Тұрар Рысқұлов»
Жетекшісі Улықпан Фарида өзін-өзі тану пәнінің мұғалім санатсыз
Қарағанды облысы ғылым білім министрлігі
«Шахтинск қаласы әкімдігінің № 9 жалпы білім беру мектебі»КММ
Бағыты: Қазақстанның саяси тарихи
Тақырыбы: «Тұрар Рысқұлов »
Бағыты: Қазақстанның саяси тарихи
Секция: Тарих
Орындаған: Шораханова Ақниет 5 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Улықпан Фарида
Шахтинск қаласы 2013 жыл
Кіріспе
1917 жылы құрылған Алашорда партиясы мен оның маңына топтасқан Алаш зиялыларының ұлттық мүдде мен тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи істері де тарих қойнауына енді. Бүгінде Алаш зиялылары мен Алашорда партиясы көшбасшыларына «халық жауы» деген жаламен нақақтан нақақ оққа байлаған 1937-38 жылғы сталиндік репрессия орнаған. Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапашекті. Сондай азаматтарымыздың бірі Тұрар Рыскулов еді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Т.Рысқұлов XX ғасыр басында қалыптасқан аса күрделі саяси хал-ахуал Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол Түркістанның Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі ұзақ жылдар бойы партиялық тұрғыдан ғанаТұрар Рысқұлов XX ғасырдың алғашқы он жылдықтарында Қазақстан мен Сондықтан Т.Рысқұловты аса белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, сонымен қатар терең ойлы тарихшы ретінде қараған жөн.
Зерттеу мақсаты:
Тұрардың елі мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді күллі түркі дүниесіне, адамзатқа жасаған жақсылығы жұртшылыққа аян. Тұрар Рысқұловтың тікелей өзі ұйымдастырған төтенше кеңес және онда көтерілген күретамырлы мәселелер, Тұрар өткізген жеке кеңесті жоққа шығаруға тырысқан Голощекиннің қорқау-қарау әрекеттері, қазақтарды, әсіресе, ұлттық басшы кадрларды бір-біріне айдап салып, өз қолдарымен өздерін құртқызуды басты бағыт етіп ұстанғаны, Рысқұловқа қарсы қанқұйлы күресі – бәр-бәрі нақтылы фактілер, хаттамалар мен өзге де құжаттар арқылы дәлелденеді.
Зерттеу әдісі:
- Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып материал
жинау;
- Материалдар жинағын құрастыру;
- Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару.
Тұрар Рысқұловтың өмір баяны
1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы (қазіргі Алматы облысының шекарасы) Вернен уезінде дүниеге келген. Белгілі партия және мемлекет қызметкері.Тұрардың әкесі Рысқұл патшаның бодандық саясатына қарсы шыққандығы үшін 10 жыл каторгыға айдалды және Сібірге айдауға жіберілді. Тұрар Меркі қаласында туыстарының қолында тұрды, орыс-қазақ мектебінде оқыды. Мектепті тәмамдаған соң ол Пишкек (қазіргі Бішкек қаласы) қаласындағы ауылшаруашылық училищесіне оқуға түсті.Училищені озат аяқтаған соң ол Ташкент мұғалімдер институтына тапсыруға бел байлайды. Ол институтты аяқтай алмайды; оны революциялық қызмет қызықтырады. Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы ол Әулие ата уезінде жастар ұйымын құрады және Әулие ата Кеңесімен тығыз байланыс орнатты.
1917 жылдың қараша айынан 1918 жылдың қарашасына дейін Әулиеата уезінің Кеңестік департаментінің төрағасы болады.
1918 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін – Түркістан АССР ұлттық комиссары.
1921 жылы Т. Рысқұловты ұлттық мәселелер бойынша ұлттық комиссариаттың құзыретті өкілі ретінде Әзербайжанға жібереді.
1922 жылы РСФСР ұлттық ісі бойынша ұлттық комитеттің орынбасары болып тағайындалады.
1922 жылдың 6 қыркүйегінен 1924 жылдың қыркүйегіне дейін Түркістан АССР СКО төрағасы болып жұмыс істейді.
1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың маусымына дейін – Коминтерндегі Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1925-1926 жж. – Монғолия Коминтернінің құзыретті өкілі.
1926 жылдың наурыз-маусымында партияның қазақ аймағының баспа бөлімінің басқарады.
1926 жылдың шілдесінен 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФСР ҰКК төрағасының орынбасары. Тұрар Рысқұлов ұлты үшін көп жұмыс атқарды. Оның бастамасымен Қарағанды көмір бассейнінің, Контрат кен орнының құрылысы басталды, балқаш мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Ол Түрксіб құрылысы комиссиясының төрағасы болды.
Т.Рысқұлов атқарған қызмет.
1926 жылы наурызда Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Қазақ өлкелік БК(б)П комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық ОАК-нің қаулысымен Ресей Федерациясы ХКК төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Қазақ өлкелік БК(б)П комитетін басқарған Ф.И.Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан төңкерісін жасау» идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылық апатынан халықты құтқару жайында И.В.Сталинге нақты ұсыныстар жасады.
Сталинге жазған хаты
Қонысынан ауған қазақтарды орна¬лас¬ты¬ру жөніндегі ұсыныстардың жобасын әзір¬леу үшін РСФСР Халық Комиссарлары Советінің жанынан құрылған комиссияның төрағасы ретінде мен бұл мәселемен жете танысып, қонысынан ауған қазақтарды ВКП (б) Орталық Комитеті тарапынан ерек¬ше нұсқау болмайынша, Қазақстан мен көршілес өлкелерге түгел орналастыру екіталай екенін анықтадым. Сіздің бұл мәселелерді таяу аралықта ВКП (б) Орталық Комитетінің алдына қоятыныңыз өзінен-өзі белгілі. Совет тарапынан да (қонысынан ауған қазақтарға көмек көрсету жөнінде дәл қазір дербес шаралар белгілеу ісімен бел¬гілі бір дәрежеде шұғылдануға тура келеді. Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат - бұл мәселеге басшы жол¬дастардың назарын жете аударып, Қазақ¬станға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпымемлекеттік тұр¬ғыдан да айрықша маңызды болған¬дық¬тан, бұл мәселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын. Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой-пікірлерді ескереді деп үміт етемін. Коммунистік сәлеммен Т.Рысқұлов
Т. Рысқұловтың отбасы
Сталинизм тепкісінен тентіреген сәбилердің тағдыры Тұрар Рысқұловтың жасы 16-дан жаңа асқан жалғыз ұлы Ескендір Рысқұлов Мурманск лагеріне жөнелтіліп, қабырғасы қатпаған жігіттің сол жерде опат болуы, екі қызы Сәуле мен Розаның еліміздегі әртүрлі балалар үйіне өткізген жанкешті қиын өмірінен біз не білеміз? Мұның барлығы Сталиннің жаладан жала жауып Тұрар Рысқұловты қуғын сүргінге айдап оның отбасы бала шағасын осындай қиын халге жеткізген Сталиндік зұлымдықтың зардабы.
Т.Рысқұловқа жабылған жала
1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшырап, Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. КСРО Әскери коллегиясы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды.Тұрар Рысқұлов – көрнекті қоғам қайраткері, қазақ тарихындағы ірі тұлға. Түркістанды автономия ретінде жариялауды басты мақсат еткен. Т. Рысқұлов ұлт қайраткерлерін топтастыру үшін көп әрекеттер жасады.1932 жылы Мәскеуде қызметте болған ол, мал шаруашылығы туралы қаулы қабылдатады. Бұл әрекет елді аштықтан құтқаруға көмектесті. Оның тікелей араласуымен Түрксіб темір жол магистралі, бірнеше жоғары оқу орындары ашылды Түркі халықтарының тұтастығын көксеген Тұрар 1937 жылы «пантюркист»деген желеумен қамауға алынып, 1938 жылы ату жазасына кесілді.Қырықтан енді асқанда қыршын кеткен қазақтың Тұрары туралы тым көп айтылмады, дерек те табылмады,толық, санаулы суреттері ғана болмаса. Қызыл империяның қатты өшіккені сонша, Тұрар Рысқұловты ату туралы бұйрыққа Сталиннің өзі қол қойыпты. “Халық жауы” деп айыпталған арыс 38-дің 10-шы ақпанында атылды. Ал жұбайы АЛЖИР-де 18 жыл айдауда болды, ұлы Ескендір түрмеде көз жұмды
Т.Рысқұлов түрмеде
Т.Рысқұлов НКВ
Т.Рысқұловтың жерленген жері казіргі
Қорытынды
Бұл жұмыста негізінен Тұрар Рысқұловтың өмір баяны және ол кісінің қоғам қайраткері ретінде атқарған қызметі мен бүкіл болмыс-бітімі, мақсат-мұраты, түркішілдігі, ұлтжандылығы, көрегендігі, батырлығы – бар-баршасы осынау жұмыста анық көрсетілген. Жәнеде Тұрар Рысқұловтың халық жау ретінде оның отбасы бала шағасының түгел айдауға кетіп жала жабылып ұлы Ескендірдің түрмеде қайтыс болғаны, үш қызының халық жауының баласы ретінде түрмеге жіберілгені бәр бәрі айқын көрсетілген Сол бір ашаршылық уақытындағы атқарған қызметі және отбасы оларға жабылған жала туралы толығымен айқын көрсетілген.
Ұсыныс:
Жоғарыда айтылған жайттың бәрін ескере отырып оқушылардың санасына жететіндей етіп мектеп оқулығына титей болсада тарихи деректер еңгізілсе деген ұсыныс.
«Шахтинск қаласы әкімдігінің
№9 жалпы білім беру мектебі»КММ
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі
Улықпан Фарида
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында 5 сынып оқушысы Шораханова Ақниет қазақ халқының қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы зерттеген
Ғылыми жұмыста қоғам қайраткерінің еңбек жолы жәнә оның өмір тарихы отбасы атқарған қызметі туралы әр түрлі материалдар іздестірген. Шораханова Ақниеттің бұл зерттеу жұмысын тарих сfбағында немесе тәрбие сағаттарында қосымша сабақ ретінде қолдануға болады. Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының көп құжаттар іздегенін жәнеде алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Ғылыми жоба жетекшісі: Ф.Улықпан
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 .Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.Алматы "Атамұра", 1999,175-6.
2.Қамзабекұлы Д. Т.Рысқүлов (1894-1938 жж) //Үкімет жаршысы 2000 №12.
3.Нүрпейісов К. Тұрар жолы //Өркениет 1994,21 мамыр.
7. Рысқұловтың жаңа табылған өмірбаяны // Қазақстан коммунисі 1991, №4
10. Сталинге хат //Қазақстан коммунисі. 1990. №7.45-656
Амангелді орта мектебі .
Мектепішілік олимпиада. Қазақстан тарихы . 10-11 сыныптар.
1 айналым. Жазбаша жұмыс.
(Максималды баға -30 ұпай.Берілген нақты сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.)
Тақырып: 1960- шы ж.Ж. екінші жартысындағы Қазақстанның дамуы.
1.КОКП ОК- нің 1964 ж. Қазан Пленумы.1960 –шы ж.ж екінші
жартысындағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.
2. КОКП ОК- нің ауыл шаруашылық жөнінідегі 1965 ж. Наурыз
Пленумы. 1960 –шы ж.ж екінші жартысындағы аграрлық
саясаттың Қазақстанда жүргізілуі.
3. Урбанизация және оның Қазақстандағы ерекшелігі.
2 айналым тест тапсырмалары. 25 сұрақ.
Достарыңызбен бөлісу: |