ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) және
оқытушы басшылығымен орындалатын студенттің өзіндік
жұмысын (ОБСӨЖ
)
ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
ШЫМКЕНТ, 2014
Шымкент университетінің профессор – оқытушы құрамына арналған.
Құрастырушы
: Альжанов С.С.
Құжаттық сілтемелер
Осы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20
сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2014.06.02 № 198
бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен) негізінде әзірленген
Шымкент Университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітуге ұсынылды.
(08. 07. 2015ж. №6 хаттама)
Шымкент Университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып, бекітілді (28. 08. 2015 ж. № 1
хаттама)
Студенттің өзіндік жұмысы – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен
біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің
бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі
бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды
үйренеді және меңгереді.
Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар
аудару қажет:
o
тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
o
лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей
болуына;
o
СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
o
СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың
болуына;
o
СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады:
СӨЖ жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету, СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау
және одан әрі дамыту.
СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік
жұмысынан (ОБСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
ОБСӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және бекітілген дербес
кесте бойынша жұмысын жүргізеді. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау
түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәннің жұмыс оқу бағдарламасында және
силлубаста көрсетілуі тиіс.
Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің
мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат
санын ескеру қажет.
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:
Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың
негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу-әдістемелік құралдармен
жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер
студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті
болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек; жеке консультация
беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы.
Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша,
жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:
Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан
қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен
оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау
және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару
әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге
келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа
да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді,
проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл
сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;
Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін
келеді.
Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) сабақ
кестесіне енгізіледі. СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны
дербес анықтайды.
Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс,
бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция,
іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
ОБСӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарыменалмастыруғаболмайды.
Студенттіөзіндікжұмыстыорындауғақажеттібелсендіүлестірмеліматериалдарменбі
тіртуші кафедрақамтамасызетеді
Достарыңызбен бөлісу: |