Жұмыстарының сараптамасы 2015-2016 оқу жылындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының



бет27/28
Дата17.02.2017
өлшемі4,51 Mb.
#9681
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28


Мектеп оқушылары ҚР-ның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Бақытты жұлдыз астында!» атты аудандық көңілділер мен тапқыштар клубының байқауына қатысып, «Таң қалмаңыз» тобы аттанып белсене қатысқан үшін мақтау қағазымен марапатталды. Мектебіміздің «Сұңқар» тобы аудандық жас жол инспекторларлар сайысына қатысып, «Лучшая песня» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Аудандық «Жас Ұлан» сайысында «Военно-спортивная эстафета» номинациясы бойынша оқушылар ІІІ орын иеленді.

Мектепте «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» Республикалық біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бар. Оқу жылының басында ұйымның жылдық жұмыс жоспары құрылады. Оқушылар барлық мектепішілік іс-шараларға қатысады. Оқушылардың жетістіктеріне қарай оқу жылының соңында «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. 5-6 сыныптар оқушылары Қалмұрат Меруерт, Кеңшілік Аружан, Мустафин Дамир, Жексенбай Асқар, Амирова Дәлназ, Нұржанов Ерлан, Қартабаева Диляра 7-мамыр «Отан қорғаушы» күніне орай салтанатты түрде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Салтанатты жиын мектеп фойесінде өткізілді. Оқушылар ұйымның ережелерімен танысып, дайын болғандығына рапорт тапсырып, ант берді. Жас ұландықтарға көк түсті ұйымның галстугі мен төсбелгілері тағылды. Мектеп директоры мен тәрбие ісінің меңгерушісі оқушыларды құттықтады. «Жас Ұланның әні» орыдалып жоғары сынып оқушылары құттықтау сөздерін айтып, патриоттық өлең жолдарын оқыды.

Мектеп ұланбасшысы Мұсабаева Дильназ «Көшбасшы қасиетін дамыту» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының көшбасшыларына және жасұландықтарға арналған тренингіне қатысып сертификатқа ие болды.



Мамай орта мектебінің салтанатты жиын 25 мамыр сағат 1000-де басталды. Салтанатты жиынға барлық мектеп оқушылары /39+3 оқушы/, ұстаздары /15 ұстаз/, ата-аналар, ауыл ардагерлері қатысты. Жиын салтанатты түрде әнұран орындап, ту енгізуден басталды. Оқу ісінің меңгерушісі Рамазанова Самал Төлешқызы оқу жылының қорытындысымен таныстырып, мектеп директоры мадақтамалар мен алғыс хаттар табыс етті. Негізгі мектеп бітіруші түлектер құттықтау сөздерін айтып, ән орындады. 11-сынып түлектерін кішкентай бүлдіршіндер 1-сынып оқушылары, түлектердің ата-аналары, сынып жетекшілері құттықтады. Сөз кезегі 11-сынып оқушыларына беріліп, түлектер ұстаздарға, ата-аналарына деген алғыстарын білдірді. Жас түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Қоңырау соғу рәсімі 11-сынып оқушысы Саябекова Мадина мен 1-сынып оқушысы Ермек Ескендірге берілді. Жиын барысында 0-сынып оқушысы Ермұрат Айниса «Туған өлкем» әнін орындады. Салтанатты жиын 11-сынып түлектерінің мектеп қабырғасындағы соңғы сабағымен жалғасты. Барлық жиынға қатысушылар жақсы қөңіл күймен тарқады. Жиын 1130 аяқталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет