Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет67/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108

Жұмыс сипаттамасы. Жай тораптар мен механизмдерді құрастыру және реттеу. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиюластыру. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып орташа күрделіктегі тораптар мен механизмдерді құрастыру. Бөлшектерді пісіруге құрастыру. Фаскаларды шешу. Саңылауларды белгі, кондуктор бойынша жай бұрғылау станогында, сондай-ақ пневматикалық және электр машинамен бұрғылау. Ойықтарды белгілегіштермен және плашкалармен кесу. Жай бөлшектерді белгілеу. Бөлшектер мен тораптарды пісіріп, желіммен, болттармен және суықтай қапсырмамен біріктіру. Гидравликалық қысымды стенділер мен сығымдағыштарда жиналған тораптар және механизмдерді сынау. Анағұрлым жоғары білікті слесармен бірлесіп бөлшектерді қиыстыра отырып, күрделі тораптар мен машинаны құрастыруға, тісті аудармаларды реттеуге жанындағы және радиалды саңылаулардың берілген сызбасын және техникалық шарттарын орнатуға қатысу.

Білуге тиіс: жиналатын тораптар мен механизмдерге техникалық шарттар; жай жұмыс құралының атауы мен қызметі; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; жиналатын тораптармен механизмдердің шектеулері мен отырғызу жүйесін; өңделетін металдың негізгі механикалық қасиеттері; термиялық өңдеу және пісіру кезіндегі ақаулықтарды жою тәсілдері; тоттанудың пайда болу себептері мен онымен күресу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының және анағұрлым кеңінен таралған арнайы және әмбебап айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі; майлайтын сұйықтықтардың қызметі және оларды пайдалану тәсілдері; жай бөлшектерді белгілеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Автомашина - рульді, капот, кронштейн және беру қорабы тораптарын құрастыру.

2. Аккумулятор және аспапты жәшіктер – құрастыру, желімдеу.

3. Гидравликалық амортизаторлар – орнату.

4. Токарлық станоктардың артқы тұғырлары – құрастыру.

5.Тербелту және жылжыту і мойынтіректеріндегі блоктар – құрастыру.

6. Фрикционды білікшелер – орнату.

7. Ауа, май және суға арналған бекіткіш вентильдер – орнына орнату.

8. Текстильді машиналардың ұршықтары – домалату.

9. Шарнирлі қоспа білікшелері – жапсырма және қапсырма бойынша кесу.

10. Барлық үлгідегі жолаушы және тауар вагондарының басты магистралінің ауа құбырлары – құрастыру.

11. Дыбыс машинкалары мен труба, альт, тенор, баритон және т.б. корпустары – қырып тегістеу.

12. Бөлшектер мен қоспалар – қысымдағы гидравликалық сынау.

13. Тегіс бөлшектер – жылжымайтын бөлшектердің тік бұрышты ашық жанасу жазықтықтарын 1 кв. см бетінде екі нүктеге дейінгі дәлдікте қырып тегістеу.

14. Түрлі бөлшектер – орны бойынша кесу және қиыстыру, дәлдікті талап етпейтін саңылауларды бұрғылау және жабу.

15. Есіктің, ішкі құлыптары – бөлшектерді қиыстыру және құрастыру.

16. Түрлі мөлшердегі (күрделі емес) ілгектер, ілмектер, тізбектер – жасау.

17. Токарлық станоктардың кареткалары – құрастыру.

18. Турбиналық каркастар – құрастыру.

19. Мойынтірек корпустары – қырнап құрастыру.

20. Аспап корпустарының қақпақтары – диаметрі 25 мм-ге дейінгі саңылауларды белгілеу, кесу, бұрғылау.

21. Қаптардың қақпақтары – станокқа қиыстыру және орнату.

22. Жүк көтергіштігі 10 т-ға дейінгі қол жетегі бар көтергіш шығырлар – құрастыру және сынау.

23. Сырғанап тұратын қосу муфталары, цилиндрлі және ирекше тісті дөңгелектер – шпонды паздарды кесу және қиыстыру.

24. Кесу агрегаттарының пышақтары – түзету.

25. Бұрмалар, құбыржолдарға арналған үштіктер – гидравликалық сынау және құрастыру.

26. Ілмектер, шарнирлер – орнына белгілеу, жасау, құрастыру және орнату..

27. Балалар музыкалық аспаптарының тұғырлары – құрастыру

28. Бірқатарлы тірек шарикті, радиалды тіректі бірқатарлы және радиалды инелік цилиндрлі және сыртқы диаметрі 500 мм-ге дейінгі бұралған роликті мойынтіректер – құрастыру.

29. Қозғалтқыш клапандарына арналған спиральді серіппелер – жүктемемен сынау.

30. Негізі бар серіппелер, щеткалар, электромашиналардың траверстеріндегі щетка ұстағыштар – құрастыру, тойтару, дәнекерлеу.

31. Резервуарлар – шекті қысымға дейін сығылған ауамен сынау.

32. Жүргізушілердің орындықтары – орнату.

33. Тұтас металл вагондардың жоғарғы және төменгі сырғымалары – қиыстырып құрастыру.

34. Кранның жылжымалы механизмінің трансмиссиясы – құрастыру.

35. Май, су және ауа сүзгілері – құрастыру.

36. Шәйнектер, кофеқайнатқыштар, сүтқұйғыштар – тұмсықтарын кесу.

37. Түрлі модульдегі құйылған тісті дөңгелектер мен рейкалар – тістерін шаблон бойынша кесу.

38. Ажырайтын шкивтер – құрастыру.

39. Мөлшерлері 24х14х300 мм-ге дейінгі призмалық, сыналы, тангенциалды шпонкалар – кесу.

40. Металл этажеркалар – құрастыру.

§ 88. МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЛЕСАРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер шегінде бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиыстыру. Орташа күрделіктегі тораптар мен механизмдерді құрастыру, реттеу және сынау және 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Орташа күрделіктегі бөлшектер мен тораптарды белгілеу, қырып тегістеу, ысқылау. Шектеулер, отырғызу және конустылығын айқындау бойынша қарапайым есептеулер. Бөлшектерді гидравликалық және бұрандалы механикалық сығымдағыштарда сығымдау. Жиналатын тораптар мен механизмдерді арнайы құрылғыларда сынау. Тораптар мен механизмдерді құрастыруда және сынауда табылған ақауларды жою. Тісті берілістерді жанындағы және радиалды саңылауларының берілген сызбалары және техникалық шарттарын орната отырып реттеу. Жалынды дискілі арнайы теңгерілетін станоктарда, призмалар мен роликтерде жай конфигурациялы түрлі бөлшектерді статистикалық және динамикалық теңгеру. Түрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен күрделі машиналарды, агрегаттар мен станоктарды құрастыру. Көтергіш көлік жабдығын еденнен басқару. Көтеруге, жылжытуға арналған жүктерді ілмектеу және байлау; орнату және қоймалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет