73. Іріктеу стакандары, конус, желдеткіш, конус жапсырмасымен датчиктер және т.б. – жасау кезінде бөлшектерді қиыстыру, түпкілікті құрастыру, реттеу және сынау.
74. Металл кесетін станиналар – қырып тегістеу.
75. Блок сүйеулері – егеулеу.
76. Леерлі және тентті тұғырлар, контрфорстар – қиыстыру, құрастыру.
77. ЗИП-ке арналған металл сандықтар – бөлшектерді жасау және құрастыру.
95. Орташа күрделіктегі шнектер мен конвейерлер – құрастыру.
96. Бір және екі панельді ашық және жабық орындалған тарату қалқандары – толықтай жасау және монтажсыз құрастыру.
97. Өнімділігі 100 т/сағ-қа дейінгі эжекторлар – айлабұйымдарда дәнекерлеуге штампыланған жартыларынан құрастыру және сынау.
§ 89. МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЛЕСАРЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі бөлшектер мен күрделі тораптарды 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу және қиыстыру. Агрегаттардың, машиналар мен станоктардың күрделі тораптары мен механизмдерін құрастыру, реттеу және сынау. Күрделі бөлшектер мен тораптардың жанасатын беттерін қырып тегістеу, ысқылау. Ішкі паздарды, шлицті– эвольвентті және жай бірікпелерді бөлу. Кермелер мен саңылауларды қиыстыру, жөнделетін бөлшектерді, тораптар мен агрегаттардың ортасын дәлдеу. Ауа және агрессиялық арнайы өнімдердің қысымымен жұмыс істейтін құбыржолдарды монтаждау. Анайы теңгеру станоктарында күрделі конфигурациялы машиналар мен бөлшектердің тораптарын статистикалық және динамикалық теңгеру. Тораптардың, агрегаттар мен машиналарды құрастыру және сынау кезінде табылған ақауларды жою. Бөлшектерді гидравликалық және бұрандалы механикалық сығымдағыштарда сығымдау. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен сынау стенділерін монтаждауға және демонтаждауға, күрделі тәжірибелік және бірегей машиналарды құрастыруға, реттеу және сынауға қатысу.
Білуге тиіс: жиналатын механизм, станок тораптарының құрылымы, кинематикалық тәсімі және жұмыс істеу принципі; жиналатын тораптарды, машиналарды орнату, реттеу және қабылдап алудың техникалық шарттары; жұмыс, бақылау-өлшеу аспаптары, құралдар мен айлабұйымдардың құрылысы, қызметі және пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; бөлшектер мен тораптардың өзара алмастырылу принциптері; күрделі бөлшектер мен тораптарды белгілеу тәсілдері; күрделі слесарлық аспапты термоөңдеу және жетілдіру тәсілі; термиялық өңдеу және пісіру кезінде металдың бұзылу және ішкі жанасуларының алдын алу және жою тәсілдері; орындалатын жұмыс шегінде металл механикасы және технологиясының негіздері.
Жұмыс үлгілері
1. Автореттегіштер - стенділік сынаудан кейін іріктеп алу.
2. Кеме арматурасы – тығыздағыш беттерін қолмен ысқылау және жетілдіру.
3. Ішкі спиральдары бар қоспалы барабандар – құрастыру.
10. Кеме мойынтіректерінің жапсырмалары – 0,02 мм-ге дейінгі дәлдікпен және бөлшектердің өзара алмасуын қамтамасыз ете отырып, корпустар мен қақпақтарын ажыратып ажыратқыштарды бетімен бірдей етіп қырып тегістеу.
11. Қаптау біліктеріне арналған резинометалл жапсырмалары бар дейдвудты төлкелер – калибрлер бойынша жапсырмаларды құрастыру.
12. Автоматты нөмірленген аппараттарда төлкелер, қысымдар, рычагтар – ауыстыру.
13. Бұрғылық мұнаралар – жекелеген конструкцияларды құрастыру.
14. Гидроиппорттар, гидроклапандар – құрастыру және түпкілікті жетілдіру.
15. Мотовал көтермесінің гидроцилиндрлері – құрастыру және сынау.
16. Барлық мөлшердегі қол жетекпен желдеткішті саңырауқұлақ тәрізді қақпақтар – құрастыру және сынау.
17. Механикалық нөмірленген аппараттардағы тарақтар, сүрелер және ішкі конустар – ауыстыру.