Бу турбиналары – күрек, корпус және ротор араларындағы саңылауларды, диафрагмалардың тығыздығын, тірек және сүйеу і мойынтіректеріндегі сальникті тығыздықтарды тексеру
40. Бу турбиналары – күрек, корпус және ротор араларындағы саңылауларды, диафрагмалардың тығыздығын, тірек және сүйеу і мойынтіректеріндегі сальникті тығыздықтарды тексеру.
41. Редукторлы және басты тірек мойынтіректі турбиналар – стендіге және кемеге орнату кезінде ортасының дәлдігін тексеру.
§ 92. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКА ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жай, магнитоэлектрлік, электромагниттік, оптикомеханикалық және жылуөлшеу аспаптары мен механизмдерін жөндеу, реттеу, сынау және тапсыру. Бөлшектерді 12-14 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Жай аспаптардағы ақаулықтардың себептерін анықтау және жою. Жалғамалардың жай тәсімдерін монтаждау. Сымнан жасалған серіппелерді суықтай күйде бұрау, бөлшектерге қорғау қабатын жағу. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен орташа күрделіктегі аспаптарды жөндеу.
Білуге тиіс: жөнделетін аспаптарды, механизмдердің құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі, жай арнайы реттейтін құрылғылардың тәсімдері, ток өткізгіш және оқшаулаушы материалдардың негізгі қасиеттері мен тізбектің түрлі звеноларындағы қарсылықты өлшеу тәсілдері; анағұрлым кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; тотқа қарсы майлар мен майлаулардың сұрыптары мен түрлері, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері.
Жұмыс үлгілері
1. Амперметрлер, вольтметрлер, манометрлер, гальванометрлер - орташа жөндеу және реттеу.
2. Вагон таразылары – түрлі бөлшектерін өңдеу.
3. Жылжымалы және стационарлық (кіріп тұратын) тауар таразылары – платформалар мен гирұстағыштарды ауыстыру және жөндеу.
4. Сауда және шартты гирлер – жөндеу және таңбалауға тапсыру.
5. Аспаптардың жай бөлшектері – тесік саңылаулардан ойық тесе отырып, слесарлық өңдеу.
6. Трансформаторларға арналған каркастар - жасау.
7. Кино және фотоаппараты - окулярларын, құлып, қақпақтарын аустыру, кадрлар есептегішін жөндеу.
10. Магнитті контакторлар мен жібергіштер – орташа жөндеу.
11. Техникалық манометрлер - құрастыру.
12. Милливольтметрлер - орташа жөндеу, сынағаннан кейін тексеру және тапсыру.
13. Реленің тұғыры - шаблон бойынша құрастыру.
14. Пьезоакустикалық өзгерткіштер, электромагниттік датчиктер - орташа жөндеу.
15. Аспаптар – механикалық рульге орнату.
16. Прицелдер, биноклдер, көретін трубалар - жөндеу және түзету.
17. Кедергілерге арналған мыс өткізгіштер – дайындау.
18. Реттегіштер, таратқыштар және ірі реле – жөндеу.
19. Контактілі термобулар – құрастыру және реттеу.
20. Мыс және платина кедергі термометрлері – құрастыру және ыдысқа салу.
21. Күрделі конфигурациялы тыстар – жасау.
22. Тісті дөңгелектер, төлкелер, орнату сақиналары және басқа да бөлшектер – біліктерде штифттеу, саңылауларды штифтіге бұрғылау және өрістету.
§ 93. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКА ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жылу өлшеу, электромагниттік, электродинамикалық, есептеу, оптикомеханикалық, пиромеханикалық, автоматты, өзі жазатын және басқа да орташа күрделіктегі аспаптарды тәсімдерін түсіре отырып, жөндеу, құрастыру, тексеру, реттеу, сынау, түзету, монтаждау және тапсыру. Бөлшектерді қиыстырып және жетілдіріп 11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Түрлі дәнекерлермен (мыс, күміс және т.б.) дәнекерлеу. Бөлшектерді кейіннен оларды жетілдіріп термоөңдеу. Металдың қаттылығын оралған егеулермен айқындау. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен ерекше күрделі аспаптарды жөндеу, реттеу және түзету.
Білуге тиіс: жөнделетін және түзетілетін аспаптар мен аппараттардың құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі, жекелеген аспаптарды, механизмдер мен аппараттарды сынау және тапсыруға мемлекеттік стандарттар; жөндеуде қолданылатын металдардың, қорытпалар мен басқа да материалдардың негізгі қасиеттері, ток өткізетін және оқшаулайтын материалдардың электрлік қасиеттері, бөлшектерді кейіннен жетілдіре отырып термоөңдеу тәсілдері, температураның өлшеу дәлдігіне әсері; жылу тәсімдеріндегі қорғағыш реттеу, бекіту арматурасының шартты белгілері; тарылтатын құрылғыларды орнату ережесі; импульсты құбыржолдардың төсем түрлері; теңдестіру және бөлу ыдыстарын орнату; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.
Жұмыс үлгілері
1. Амперметрлер, вольтметрлер, гальванометрлер, милливольтметрлер, манометрлер, электр есептегіштер, редукторлар - күрделі жөндеу және реттеу.
2. Барометрлер - анероидтар - жөндеу және реттеу.
3. 2 класты салмақ өлшейтін аспап –тексеру.
4. Техникалық таразылар – жөндеу.
5. Таразылы көрсеткіш аспабы бар тауар және автомобиль таразылары - ағымдағы және орташа жөндеу, таразылардың шыңдалған болат бөлшектерін тексеру, призмаларды, жастықшалар мен сырғаларды ию, тегістеу.
6. Жұмыс гирлері – бақылау таразыларында тексеру.
7. Гидравликалық датчиктер – сығымдау, жөндеу.
8. Пьезоакустикалық датчиктер – күрделі жөндеу, реттеу.
9. Аспаптарға арналған қарапайым бөлшектер – бос саңылауларға ойық кесу.
10. Кино және фотоаппараттар – бекіткіштерді толықтай бөлшектеу, автоспускілерді жөндеу, объективтерді фокусқа орнату, диафрагмаларды түзету, қабылдағыш катушкаларды қиыстыру.
11. Сақиналар, шарик ұстағыштар – жасау.
12. Контактілі серіппе – оны жұмыс процесінде жөндеу және технологиялық нұсқаулыққа сәйкес электролит құраумен электрохимиялық қондырғыда ұштарын қайрау.
13. Логометрлер және парометриялық милливольтметрлер – тексеру.